23.08.2019, 10:12
Қараулар: 409
Білім басқармасында жаңа басшы

Білім басқармасында жаңа басшы

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс  Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Айымгүл Тржанова тағайындалды.

Айымгүл Мақсотқызы Тржанова – 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін тарих пәнінің мұғалімі және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

— Бөрлі ауданы Ақсай қалалық №4 орта мектебінің мұғалімі;

— Бөрлі ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің

бас маманы;

— Бөрлі ауданы туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі;

— Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

меңгерушісі;

— Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің басшысы болып 11 жыл жұмыс жасады.

2018 жылдың қазан айынан бастап Бөрлі ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

  БҚО  әкімінің  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар