25.07.2019, 20:56
Қараулар: 155
Сочиден жүлдемен

Сочиден жүлдемен

Сочи қаласында өткен «Солнечный дождь – 2019» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваліне қатысқан Шыңғырлау ауданындағы А. Тихоненко атындағы орта мектептің оқушысы Айдана Оспан «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша І орынды иеленіп  қайтты.

12 мемлекеттің өнерпаздары қатысқан бұл байқау тартысты өтіп, Айдана 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында оқ бойы озық шыққан екен. Байқаудың
қазылар алқасы Айдананың ән салу мәнеріне, өзін-өзі ұстау әдебіне айрықша мән беріп, даусыныңерекшелігіне деген таңқалыста-рын жасырмай, игі лебіздерін білдірген.

 

Самат   БАЙБОЛАТ,

Шыңғырлау   ауданы