25.07.2019, 21:01
Қараулар: 355
Балғындар командасы – ел чемпионы!

Балғындар командасы – ел чемпионы!

Нұр-Сұлтан  қаласында өткен «Бал­­дәу­рен» бастауыш  сыныптар  оқу­шы­лары арасындағы  футбол біріншілігінің  республикалық ке­зеңіне Подстепный  қазақ  орта  мек­тебінің командасы аттанған болатын.

Қажет Джалитов жаттықтырып жүрген жалпы саны 12 бала, оның екеуі қақпашыдан тұратын команда төрт мәрте алаңға шықты.

Біріншіліктің алғашқы күні Алматы қаласының командасымен ойнаған теректілік балғындар 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Екінші күні команда Нұр-Сұлтан қа­ла­сының командасын 6:1 есебімен ойсырата ұтып, жеңісін еселеді. Үшінші күні ойын 2:2 болып, Жамбыл облысынан келген командамен тең түсті. Соңғы күні жеңіс қоржынға таза түсті. 3:0 есебімен маңғыстаулықтарды жеңген команда  ұпай  санымен үздік  шықты.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов­тың қолдау көрсетуімен ел бірін­шілігі­не барып, топ жарған ко­ман­да­ға об­лыстық балалар мен жасөспірім­дер туризмі және экология орталығында құрмет көрсетіліп, сыйлықтар  табыс  етілді.

 

Камелия  ӨТЕУ,
Теректі  ауданы