23.07.2019, 10:32
Қараулар: 380
Өңір басшысы Арысқа барды

Өңір басшысы Арысқа барды

21 шілде, жексенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев Арыс қаласында болды. Әскери бөлімдегі жарылыстардан зардап шеккен қала тұр¬ғындарына бүкіл Қазақ¬стан көмектесуде, құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары жұмылдырылған.

Өңір басшысы Батыс Қазақстан облысына бекітілген 11-ші секторда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Онда 705 тұрғын үй бар. Бүгінде 676 үй зерттеліп, тексеруден өтті, бүлінген 610 тұрғын үйге ақаулық актісі жасалды, 66 тұрғын үйге залал келмеді. Қазіргі таңда құрылыс компаниялары 215 баспананы толықтай қалпына келтірді.
Сапар барысында облыс әкімі құры¬лыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жат¬қан құрылысшыларға алғысын білдірді. Мұнда құрылыс материалдарын жеткізу жолға қойылған, құрылыс материалда¬рын қабылдау бойынша қоймалар жасақ¬талып, пластикалық терезелер өндіріс бойынша цехтар жұмыс істеуде.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев сондай-ақ залал келген жеке үйлердің тұрғында¬рымен кездесті. Бүгінгі таңда әр үйді қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Үйлер¬дің бірі снарядтың түсуінен толық бұ¬зылған. Бұл үйдің иесі облыс әкіміне қи¬раған үйдің орнына жаңа үй салуға кө¬мек пен қолдау көрсеткені үшін риза¬-
шы¬лы¬ғын білдірді.
Айта кету керек, 11 сектор тұрғында¬ры үшін Батыс Қазақстан облысының
штабы белсенді жұмыс істеуде.

www. zhaikpress.kz

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар