29.07.2019, 23:58
Қараулар: 360
22 мүрде табылды

22 мүрде табылды

М. Мәметова  атындағы  іздестіру  отряды  Бөкей  ордасы ауданының  орта­лығына  келіп,  Шонай,  65, 72  разъез­дерінде  іздестіру  жұмыстарын  бастады.  Отряд  командирі Сергей  Лапшин  – Тасқала  ауданы­ның  Мерей  ауылындағы орта  мектепте  дене  шы­нықтыру  пәнінің  ұстазы.

– Іздестіру жұмыстарын бас­та­ған екі күн ішінде екі мүрде тап­тық. Олардың кімдерге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес. Ша­мамен 18-20 жас аралығындағы сарбаздар екенін үстеріне киген киім қалдықтарына қарап айтуға болады. Китель түймелерінде зә­кір белгіленген. Бұл сарбаздар­дың теңіз әскері сапында боры­шын өтегендіктерінің дәлелі бо­-
латындай. Әзірге тек қазу жұмыс­та­рын жүргіземіз, кейін білікті ма­мандар сараптама жасап, мүр­денің кімге тиесілі екендігін анық­тауға тырысады. Екінші мүр­дені табуға теміржол қызметшісі Се­рік Құбаев сеп болды, – дейді іздесті­ру отрядының командирі.

Жүргізіліп жатырған жұмыс­тарды толықтай қадағалап, іздес­тіру отрядына қолұшын созып жүрген аудандық білім беру бөлі­мінің басшысы Жұбан Ғұмаров­тың айтуынша, бұл сарбаздар 1942 жы­лы Сталинград майданы­на кө­мек­ке жіберілген 74-те­­ңіз атқыш­тар бригадасының әскерлері болса керек.

– 1942 жылдың күзінде Сталин­град түбінде қарсы шабуылды әзір­­леу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 шақырым ішкері орналасты. Сайқын, Жәнібек және Шо­-
най стансаларында авиация бө­­лімдерінен басқа бір танк армия­сы мен 57 армия қоймасы орналасты. Соны білетін фашистер теміржол бойындағы стансалар­ды үздіксіз бомбалады. Бұл сар­баздарды ешқандай жерлеу рә­сімінсіз, бомба түскен орынға кө­-
­ме салған. Бар­лық құжатты тірі қалғандары жинап алғандықтан, табылған сү­­йек­тің кім, қай жас­та екенін анықтау мүмкін емес. М. Мәметова атын­дағы іздесті­ру отрядының командирі Сергей Лап­шинмен байла­ныс орнатып, арнайы шақырттым. Негізінен,
мек­тепте мұғалім бол­ғандықтан, кезекті еңбек де­малы­сында то­лықтай өз қаржысына келіп отыр. Тасқала ауданы әкім­дігі көлік, жа­нармай жағынан кө­мек берген. Қазу жұмыстарына аудандық ту­ризм орталығының қыз­меткер­лері мен орта мектеп­тердегі та­-
рих пәнінің мұғалімде­рі ауысым­мен келіп көмек ету­де, – дейді Жұбан Ғұмаров.

Бұл іздестіру жұмысының ал­ғашқы күндердегі көрсеткіші болса, бес-алты күннің ішінде табыл­ған мүрде саны 22-ге жетті. Іздес­тіру  жұмыстары әлі де жал­ғасуда.

 

Әділет  ӘБДІРОВ,

Бөкей  ордасы  ауданы

 

Майтабандық жеңіл-желпі  кесел  емес!

 

Кәмелетке енді толған бозбалалар арасында майтабан дертінің жиі ұшырасатыны жасырын емес. Тепсе, темір үзетін жігіттердің майтабандыққа душар болуы-
на қандай себептер әсер етуде? Жалпақтабандылықтың қалай алдын алуға болады? Осы және өзге де сауалдардың жауабын сала мамандарынан білген едік.

– Әскерге  жарамсыздық па-рағын алатындар бойынша бірінші орында көз аурулары тұрса, екінші орында майтабандар. Қазір әр екінші бала миопиямен (көз ауруы) ауырады. Ал май-табандыққа келсек, дерт төрт топ бойынша қарастырылады. I және артрозсыз II топтағы майтабандар әскерге жарамды. Екінші топтың екінші деңгейінен бастап, яғни жалпақтабанды адам сүйек, буын ауруларымен  науқастанса, әскерге қабылдан-байды. Өйткені сарбаздар сапта ұзақ уақыт тұрған кезде табанындағы қан тамырлары жабылып, қан айналымы баяулайды да, есінен танып қалуы мүмкін. Жалпақтабандылықтың бірінші
кезеңінде адамның табаны ауырады. Кешкісін табаны шаршап, ісінеді. Екінші кезеңнің екінші деңгейінде тобық, тізе, сан буындарына дейін сырқырайды. Бұл тірек жүйесінің бұзылуы нәти-жесінде артроз бен сколиозға әкелуі мүмкін. Егер сүйектер бо-саңсып кетсе, мешел ауруына шалдығады. Ал үшінші, төртінші кезеңдерінде бел ауырып, аяқ киіммен жүру қиындайды. Аяғы өсіп кеткен секілді көрініп, бір өлшем артық аяқ киім алуға мәжбүр болады. Майтабандықтың үшінші, төртінші тобындағы-ларды рентген құрылғысынсыз анықтауға болады. Оларға әскерге жарамсыздық парағы бір-ақ рет беріледі, кейін медици-налық тексерістен өтуге шақырылмайды. Ер-азаматтарда бұл
дерттің асқынуына ұзақ уақыт жаяу жүру, артық салмақ, ауыр затты жиі көтеру (мысалы, бала кезінде өзінен кейінгі іні-қарындастарын көтеру) және сапасыз аяқ киімдер себеп болуда. Кеңестік кезеңде кез келген аяқ киімде міндетті түрде «ступенатор» болатын. Табанда, яғни ұлтарақтың астына қойылатын жіңішке кішкене темір. Сонымен бірге аяқ киімнің сәл де болса өкшесі көтеріңкі тұратын. Өкініштісі, өткен ғасырдың тоқ-
саныншы жылдарынан бері елімізде қытайлықтар шығарған жайтабан аяқ киімдер қаптап
кетті. Аспан асты елінен келетін арзан аяқ киімдердің көбінде «ступенатор», ортопедия-
лық төсеніш (стелька) болмайды. Жастар арасында жүре пайда болатын майтабандықтың
белең алуына негізгі себеп те осы, – дейді Орал қалалық қор-ғаныс істері жөніндегі басқар-масының  дәрігер-хирургі Есбол Сарбасов.

 

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал   өңірі»