5.08.2019, 19:48
Қараулар: 927
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Нұрдәулет Ілиясұлы  Самет  тағайындалды.

Білімі жоғары. 2009 жылы Қаржы полициясы академиясын, 2012 жылы Лондон қаласындағы «Queen MaryUniversity of London» университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Н. Самет әр жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның орталық аппаратында жедел және тергеу қызметтерін атқарған.

Соңғы атқарған лауазымы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Тағайындалған қызметінде  Н. Самет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік ететін  болады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар