30.07.2019, 0:06
Қараулар: 390
Майтабандық жеңіл-желпі кесел емес!

Майтабандық жеңіл-желпі кесел емес!

Кәмелетке енді толған бозбалалар арасында майтабан дертінің жиі ұшырасатыны жасырын емес. Тепсе, темір үзетін жігіттердің майтабандыққа душар болуы-
на қандай себептер әсер етуде? Жалпақтабандылықтың қалай алдын алуға болады? Осы және өзге де сауалдардың жауабын сала мамандарынан білген едік.

– Әскерге  жарамсыздық па-рағын алатындар бойынша бірінші орында көз аурулары тұрса, екінші орында майтабандар. Қазір әр екінші бала миопиямен (көз ауруы) ауырады. Ал май-табандыққа келсек, дерт төрт топ бойынша қарастырылады. I және артрозсыз II топтағы майтабандар әскерге жарамды. Екінші топтың екінші деңгейінен бастап, яғни жалпақтабанды адам сүйек, буын ауруларымен  науқастанса, әскерге қабылдан-байды. Өйткені сарбаздар сапта ұзақ уақыт тұрған кезде табанындағы қан тамырлары жабылып, қан айналымы баяулайды да, есінен танып қалуы мүмкін. Жалпақтабандылықтың бірінші
кезеңінде адамның табаны ауырады. Кешкісін табаны шаршап, ісінеді. Екінші кезеңнің екінші деңгейінде тобық, тізе, сан буындарына дейін сырқырайды. Бұл тірек жүйесінің бұзылуы нәти-жесінде артроз бен сколиозға әкелуі мүмкін. Егер сүйектер бо-саңсып кетсе, мешел ауруына шалдығады. Ал үшінші, төртінші кезеңдерінде бел ауырып, аяқ киіммен жүру қиындайды. Аяғы өсіп кеткен секілді көрініп, бір өлшем артық аяқ киім алуға мәжбүр болады. Майтабандықтың үшінші, төртінші тобындағы-ларды рентген құрылғысынсыз анықтауға болады. Оларға әскерге жарамсыздық парағы бір-ақ рет беріледі, кейін медици-налық тексерістен өтуге шақырылмайды. Ер-азаматтарда бұл
дерттің асқынуына ұзақ уақыт жаяу жүру, артық салмақ, ауыр затты жиі көтеру (мысалы, бала кезінде өзінен кейінгі іні-қарындастарын көтеру) және сапасыз аяқ киімдер себеп болуда. Кеңестік кезеңде кез келген аяқ киімде міндетті түрде «ступенатор» болатын. Табанда, яғни ұлтарақтың астына қойылатын жіңішке кішкене темір. Сонымен бірге аяқ киімнің сәл де болса өкшесі көтеріңкі тұратын. Өкініштісі, өткен ғасырдың тоқ-
саныншы жылдарынан бері елімізде қытайлықтар шығарған жайтабан аяқ киімдер қаптап
кетті. Аспан асты елінен келетін арзан аяқ киімдердің көбінде «ступенатор», ортопедия-
лық төсеніш (стелька) болмайды. Жастар арасында жүре пайда болатын майтабандықтың
белең алуына негізгі себеп те осы, – дейді Орал қалалық қор-ғаныс істері жөніндегі басқар-масының  дәрігер-хирургі Есбол Сарбасов.

 

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал   өңірі»