23.08.2019, 10:18
Қараулар: 341
«KARGALY FEST – 2019»

«KARGALY FEST – 2019»

Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 24 тамызда Ақтөбе қаласында «Green land» демалыс базасының аймағында «KARGALY FEST-2019» жыл сайынғы халықаралық туристік фестивалі өтеді.

Ішкі туризмді дамыту, өңірдің туристік әлеуетін насихаттау, көршілес өңірлер арасындағы байланыстарды кеңейтуді мақсат еткен фестивальда қызықты іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Фестиваль бағдарламасында жүлделі байқаулар мен ойындар, қазақстандық әртістердің концерті, ұлттық ойындарды насихаттау, қолөнершілердің көрмесі және түрлі тақырыптағы шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар фестиваль қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2019 жылғы 24 тамызда Орал қаласынан  (П. Атоян ат. стадион) фестиваль өтетін жерге апарып, алып келетін тегін аутобус ұйымдастырылады.

«KARGALY FEST-2019» фестиваліне баруға тілек білдірушілер 8 (7132) 74-21-80, 8777 158 08 80, 8 701 453 38 80 телефон нөмірлеріне  хабарласуларына болады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар