25.07.2019, 21:06
Қараулар: 169
Азияда жүлдегер атанды

Азияда жүлдегер атанды

Батысқазақстандық Тамир Қуатов Амманда (Иордания) таэквондодан (WTF) жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Т. Қуатов олимпиадалық ойын түрі – таэквондодан (WTF) 53 келіге дейінгі салмақта жүлдеге ілікті.
Жаттықтырушысы Арслан Ордабаевтың айтуынша, Тамир кадеттер арасында финалға дейін вьетнамдық, гонконгтық және ирандық қарсыластарын ұтты. Тек соңғы бәсекеде ғана тайпейлік спортшыға жол берді.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Тамирдің туған ағасы Шыңғыс та таэквондомен айналысады. Ол – жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері.
Еске сала кетейік, бұдан екі жыл бұрын өңірде жасөспірімдер арасында Лиана Кушкеева таэквондо-дан Азия чемпионы атан-ған  болатын.

 Ғайса  БӘЙМЕН