18.07.2019, 21:37
Қараулар: 181
Өңіраралық ынтымақтастықтың тиімділігі көп

Өңіраралық ынтымақтастықтың тиімділігі көп

Жұмыс сапарымен Алматы қаласына барған облыс әкімі Ғали Есқалиев Қарашығанақ  жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитеттің кезекті отырысына қатысып, Ислам кооперациясының өкілдерімен кездесті.

Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитет отырысында «ҚПО б.в.» компаниясының инвестициялық және өңірі-міздің дамуына бағытталған әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларының (соның ішінде облыстың барлық ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін  салу)  жүзеге  асу  барысы  қаралды.

Содан соң өңір басшысы Алматыда шығарылған бес трансформаторлық қо-салқы станцияны Қарашығанақ кенішіне жөнелту шарасына қатысты. Құны 11 млн.
АҚШ долларынан асатын жоғары технологиялық жабдықты бұл салада әлемдік көшбасшы саналатын «Schneider Electric» компаниясы құрастырды. Сөйтіп, тағы
бір ірі шетелдік инвестордың тартылуымен бұл шараның маңыздылығы арта түсті.

– Осыдан он жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізге жаңа инвестициялар мен технологияларды тарту үшін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске қосты. Сол уақыттан бастап шетелдік компаниялар республикамызда белсенді қызмет ете бастады. Осы бағдарлама аясында жүздеген жаңа кәсіпорын іске қосы-лып, онда заманауи өнімдер шығару қолға алынды. Қазақстандық мамандар жаңа басқару жүйесі мен менеджмент бойынша білімдерін жетілдірді. Біз қазір осындай зауыттардың бірінде тұрмыз. Неміс компаниясы Алматы қаласында кәсіпорын ашу туралы оңды шешім қабылдады деп ойлаймыз.  2017 жылдың күзінде БҚО делегациясы Алматыда-ғы бірқатар кәсіпорындарды аралап, «ҚПО б.в.» консорциумына тауарларды ұсыну бойынша бірнеше келісімшартқа қол қойды.  Бүгін біз осындай өңірара-
лық ынтымақтастықтың нәтижесін көріп отырмыз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Өңір басшысы атап өткендей, кеше ғана ҚР Президенті облыс әкімдеріне мемлекеттік сатып алу мен ірі компа-ниялардың сатып алуларындағы жергі-лікті мазмұнды арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды. «Екі жылдық жұмыс өз нәтижесін беруде, – деді облыс әкімі. – Аталған санатқа жататын қазақстандық өнімнің үлесі 65%-ды құрайды.
Біздің өңірімізге жөнелтіліп жатқан станциялар бұрын елімізде шығарылма-ған жоғары технологиялық жабдық бо-лып саналады».

Шара барысында «Schneider Electric» компаниясының Орал трансформатор зауытымен арадағы байланысы да талқыланды. Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық аясында алматылық бір компания оралдықтарға отқа төзімді материалдардан тігілген киімдерді жүйелі түрде тігіп беріп отырғандығы да белгілі болды.

Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам кооперациясының ТМД елдерін-
дегі бас аймақтық менеджері Самир Тагиевпен кездесу барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәсе-лелері талқыланды. Өңір басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  пен стратегиялық инвесторларды тарту бойын-ша жобаларды ұсынды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы суару жүйелерінің құрылысы, облыстың энергетикалық жүйесін дамыту, ірі және ұсақ малдардың терілерін терең өңдеу бағытындағы жобалар бар. Тараптар келесі кездесуде аталған жобаларды іске асырудың жөн-жосығын жете пысықтай-тын болып уағдаласты.

БҚО   әкімдігінің жұртшылықпен   байланыс   жөніндегі   қызметі