19.07.2019, 11:18
Қараулар: 357
Жайық өзенінде құтқарушылар «Су құрбандығына – жол жоқ!» акциясын өткізді

Жайық өзенінде құтқарушылар «Су құрбандығына – жол жоқ!» акциясын өткізді

11 шілде күні орал құтқарушылары мен еріктілер және қалалық полиция сонымен қатар телеарна және қалалық баспа басылымдары журналистерінің қатысуымен Жайық өзенінде жыл сайын өтетін кезекті «Су құрбандығына – жол жоқ!» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты — тұрғындардың судағы ережелермен ақпараттандыру деңгейін жоғарылата және қоғамның назарын судағы қайғылы оқиғалардың орын алу мәселесіне аударту.

«Біз су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелері туралы халықты ақпараттандырудың кез келген мүмкіндігін пайдаланамыз. Өзен акваториялары мен жағалау жиектері бойынша рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргіземіз, құтқару бекеттерін қоямыз және халықтың жаппай шомылатын орындарында алдын алу жұмыстары үшін  волонтерлерді жұмылдырамыз, тұрғындарды ақпараттандыру үшін рейдтер жүргіземіз, радио және телеарнаға көрсетілімге шығып тұрамыз, газеттерде мақалалар жариялаймыз, қалалық LED-экрандарында профилактикалық бейнероликтар көрсетіп билбордтар орнатамыз, балалардың қауіпсіздігі үшін сауықтыру лагерлерінде сабақтар жүргіземіз», деп атап өтті жасақтың сүңгуір-құтқару қызметінің басшысы-құтқарушысы  Алексей Еремеев.

Акция өткізу үшін Орал өзенін таңдау кездейсоқтық емес. Орал өзені күшті ағысымен, су бұрқақтары, шұңқыр мен боры бар түбінің тегіс емес рельефі суға шомылуға қауіпті болып табылады. Өзен жағалауларын шайып кетуден балықшылар мен демалушылардан қалған қоқыстар көп.

Акция барысында Коминтерн ауылынан Стела мемориалдық кешені ауданына дейінгі өзеннің су бағыты бойынша патрульдеу жүргізілді. Көпшілік шомылатын орындарда рейд жүргізу кезінде халықпен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді және судағы қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар таратылды.

Акцияны өткізу кезінде өзеннің ортасында жүзіп келе жатқан әйел адам байқалды  1950 жылы дүниеге келген  әйел құтқару катерінің бортына көтерілді. Зардап шеккен адам өзеннің оң жақ жағалауында шомылғанын және өзен ағысының ортасында қалай болғанын байқамағанын, одан қорқып, үрейлене бастағанын түсіндірді.

Құтқарушылар құтқарылған адамды жағаға жеткізіп, оны туыстарына тапсырды. Өз кезегінде құтқарылған әйел адам құтқарушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта сақ болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға уәде берді.

Учужный затон ауданында акцияға қатысушылар жүзу құралын қауіпсіз пайдалану ережелерін елемей тұрғындарды арғы жағалауға  тасымалдап   жүрген қайық иесін кездестірді.

Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу ережесіне сәйкес жүзу құралында борт нөмірі жазылуы тиіс, ал аталған қайықта ол нөмір болмаған.

Кеме жүргізушісі төрт орындық  қайыққа алты адамды сыйғызып тасымалдаған оның біреуі кәмелетке толмаған бала болып шықты.

Барлық жолаушылар қайықта құтқару кеудешесінсіз отырды.

Полиция қызметкерінің талабына сәйкес кеме жүргізушісі шағын көлемді кемені басқару құқығы бойынша куәлікті, кеме билетін, жеке басын куәландыратын құжаттарды да көрсете алмады.

Анықталған бұзушылықтар туралы құтқарушылар БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының су көлігін бақылау бөліміне тапсырды.

«Бәрінен де таңқалдыратыны, қарапайым қауіпсіздік талаптарын орындау – олардың өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды екенін түсінбеген жолаушылар  біздің  жағалаудан арғы бетте орналасқан өздердің саяжайларына жеткізетін «мейірімді адамға» ескерту жасағанымызға өздерінің  наразылықтарын  көрсетті», — деп түсіндірді жасақтың сүңгуір-құтқару қызметінің басшы-құтқарушысы  Алексей Еремеев.

 Абдрахманова Л.,
БҚО ТЖД ӨС және АҚЖ 
Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы- психологы