9.08.2019, 15:24
Қараулар: 529
Батыс Қазақстан облысы аумағын аэровизуалды зерттеу

Батыс Қазақстан облысы аумағын аэровизуалды зерттеу

2019 жылдың 7 тамызында облыстық өртке қарсы штаб басшылығы Тасқала, Теректі, Бәйтерек аудандарын және облыс орталығын аэровизуалды тексеруді жүзеге асырды. Аэровизуалды зерттеу кезінде егістік және жайылымдық жерлерге көп көңіл бөлінді. Аудан әкімдіктерінің мәліметтері бойынша дәнді дақылдарды жинау 2019 жылғы 22 шілдеде басталды, оның көлемі 524,9 мың га құрады.

Сондай-ақ гидротехникалық құрылысты, Бәйтерек ауданындағы су қоймасы мен тоған суын толтыруды көзбен шолып тексеру жүзеге асырылды.

Құрметті азаматтар! Өрттерді болдырмау мақсатында БҚО ТЖ Департаменті егіс жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын естеріңізге салады:

  1. Барлық дала жұмыстарына қатысатын тұлғалар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы тиіс.
  2. Өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес болуын және қолдануға дайын болуын, дереу пайдалану үшін мүмкіндік жасалуы тиіс.
  3. Уақытша электр жарықтандырғыштар, ток және жоғарғы кернеулі электр желілері егін және орман алқаптарынан 100 м арақашықтықта орналасуы керек, дала қостары және егін алқаптары ені кемі 4 м жолақпен жыртылады және темекі шегуге арналған орын деген жазулары бөлінеді.
  4. Жұмыс жүргізу кезінде, егін алқаптары маңайында сондай-ақ жанында сабанды және шөпті өртеуге тыйым салынады.
  5. Жанар-жағармаймен толтыру және газ-электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу арнайы құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс және ені кемі 4 метр болатын жолақпен жыртылған, құрылыстардан 50 м және шөп, сабан, ток желілерінен 100 м арақашықтықта жүргізілуі тиіс. Жанармай құю жұмыстары кезінде қозғалтқыш өшірілуі тиіс. Түнгі уақытта машиналарға жанармай құюға тыйым салынады.

Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, «101» немесе «112» нөмірін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң ұстансаңыз өз өміріңіз бен дүние-мүлкіңізді сақтай аласыз.

Батыс Қазақстан облысы

төтенше жағдайлар департаменті

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы