23.07.2019, 10:30
Қараулар: 217
Дабыл қаққан диқандарға демеу бар

Дабыл қаққан диқандарға демеу бар

«Орал  ауыл  шаруашылығы  тәжірибе  станциясы»  ЖШС базасында  «Егінжай  күні – 2019»  семинары  өтті.  Семинарда облыс  бойынша  егін  ору  жұмыстарын жүргізу барысы  туралы  айтылып,  дәнді,  мал  азықтық  дақылдардың түрлері,  жаңа сұрыптары  таныстырылып, әр  түрлі  өндіруші­лер  мен   жеткізушілердің  заманауи  ауыл  шаруашылығы техникалары  көрсетіледі.  Семинарға  облыс  әкімі  Ғали  Есқалиев, ауыл  шаруашылығы  құрылымдарының  басшылары  мен  өкіл­дері,  агроөнеркәсіп  кешені  мен  аграрлық  ғылым  саласының  мамандары, шаруа  қожалықтарының  басшылары  қатысты.

– Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет зор қолдау көрсетуде. Өсімдік шаруа­шылығы өндірісінде көптеген шар­уашылық агротехникалық та­лаптарды сақтамайды. Нәти­же­сінде сапасы төмен өнім алады. «Орал ауыл шаруашылығы тә­жірибе станциясы» ЖШС база­сында дәнді және майлы дақыл­дар алқабымен таныстық. Алыс шетелден әкелінген және ТМД аумағы бойынша бағасы тиімді техникаларды көрдік. Ауыл шар­уашылығы техникаларының ин­вес­тициялық салымдарын субсидиялау үшін техника құнының 25%-ы мемлекет тарапынан тө­ле­неді. Бұл бағытта шаруашылық құ­-
­рылымдарының кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі аса маңызды, — деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Облыстық ауыл шаруашылы­­ғы басқармасының басшысы Абат Есенғалиевтің айтуынша, агро­өнер­­кәсіп кешені – облыс эко­номикасының маңызды салала­ры­ның бірі. «Қазіргі таңдағы аг­роөнеркәсіп кешенінің ең басты міндеті – еліміздің, оның ішінде өңір халқының әл-ауқаты мен  азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңыз­ды саналатын егін ору науқа­нын уақытында жүргізу. Облыс­тағы егістік алқабы – 250 мың гектар. Соның 75%-ы – күздік би­дай. Биыл майлы дақылдар ала­ңы 78 мың га, оның ішінде күнба­ғыс – 49,4 мың га, мақсары  28,6 мың га құрады. Астық жинау науқанына 3551 трактор, 705 комбайн, 358 дес­телегіш және басқа да ауыл шаруашылығы техникала­ры қатысады. Жыл басынан бе­рі «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 3 260 млн. теңгеге облыс шар­уашылықтары 600 бірлік техни­ка сатып алды. Күзгі дала жұ­мы­­сы­на бөлінген 11 мың тонна арзан­датылған дизель отынын «Батыс Арна» ЖШС ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тікелей шарттар бойынша мұнай база­сынан Орал қаласы бойынша бір литрін 179 теңгеге тасымалдап береді. Облыста астық қабылдай­тын 8 кәсіпорын лицензия алған. Жалпы астық қоймасының сыйым­дылығы 503,8 мың тоннаны құ­райды», – деді  Абат  Есенғалиев.

–  Егістік науқаны басталғанда 50 күндей жауын-шашын болма­ды. Биыл ауа температурасы жыл­дағыдан 2 градус жоғары. Бірақ маусым айындағы жаңбырдың әсерінен  майлы және дәнді да­қылдар жақсы өнім береді деп есептейміз. 10 мың гектар алқап­та күздік дәнді дақылдың орташа өнімділігі 1 гектарға 12 цент­нерден. Қазіргі уақытта 12 мың тон­на астық жиналды, –  деді об­лыстық ауыл шаруашылығы бас­қармасының бөлім басшысы Қуа­нышқали Есімов.

Былтыр «Орал ауыл шаруашы­лығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында «Батыс» озық білім бе­ру орталығы құрылған. Соған сәй­­кес шаруашылық құрылымдары­мен тығыз қарым-қатынас жа­сау, тәжірибе алмасу мақса­тын­да 6 гектар алқапта жаздық астық тұқымдас, күздік және азықтық дақылдар алаңдары жа­сақталған. Аталған серіктестіктегі селекция бөлімінің басшысы Гүл­шат Шек­тібаеваның сөзінше, ғы­лыми тә­жірибелік алаңдарда қазақ­стан­дық және ресейлік 300 сұрып өсі­рілуде. Тәжірибе кезеңі аяқтал­ғаннан кейін аймақ топы­рағын жерсінген дақылдарды өн­діріске енгізу қолға алынады. Қазіргі кез­де облыс бойынша дәнді дақыл­дардың  6  сұрыбы  өсірі­леді.

– Еліміздегі тәжірибелік станциялар мен тұқым шаруашылы­ғы ұйымдарының жылдар бойы жұмыс істеп тұрған тауар ферма­ларымен қарым-қатынасы құлды­-
ра­ды. Бірқатар қос тарап ара­­сын­дағы байланыс әлі қалыптасу үс­тін­де. Материалдық-техникалық ба­­­за ескіргендіктен, жоғары сапалы тұқым алу мүмкін емес. Тауар шаруашылығының жоғары репродукция тұқымын сатып алу қабілеті төмен болуы сұрыпты жаңартудың ғылыми негізделген талаптарының сақталмауына жә­-
не ғылыми-зерттеу мекемелері­мен байланысты үзуіне әкеліп со­ғады. Содан тұқым сапасына қа­тысты мәселелер шешімін тап­па­ған күйінде қалуда. Жоғары реп­родукция тұқымдарының егістік және сұрыптық қасиеттерінің тө­­мендеуі және сатып алу бағасы­ның жоғары болуы отандық тұ­қымға деген сұраныстың төмен­деуіне және шетелдік іріктеу тұ­қымына сұраныстың артуына әкел­ді, –  деді «Орал ауыл шар­уа­­шылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-ның директоры Серік Аман­жолов. Оның айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне аг­ро­өнеркәсіп саласында еңбек өнім­ділі­гін 2,5 есе көбейту тап­сырылған. Сондықтан министр­лік тұқым сатып алуға байланысты субсидиялау бағдарламасын жа­сақтады. Бұл бағдарлама шаруа­ларға тұқым қорын жаңартуға мүм­кіндік береді. Диқандар көк­темгі далалық жұмыстар бастал­ғанша бірінші репродукция жә­не элита тұқымдарының белгі­­лі бір мөлшерін алады. Ол үшін қыр­мандағы өнімді жи­нап жә­не оның белгі­лі бөлігін нарық­қа шыға­рып үлгерген соң, 1 желтоқ­сан­нан кешіктірмей тұ­қым баға­сының 30%-ын мамандандырыл­­ған меке­ме – «Аграрлық кре­дит кор­порациясы» ЖШС-на тө­ле­уі қажет. Бағдарлама нәтиже­­сінде та­уар өн­дірушілер сұ­рыпты жыл сайын жаңартып, екі жылдан ке­йін барлық егістік алқабын 3-ре­продукция­дан төмен емес тұқым­мен қамтамасыз ете­ді деп күті­луде. Ғылыми дерек­терге сәй­­кес өнер­кәсіптік дақыл­­дардың тө­­мен­­гі ре­п­родук­тивтік тұқым­да­рын
пайдалануы салдарынан шар­­уа егіс­тік өнімі­нің  20%-ын  жоғал­та­ды.

Биыл «Қолдау» субсидия бағ­дар­ламасы бойынша элита және 1-репродукция тұқымдарын са­тып алушылар Орал ауыл шаруа­шылығы тәжірибе станциясынан ондаған шаруашылықты иеленуде. Тұқым өсіру шаруашылығын дамытуға ықпал ету бағытында облыс бойынша 12 озық шаруа­шылық енген консорциум құ­рыл­ған. «Орал ауыл шаруашылығы тә­жірибе станциясы» ЖШС-ның ди­ректоры Серік Аманжолов кон­сорциумның алдына қойған не­гізгі мақсат-міндетін атап өтті.

Семинарда Жәңгір хан атын­дағы БҚАТУ-дың профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдары­ның докторы Василий Вьюрков «Егіс дақылдарын өсіру техноло­гияларының инновациялық әдістә­сілдері» туралы баяндап, агро­өнеркәсіп кешенін цифрландыру жайына  тоқталды. «Цифрлы Қа­зақстан» мемлекеттік бағдар­ла­масы нәтижесінде ауыл шаруа­шылығындағы еңбек өнімділігі 45,1%-ға жетуі тиіс. Ғалымның айтуынша, нақты егіншілікті дамыту үшін далалық дақылдарды өсіруді технологиялық қайта құ­рылымдаумен ұштастыру керек. Ол үрдіске  ауыл шаруашылығы машиналарының ескіруі, техно­ло­­гия талаптарын сақтау қағи­дасының әлсіреуі, тұқымды жа­ңар­туға мұқтаждық туындауы, то­пырақ құнарлылығын жоғалтуы және фитосанитария ахуалының төмендеуі кері әсер етуде. Сон­дықтан ауыл шаруашылығын өз­гермелі климаттық жағдайға бе­йімдеу және көктемгі және күз­дік егістік алаңдарын кеңейту арқылы өсімдік шаруашылығын әртараптандыру маңызды.

– Бәйтерек ауданында күздік арпа-бидай мен жемшөп дақыл­дарын өсірудеміз. Биыл қар суы егістік алқабына сіңімді болмады. Жаңбыр да кеш жауды. Содан өнім сапасы төмендеуі мүмкін. Жыл сайын мемлекет тарапынан тұрақты қолдауды анық сезіне­міз. Жаңа техникалар сатып алудамыз. Маңдай терін сыпырып ең­бек етсең, барлық қиындықты еңсеруге болады, – деді «Asan-Aul» ЖШС-ның директоры Бейбіт Асанов.

 

Нұртай  АЛТАЙҰЛЫ,

«Орал  өңірі»