25.07.2019, 21:40
Қараулар: 408
Халықаралық экспедиция – Теректіде

Халықаралық экспедиция – Теректіде

Теректі  жеріне   Қазақстан – Ресей  тарихи-мә­дени,  экологиялық  экспедициясы  келді.  Екі елге  ортақ  Жайық  өзенінің  гидро­геологиялық,  эколо­гиялық  ахуалын  жақ­сарту  мақсатында  жолға шығып  жүрген  экспедицияның  бұл  23-ші сапары.

Шекара­лас жат­-қан Орынбор облы­сы мен Батыс Қазақ­стан облысы екі елге
ортақ Жайық өзе­нінің өзекті мәселе­сін көтеру үшін ұйымдас­тыр­ған эко­-
логиялық экс­педициясы бү­гінде халық­аралық дәре­жеге ие. Биыл экспедиция құ­-
рамында Орынбор облысы өкілдерімен қатар, Челябинск қаласы мен Башқұрт­станнан, іргелес Атырау облысынан да топ қосылған.

Теректі ауданына ат басын тіре­ген экспедиция ең алдымен Тақсай ханшайымы кесенесіне тоқтады. Қаза­қы дәстүрмен қарсы алған қонақтарға Долинный ауылдық кітапханасының кі­тапханашысы Илана Тналиева ханша­йымның табылуынан бастап, обадан та­былған артефакттар туралы мол мағлұ­­мат берді. Жергілікті өлкетанушылар Ген­надий Креймер мен Людмила Анаисова та­биғат ескерткіштерімен таныстырды. Өсім­­діктерді қорғау мақсатында құрылған Дубрава қорығында сирек және жойылып бара жатқан қыранот, түйеқұс шөп, қы­рықбуынның бірнеше түрі, баршынгүл, қоңырауша, биік андыз және т. б. көрген саяхатшылар емен ағашының  астынан жаң­ғақтар да тауып жатты.

Аудан табиғатының ғажайып ескерт­кішінің бірі – Сәуір шатқалында экспедиция мүшелері жер астында құмдауыт топырақтың сығымдалуынан жер бетіне шыққан тау жыныстарын өз кө­зімен көр­ді. Экспедиция құрамына биыл қосыл­ған жастар Жайықтың биік жарына таң қа­лып, суретке түсті. Байқағаны­мыз, Жа­йық­тың үлкен доға тәрізді айналмасын­да су азайып, әр жерде құмдауыт қай­раңдар көрініп жатыр. Қалың тал-терек арасын бойлай, құндыздар мекендеген қайнар бұ­лақтардың басындағы  бөгет­терді  тама­шалаған  экспедиция мүшеле­рі  жабайы  шие дәмін  татып,  саңырауқұлақ  терді.

– Жайық өзенінің экологиялық жағда­йы бәрімізді де алаңдатады. Соңғы жылдары экспедиция шеңберінде транс­ше­каралық өзенді сақтап қалу үшін күш бі­рік­ті­ру,  нақты шаралар қабылдау жа­йын талқылай­тын сараптамашылар кездесіп жүр. Осы
жұмыстардың  нәтижесінде біз екі ел ара­­сында өзеннің экожүйесін сақтап қалуға
қол жеткіземіз деп сенемін. Жа­йық – дос­тық өзені. Оны сақтап қалу – ортақ мүд­-
деміз, – деді халықаралық экспедицияның құрылуына мұрындық болған, алғашқы са­­-
пардан бері үзіліссіз же­текшісі, Парламент Мәжілісінің ІІІ-V шақырылы­мындағы де­-
пу­таты Елена Тарасенко.

Ақ Жайықтың жағасында теректілік өл­кетанушылар жастармен кездескен экс­пе­-
диция сапарын әрі қарай  қайықпен су үс­тінде  жалғастырды.

 

Камелия   ӨТЕУ,

Теректі   ауданы