23.07.2019, 9:54
Қараулар: 197
Ұлттар достығы – басты байлық

Ұлттар достығы – басты байлық

Сейсенбі күні «Дарын» қосымша білім орталығының демалушылары Орал қаласындағы Достық үйінің  қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігімен танысты. Өңіріміздегі ұлт пен ұлыстардың салт-дәстүрі мен бірбіріне деген достығы кішкентай бүлдіршіндерге жақсы әсер қалдырды.

– Лагерь демалушыларын жаңа бағдарламалармен қызықтырып қана қоймай, одан әрі қаламыздың көрікті жерлерімен таныстырдық. Сонымен қатар «aqjaıyq» теле-
арнасы мен «Жайық Прес» медиахолдингінің ұжымымен кездесу шарасын ұйымдастырдық. «Ақ-жайық» футбол командасының ойыншылары шеберлік сыныбын
қызықты етіп өткізді. Қазіргі таңда төртінші ауысымға Арыс қаласынан 47 бала келіп отыр. Онда-ғы болған төтенше жағдай қазақ еліне, соның ішінде арыстықтарға оңай тимегендігі белгілі. Орал-дықтар болып кішкентай бүлдіршіндерге аз да болса да көңіл күй сыйлау мақсатында осындай шараны қолға алдық. Солармен бірге көршілес Ресейдің Самара облысында тұрып жатқан қазақ отбасыларының 13 баласы жетекшілерімен бірге келіп демалуда, – дейді «Дарын» қосымша білім  орталығының директоры Гүлсім Дүйсенғалиева.

Достық үйіндегі шарадан жақсы әсер алған самаралық қандасымыз Аида Қабделова жазғы демалысының өте керемет өтіп жатқандығын, жаңа достар тапқандығын, әсіресе, музейдегі тарихи жәдігерлерді қатты ұнатқандығын тілге тиек етті.

– Жазғы демалыс лагері жақсы өтуде. Өзім Арыс қаласынан достарыммен бірге келіп, Орал қа-ласының көрікті жерлерімен танысып жүрмін. Шаһардағы зообақ, музейлер және демалыс саябағы өте ұнады. Көптеген достар тауып, олармен болашақта хабарласып тұруға уағдаластық, – дейді Арыс қаласының кішкентай тұрғыны Мәриям Балғабай.

 

Темірболат  ТОҚМАМБЕТОВ