23.07.2019, 9:52
Қараулар: 362
Таэквандошылар олжалы оралды

Таэквандошылар олжалы оралды

Жақында Қазан қаласында таэквандодан (GTF) Еуропа чем-пионаты өтті.  Әлемнің 26  елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан додаға оралдық өрендер де қаты-сып, бақ сынап қайтты.

Солардың бірі Әлия Ақдәулетова екі бірдей алтын медальді еншіледі. Жас таэквандошы Әлия 12-14 жастағы спортшылар тобында 65 келіге дейінгі салмақта массоги бағдарламасы (спарринг) және пойл контакт түрі бойынша жеңімпаз атанды. Таэквандошыларды чемпионатқа бастап барған бапкер Нұрхан Мирхан-ұлының айтуынша, командалық жарыстарда да спортшылар тамаша нәтиже көрсетіп, төрт алтын, екі күміс, алты қола медаль алып келді. «Бұдан бұрын да халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген жас спортшы, екі алтынмен оралған Әлия Ақдәулетованың  шығар  шыңы  әлі  алда», – дейді бапкер.

Гүлжамал  КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

«Орал  өңірі»