15.08.2019, 19:06
Қараулар: 299
Алтыншы қабаттан құлаудан құтқарды

Алтыншы қабаттан құлаудан құтқарды

Тамыздың 12-сі күні  сағат 18:45те кезекші пультіне жол-патрульдік полиция қызметкерінен Қонаев көшесі, 18-үй мекенжайы бойынша 3 жасар бала ата-анасының қарауынсыз алтыншы қабаттың балконында қалып қойды деген шақырту түсті.

ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің төрт  құтқарушысы мен бір  аутокөлігі аталған мекенжайға жедел барды. Оқиға  орнында  жергілікті  полиция  қызметкерлері болды. Жағдайды анықтаған  құтқарушылар сегізінші қабаттан алтыншы қабатқа альпинистік құрылғылармен түсіп, баланы құтқарып алды. Олар сәбиді полиция қызметкерлеріне табыстап, ата-аналарға   түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Кейін  бала  әжесінің қасында қалғаны, ал анасының жұмыста болғаны анықталды.

Жыл сайын 2-6 жас аралығындағы балалар көп қабатты үйлердің балконынан  немесе  терезесінен құлап кетіп жатады. Осыған орай ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.) ММ  құтқарушылары  жасөспірім  балалары бар ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауға кеңес береді.

БҚО  ТЖД  өрт  сөндіру  және  авариялық-құтқару  жұмыстары  қызметінің мемлекеттік  тіл  және  ақпарат  тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар