25.07.2019, 21:38
Қараулар: 215
«ZhasProject» жұмысын бастады

«ZhasProject» жұмысын бастады

Жақында  «ZhasProject» жастар  корпусын  дамыту жобасының  жеңімпаздары өз  жобаларын  таныстырып,  тұсаукесер  өткізді. Халықаралық  қайта құру және  даму  банкі  мен ҚР  Білім  және  ғылым ми­нистрлігінің  бірлескен жобаның  негізгі  мақсаты – жас­тарды  қоғамдық  пайдалы  қызмет  жағдай­ларына  оқыту арқылы  өмірлік  маңызы бар  дағдыларды  дамыту.

 

Ментор Аида Мек­теп­қалиева­ның айтуынша, аталмыш байқауға біздің облыстан
700-ден астам жоба ұсы­­ныл­ған.  Соның ішінде  221 жоба мақұл­данып, әрқайсысы 1 миллион теңге көле­мінде грант ұтып алып, қазіргі күнде өз істерін жүзеге асыруда.

– Осы жобаны ұтып алған ал­ты командамен жұмыс жасаймын. Олардың екеуі аудандарда, төртеуі қаладан. Бұл шараға «Абсолют» клинингтік компаниясы, ба­ла­лар массаж орталығы, кон­дитер өнім­де­рін жасауды үйрете­тін және тегін сүт өнімдерін ұсы­натын командалар қаты­су­да. Аталмыш жоба иелері өз қызметі мен өнімдерін мүмкіндігі шектеу­лі жандарға, көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топтарға тегін ұсынатын болады. Сондай-ақ оларға жобаны іске асырғандары үшін 40-60 мың теңге арнайы стипен­дия төленеді. Ал біз алты ай көлемінде кездескен қиындықтардан өтуге, қаржыны есептеуге көмектесеміз, –  дейді Аида Мектепқалиева.

 

Жанна   МӘУЛЕТОВА,

«Бала  массажы  орталығы»  жобасының  жетекшісі:

– Негізгі мамандығым – дәрігер-педиатр. Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін бітіріп, облыстық көп­бейінді балалар ауруханасында қызмет жасағаныма екі жыл болды. Біз көп балалы, аз қамтыл­ған отбасыларға жә­не неврологиялық есепте тұрған балаларға алты ай кө­лемінде тегін қызмет көрсетеміз. Осы уақыт аралығында
40  баланы  қамту  жоспарлануда.

 

 

Мирас  ҒАЙНУЛЛИН, 

«Тегін  сүт»  жобасының  жетекшісі:

– Әзірге қолыма тиген миллион теңгенің жартысына ірі қара малын, оған қажетті жемшөп, сүт таситын арна­­йы ыдыстар сатып алдым. Сиырды Ветелкин ауылында
бағып отырмыз. Малымыз сүтті жақсы беретін асыл тұ­қымға  жатады. Тегін сүт пен қай­мақты көп балалы отба­сыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы тө­мен
отбасыларға және зейнеткерлерге беру жоспарда бар. Алты ай көлемінде 100-ге жуық от­басын қамтимыз де­ген ойдамыз. Қазірдің өзінде тегін сүт пен қаймақты
25  отбасына  тараттық.

 

Гүлжамал   ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал   өңірі»