8.08.2019, 19:31
Қараулар: 415
Жол бойы сервисінің даму келешегі бар

Жол бойы сервисінің даму келешегі бар

Облыс  әкімі   Ғали  Есқалиевтің  бастамасымен  «Қаз­Авто­Жол»  ҰК»  АҚ менеджерлерімен  кездесу  өтті. Басқосуда  жол  бойындағы  қызмет  нысандарын  дамыту  мәселесі  әңгіме  болды.

Өңір басшысы жыл сайын 500 мыңға жуық жүк аутокөлігі об­лыс арқылы өтетінін жеткізді. Облыс аудандарында тұратын адамдар үшін бұл табыс көзі болуы тиіс.  Ең аз есеп бойынша, осын­дай әрбір аутокөлік тұрақ, тамақ­тану, жанармай құю стансасы, қонақүй және т.б. жол бойында­ғы қызмет үшін кемі 5 000 — 10 000 теңге  кіріс  әкеле  алады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсыр­ма­сы бойынша өңірде жаңа рес­пуб­ликалық жолдардың (Жә­ні­бек, Сай­қын, Тасқала, Орынбор, Сама­ра бағытында) құрылысы бас­тал­ды, бұл аутокөлік ағынының ар­­туына алып келуі тиіс. Алайда бұл үшін жол бойында сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету керек.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ менеджерлері қазіргі уақытта облыс жолдары бойындағы 90 нысан­ның тек 30%-ы ғана ұлттық стан­дарттың ең төменгі талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

Облыс әкімі жолаушылар көлі­гі және аутомобиль жолдары бас­қармасының (Медет Шақаев) бұл бағыттағы жұмысын қанағаттанар­лықсыз деп атап өтті. Жол бойын­дағы қызметті дамытудың бола­ша­ғына қарамастан, мұндай бизнесті ашуға ниет білдірушілер­дің жер учаскелері, жүк ағыны, мемлекет тарапынан қолдау шаралары бойынша ақпарат алуына еш мүмкіндік жоқ.

Басқарма басшысына бір апта мерзімде кәсіпкерлерге түсінікті және сенімді интерактивті карта дайындау  тапсырылды.

 Батыс  Қазақстан  облысы  әкімінің  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар