13.08.2019, 15:05
Қараулар: 437
Өрттің өршуіне жол берілген жоқ

Өрттің өршуіне жол берілген жоқ

????????????????????????????????????

 

Өрт профилактикасы — өрт қауіпті кезеңнің алдын алуда маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Өрттің болуы ауқымды материалдық шығындарға сонымен қатар, кейбір жағдайларда адам қазасына да әкеледі. Өрт салдарын жоюдангөрі оның алдын-алған жөн, осылай  2019 жылғы 29 шілдеде сағат 00:30м «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ(Орал қ.)ММ»  КҚЖБО Орал қ., Зашаған кенті№ 33/1 уч. мекенжайында орналасқан өрт туралы қоңырау келіп түсті.14 минуттан кейін № 3 МӨСБ өрт сөндірушілері  шақырту орнына келіп, барлау жұмыстары кезінде: тұрғын үйдің шатырыжәне қабырғалары өртенгенін анықтады. Өрттің жалпы шарпып өткен ауданы 200 ш.м. құрағандықтан көмекке№ 8 ӨСБ қосымша техникасы шақыртылды, 01:45 минутта өрт ошағы оқшауланып, сағат 02:35м толығымен жойылды. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 16 адамы және6 техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.Өрт сөндірушілер оқиғаның қиын дамуына жол бермей, өртті дер кезінде жойды.

А. Муканова

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар