25.07.2019, 20:59
Қараулар: 361
Арыстық балаларға арналды

Арыстық балаларға арналды

Жақында «Үш тұғырлы тіл» мәдени-танымдық ауысым аясында Қадыр Мырза Әли атындағы мә-дениет және өнер орталығының «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы Арыс қаласынан келген оқушыларға арнап концерт ұйымдастырды. Арыстық балалар мә-дениет және өнер орталығының ғимаратын аралап, ақын атындағы мемориалдық кабинетпен танысты. Сол күні Жәнібек ауданы көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Концерт залында өткен шарада орталық директорының орынбасары Нұржан Тасболатов сөз алып, демалыс маусымын қызықты өткізуге сәттілік тіледі. Арыстықтардың алдында республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жергілікті әншілер Айбар Қайырханов және Ерлан Қуанышев, Гүлзада Ахметова, Ақылбек Кәкімов Қадыр ақынның сөзіне жазылған Ш. Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы», «Тамды аруы», Нұрғиса Тілендиевтің «Әже туралы ән», С. Бәйтерековтың «Жауынгер мекен – Жымпиты» әндерін орындады. Танымал композитор Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Қайырханов «BATYS STAR» тобымен бірге шырқады. Сонымен қатар өмірде мүмкіндігі шектеулі болса да, өнерде мүмкіндігі шектеусіз жас өнерпаз Марат Тұрарбек жас көрермендерді бір серпілтті. Сахнада ақын Талғат Мықи ұл-қызы Мұстафа мен Ләйсанмен, «Ақберен» жас ақындар клубының мүшесі, респуб-ликалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері Саян Ерсайын қарын-дасы Нұрсаямен мәнерлеп өлең оқыды. Әдеби-сазды шарада Қадыр ақынның шығармашылығы жайында көптеген дерек айтыл-ды. Арыс қаласынан келген лагерь демалушыларының жетекшісі Гүлзат Ақтаева сахнада сөз алып, орталық басшылығына алғыс айтты.

 

Нұркен   ҒАППАР,

Орал  қаласы