25.07.2019, 21:26
Қараулар: 482
Өзге елге саяхаттағанша…

Өзге елге саяхаттағанша…

Жақында өңіріміздің бір топ жастары «Еліме саяхат» жобасы аясында Ақмола облысының Бурабай ауданында болып қайтты. Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетауды аралап қайтқан облысымыздың белсенді жастарының бірі Арген Ғұбашевтің айтуынша, туған еліміздің тарихымен тереңірек танысқан жастар әдемі әсермен оралыпты.

– Жалпы жобаның мақсаты – тарихымызбен танысып, Қазақ-станның сакралды орындары туралы кеңінен білу. Бізге қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шо-қылары, аңыз болған Жұмбақтас сырлары ерекше әсер қалдырды.  Бурабайға саяхат арқылы еліміз-дің тарихи жерлерге бай екендігіне көз жеткіздік. Осы сапарға шығуымызға «Жас қанат» қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті. Өзге елге саяхаттағанша, өз еліңді таныған дұрыс, – дейді Арген Ғұбашев.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Еліме саяхат» жобасы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Өз   тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар