23.07.2019, 9:51
Қараулар: 167
Рейдтік іс-шара

Рейдтік іс-шара

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж. Жұмашевтың бұйрығына сәйкес 20шілде күні облыс аумағында Департаменттің барлық жеке құрамын, БҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлерін тарта отырып, 80-ден астам адамның қатысуымен ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында қызметкерлер қала және облыс тұрғындарына профилактикалық әңгіме жүргізді, акватория жағалауларында демалушыларға үгіт-насихат материалдарын табыстады. Бұдан басқа, полиция және орман шаруашылығы қызметкерлері құқық бұзушылық фактілерін, атап айтқанда ағаштардың түбінде от жағу, спирттік ішімдіктер ішу және т. б. анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қолданды.

Жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

  • Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
  • Суға шомылған кезде камераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
  • Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
  • Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
  • Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
  • Суда тентектік жасауға жол бермеңіз!
  • Жалған дабыл бермеңіз!

Есте сақтаңыз! Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмерлеріне хабарласу қажет.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі