12.08.2019, 21:39
Қараулар: 322
Абырой биігінен көрініңдер, азаматтар!

Абырой биігінен көрініңдер, азаматтар!

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарында  көрсетілген  меритократия  қағидасына  сәйкес, Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігі  мен  Шыңғырлау  ауданы мәслихатының  келісімі  бойынша  Шыңғырлау  ауданының  әкімі  болып  Ержан  Рысжанұлы Тұрмағамбетов  тағайындалды.

Ержан Рысжанұлы ТҰРМАҒАМБЕТОВ 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы НовоПетровка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары,  Ақтөбе қаласының Қазақ-орыс халықаралық университетін заңгер, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін стандарттау, метрология және сертификаттау  мамандықтары  бойынша  бітірген.

Әр  жылдары:

– Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, жалпы бөлімнің меңгерушісі, кадрлармен және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру  және  кадрлармен жұмыс  бөлімінің  меңгерушісі;

– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық  жұмыстар  бөлімінің  бас  маманы;

– Шыңғырлау  ауданы  әкімі  аппаратының  басшысы  болып  жұмыс  жасады.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінге дейін Шыңғырлау  ауданы  әкімінің  орынбасары  болды.

* * *

ҚР  Президенті  Әкімшілігі  және Қазталов  аудандық  мәслихатының келісімімен  ротация  бойынша Қазталов  ауданының  әкімі  болып Альберт  Темірболатұлы  Есалиев тағайындалды.

Альберт Темірболатұлы ЕСАЛИЕВ 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Қазталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі, «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын экономика мамандықтары  бойынша  бітірген.

Еңбек жолын Зеленов ауданындағы Переметный орта мектебінде  мұғалім  болып  бастаған.

Әр  жылдары:

– Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі,

ұйымдастыру, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі;

– Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады. 2016 жылдың мамыр айынан бастап бүгінге дейін Шыңғырлау  ауданының  әкімі  болды.

* * *

«100  нақты  қадам»  Ұлт   жоспарында  көрсетілген  меритократия  қағидасына  сәйкес, конкурстық  комиссияның  шешімімен  Батыс  Қазақстан  облысы  экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  басқармасының  басшысы  лауазымына  Тілепберген  Ерсайынұлы  Каюпов тағайындалды.

Тілепберген Ерсайынұлы КАЮПОВ 1976 жылы туған. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бухгалтер-финансист  мамандығы  бойынша  тәмамдаған.

Әр  жылдары:

– Қазталов ауданы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық  инспекторы,  бас  салық  инспекторы;

– Қазталов аудандық қаржы бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің  меңгерушісі;

– Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы, басқарма  басшысының  орынбасары;

– Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;

– 2018 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

www.zhaikpress.kz

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар