23.07.2019, 10:21
Қараулар: 476
Алла үйінде алуан түрлі жеміс бар

Алла үйінде алуан түрлі жеміс бар

Ислам діні – адамзат атаулысының жаны көркем, тазалыққа үйір болуын кеңінен насихаттайды. Жаңақала ауданының бас имамы Ерік Сұлтанов орталық мешіттің ауласы мен жан-жағын уақыт талабына сай таза болуын үнемі назарда ұстайды. Мешіт ауласында сенбіліктерді өткізу дәстүрге айналған. Содан бері көгалдандыру  жұмысы  да  жандана  түсті.

Қазіргі кезде аудандық мешіттің ұжымы мен барша жамағат  сәулеті мен сәні келіскен Алланың жердегі үйінің айналасын көгал-дандыру-көркейту үшін қыруар жұмыс  атқаруда.

Бүгінгі таңда көше бойына көрік беріп тұрған мешіттің ауласын көпке үлгі етуге болады. Ауласын-да  отырғызылған жеміс ағаштары алыстан көз тартады. Ал қызыл-сары түсті гүлдер жан сарайыңды ашып, көңіл күйіңді көтереді.

Оңтүстік облыстарда болмаса, біздің өңірде көп өсе бермейтін өрік ағашынан бастап, алма, ал-мұрт, жүзім ағашына дейін жеміс беріп тұрғаны қандай ғажап!

– Дінімізде ағаш отырғызу сауабы мол істердің қатарына жатады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с. ғ. с.) хадистерінің бірінде «Ағаш отыр-ғызған адамға ағаштан жиналатын жеміс-жидектің мөлшеріндей сауап беріледі»  десе, екінші бір хадисінде «Кімде-кім бір ағаш отырғызса, бұл ағаш жеміс бергенге дейін оған қарап қорғаса, бұл ағаштан түскен әрбір жеміс Аллаһ алдында ол адам үшін бір садақа болады», «Бір ағашты адамдар, жануарлар немесе құстар пайдаланатын болса, ол ағашты отырғызған адам үшін бір садақа болады» деп үмбетіне мәні мен мазмұны терең өсиет қалдырған. Алланың ұлықтауымен аулаға өс-кен  жемісті балалар теріп жейді, қолдарын қақпаймын. Балалардан қалып жатырса, сусын жасап, жағдайы төмен отбасыларға таратып береміз, – дейді бас имам.

Алғаш мешіт ашылғаннан бастап аудан азаматтарының еккен осынау жеміс-жидек бағын, сан алуан гүлдерді мешіттің бас имамы, мешіт жамағаты күтіп  баптайды екен. Алла үйінің ауласын алуан түрлі жеміс-жидекпен толтырып, түрлі-түсті гүлдермен көм-керген мешіт жамағатының бұл игі ісі көпке үлгі. Әсіресе, ауласындағы арам шөбі белден асатын кейбір ауылдық округтегі орта мектептердің ұжымына мұндай қайырлы іс керек-ақ…

Аудандық мешітке құлшылық-ғибадатын жасауға келген әрбір жамағатқа Алла үйінің әсемдігі мен тазалығы жағымды әсер қал-дырып, кейінгі өскелең ұрпақ үлгі-өнеге алуда. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермекші.

– Пітір садақадан жиналған қаржыдан аудандық мешіттің ішіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Еденіне цемент төселіп, жаңа кілемдер алды. Бұрын дәретхана  мешіттің ішінде болып, ыңғайсыздық тудырушы еді. Енді бөлек жерге жуынатын орын, әжетхана салдырып жатырмыз. Мешітімізге жүгіртпе жол, бейнебақылау құралдарын және ішіне керек жабдықтарды алуға демеушілік жасаған ауданның мейірімді азаматтарына, аудан әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта Алланың қалауымен қаржылай мәселелер өз шешімін тауып жатырса, ораза кезінде ауызашар беруге немесе садақа
беруге арналған асхана саламыз ба деген жоспарымыз бар, – дейді Е. Сұлтанов.

Айару   ЖАНҰЗАҚҚЫЗЫ,
Жаңақала   ауданы