1.08.2019, 19:38
Қараулар: 165
«Қоршаусыз қала»

«Қоршаусыз қала»

Орал қаласы еліміздің өзге шаһарларынан әсем де көне ғимараттарымен ерекшеленеді. Өңірімізге келген қонақтардың да тамсанып тамашалайтын жерлері баршылық. Десек те, қала көшелеріндегі бұған дейін орнатылған қоршаулардың тұрғындарға кедергі келтіретіндігі де жасырын емес. Бүгінгі күннің талабына сәйкес көшелерде орнатылған қоршауларды алатын кез жеткен сияқты.

– Қазіргі таңда облыс басшылығының тапсырмасы бойынша «Қоршаусыз қала» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама аясында шаһарымыздағы сегіз көше бойынша жалпы ұзындығы 17 шақырымдай болатын қоршаулар алынып жатыр. Күні бүгін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Еуразия даңғылы, Жуков, Гагарин, Құрманғазы және Сырым Датұлы көшелеріндегі қоршауларды алып жатырмыз. Алынып тасталған қоршауларды аудандарға жөнелтеміз. Сұраныс түсірген аудандарға белгілі бір мөлшерде таратып беретін боламыз. Бұл, негізінен, қаланың эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындарға кедергі келтірмеу үшін жасалып жатқан жұмыстар болып табылады, – дейді Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Роман Жұмиев.

– Орал қаласының көшелеріндегі алынып тасталған қоршауларды Қазталов ауданына алып барамыз. Екі метрлік қоршаулардың 750 данасын қажетті жерлерге орнататын боламыз. Қоныс, Бозоба, Сейсенбаев сықылды елді мекендерге осындай қоршаулар қажет болады, – дейді Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймағанбет Сағадденов.

Темірболат  ТОҚМАМБЕТОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар