23.07.2019, 10:33
Қараулар: 454
«Ақжайық» Түркістанға тарту болмақ

«Ақжайық» Түркістанға тарту болмақ

Облыстық  мәс­лихаттың  кезектен  тыс  27-сес­сиясында  облыс  бюджеті  174 млрд.   теңге  болып  нақтыланды. Сессия  жұмы­сына облыс әкімі  Ғали  Есқалиев  қатысты.

Сессияда алдымен облыс әкімі жақында өт­кен Үкіметтің кеңейтіл­ген отырысында Мем­­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің даму көрсет­кіштерін одан әрі артты­ру бо­йынша берген тапсырмалары­­нан туындайтын міндеттерге тоқ­талып, алдағы жұмыс жоспарла­ры жайында баяндады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық да­му көр­сеткіштеріне талдау жасаған облыс басшысы атқарылатын жұ­мыстардың ауқымды екенін ай­тып, Президенттің тапсырмала­рын жүзеге асыруда өңір тұрғын­дарымен бірлескен жұмыс жос­­­парларын құру және өңірді да­­мыту, тұрғындардың өмір сү­ру сапасын арттыруға тікелей әсер ететін тоғыз бағыт бойынша жүк­телетін тапсырмаларға тоқталды. Осы бағытта халық қалаулыла­рын бірлесе жұмыстануға ша­қыр­ды.

Депутаттар облыстық мәсли­хаттың 2018 жылғы 14 желтоқ­сандағы №21-2 «2019-2021 жыл­дарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайын қарады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы­ның орынбасары Әсемгүл Әбенова са­лықтық емес түсімдерді ұлғай­ту есебінен Түркістан облысының Түркістан қаласынан «Ақжайық» музыкалық мектебінің құры­лы­сы­-
на облыстық бюджеттен 484 млн. теңге шамасында қаражат бағыт­тауды ұсынды.  Бұл шығын Елба­сы­ның Түркістан облысының әлеу­меттік-экономикалық дамуына қа­-
тысты берген тапсырмасы шең­берінде қарастырылып отыр. Бұ­ған дейін осы нысан құрылысына 462 млн. теңге облыс қазынасы­нан бөлінген болатын. Халық қа­лаулылары бұл мәселеге қатыс­ты түрлі ой-пікір білдіргенімен, жағдайға түсіністікпен қарап, ше-
шімді бірауыздан мақұлдады. Осын­дай шешімнің нәтижесінде облыстық бюджет 173,8 млрд. теңгені құрайтын болды.

– Мәдени, рухани астанамыз Түркістанды дамытуға қолдау көр­сеткендеріңізге рақмет айтамын. Облыста қаржы қоры баршылық. Өзге өңірлерге қараған­да біздің облыстағы тұрғындар­дың ком­му­налдық төлем қарызы қомақты. Тарифтер салыстырма­лы түрде төмен болғанымен, тұ­тынушылар уақтылы төлемейді. Содан кейін желілерді дамытуға бюджеттен қаржы бөлуге мәж­бүр­міз. Бюджеттен жылуға, электр қуа­тына қаржы бөлу мысалын өз­ге ешбір облыстан көргенім жоқ. Коммуналдық кәсіпорындар бюджет есебінен тірлік етуде. Міне, резервті осы жерден және бірлесе іздеуіміз керек, – деді Ғали Есқалиев.

Сондай-ақ 27-сессияның күн тәр­тібінде азаматтық қызметші­лер болып табылатын және ауыл­дық жерде жұмыс істейтін ден­сау­лық сақтау, әлеуметтік қамсыз­дандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар са­ласындағы мамандар лауазым­да­рының тізбесімен келісу туралы, облыс әкімдігінің құрамы, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жо­балары және коммуналдық меншікке жататын объектілерге қа­тысты концессиялар жөнінде комиссия құрамы туралы шешімге өзгерістер енгізу» мәселелері қа­ралып,  оң  шешім  шығарылды.

 

Гүлбаршын    ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»