1.08.2019, 19:41
Қараулар: 413
Судың да сұрауы бар…

Судың да сұрауы бар…

Сәрсенбі  күні  облыс  әкімі  Ғали  Есқалиевтің  төрағалығымен  өңірдегі  «Батыс  су  арнасы»  акционерлік  қоғамының  жұмысын  талқылаған  жиын  өтті.

Айта кетейік, «Батыс су арнасы» АҚ 2016 жылы Нәби Айтжанов басшылық ететін «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» жеке меншік компаниясының басқаруына берілген болатын.

Жиынға Орал қаласы бойынша облыс әкімінің қоғамдық өкілі Вениамин Мұқатаев, коммуналдық шаруашылық саласында көп жыл еңбек еткен ардагер Виктор Дорошенко шақырылып, олар «Батыс су арнасындағы» қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру мен перспективалық даму жобалары бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Басқосуда басқарушы компанияның биылғы 9 шілдедегі хаттамалық тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпараты тыңдалды. Атап айтқанда, Орал қаласы үшін қосымша су көздерін дайындау мақсатында жер асты су кен орындарында алты ұңғыманың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары басталған.  Қарағандыдан әкелінетін кәріз құбырларындағы тұнбаларды алатын арнайы машина апатты жағдайлар кезінде жұмысты едәуір жеңілдетпек. Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен кәріз құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Қаладағы өзекті мәселелердің бірі – суды есептеу құралдары орнатылмаған тұтынушылардың монша, бау-бақшаларды суару секілді шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланып жатқан  таза ауыз су шығынының үлкен көлемі болып табылады. Сондай-ақ кәріз құбырларының жағдайына көлік жуу орындары мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан қалатын қалдықтық тұнбалар кері әсер етуде.  Бұл жағдай қаланы сумен қамтамасыз ету және кәріз ағындарын тазалау үшін «Батыс су арнасы» АҚ-ның бюджетіне айтарлықтай  шығын  келтіреді.

Осы орайда облыс әкімі монополия субъектісінің қаражаты есебінен барлық жеке тұрғын үйлерде деректерді қашықтықтан көрсету мүмкіндігіне ие суды есептеу құралдарын орнатуды бастауды тапсырды. Оған қоса өңір басшысы көлік жуатын орындарда суды тазарту құрылғыларын, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында май ұстағыштарды орнату бойынша шаралар қабылдау керектігін айтты. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша суды артық тұтынғаны үшін су үнемдеу тарифін енгізу мәселесі қаралатын болады. Қабылданып жатқан шаралар кәріз құбырларының бұзылу тәуекелін  төмендетпек.

БҚО  жұртшылықпен байланыс  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар