18.07.2019, 21:35
Қараулар: 363
«Crown Батыс» қайта жанданбақ

«Crown Батыс» қайта жанданбақ

Қарағандылық «АкОрдаCapital» компаниялар тобы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылындағы «Crown Батыс» мал бордақылау алаңына инвестиция құйып, жақын арада іске қоспақ. Аталған кешенде болған облыс әкімі Ғали Есқалиев компания өкілдерінің ұсынған жобасымен танысты.

Айта кетейік, 2010 жылы іске қосылған «Crown Батыс» мал бор-
дақылау кешенінің құрылысына 3,6 миллиард теңге жұмсалған болатын. Алайда жылына 9 мыңға жуық мал бордақылап, мыңдаған тонна ет шығаруды мақсат тұтқан ірі жоба аясында салынған алаң төрт жылдан бері жұмысын тоқтатып, қаңырап бос тұрды. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, жобаның ойдағыдай іске аспауының басты себебі – сапасыз менеджмент пен жемшөп қорының жетіспеушілігінде болған.

Өңір басшысы Ғали Есқалиев облыс әкімінің бірінші орынбасарлығына тағайын-
далған кездегі алғашқы қолға алған игі істердің бірі осы кешенге жан бітіру еді. Осы кезге дейін «ҚазАгро» компаниясы өкілдерімен бірнеше кездесулер өткізіліп, инвесторлармен келіссөздер жүргізілген еді. Сол жұмыстардың нәтижесінде аталған
ауқымды жобаға «АкОрдаCapital» қызығушылық танытқан.

Аталған компания елімізде 2009 жылы құрылған. Тамақ өнімдерін өндірумен шұ-
ғылданатын «АкОрдаCapital» компаниялар тобының құрамына еліміздегі «ATE Logistics» ЖШС мен мәскеулік «Альбион» кәсіпорны кіреді. Біздің өңірдегі бөлімше алдағы уақытта  «Тұлпар»  кәсіпорны  деп  аталмақ.

– Бұл мал бордақылау орны мен ет комбинатын жандандыру үшін 4,2 млрд.
теңге инвестиция бөлінді. Қаралған қаржыны жыл соңына дейін толықтай игеретін боламыз. Алдағы тамыз айынан бастап кешенді қалпына келтіру жұмыстары жүр-
гізіледі. Қыркүйек айында ет комбинатын іске қосып, бордақылауға қойылатын мал-
дарды сатып алу жұмыстарын бастау жоспарымызда бар. Ет комбинаты жұмыс жа-сай бастағанда, 60 адам тұрақты жұмысқа алынбақ. Кейін кешен толық қуатты жұмысқа кіріскенде 100 адамға дейін жұмыспен қамтылатын болады, – дейді «АкОрда
Capital» компаниясының бас директоры Ро-ман Гуссамов.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, алғашқы бордақылау кезеңіне 2000 бас ірі қара қойылмақ. Ал жыл соңына дейін кешендегі семіртілетін мал санын 7000 басқа жеткізу көзделуде. Бұл көрсеткішті келер жылы 9000 бас, ал 2022 жылға қа-рай 10 000 басқа дейін өсіру межеленген. Бордақыланатын мал жергілікті шаруа қожалықтар мен жеке тұрғындардан қабылданатын болады. Сонымен қатар кешенде сойылатын ірі қара етінің бір бөлігі Қарағандыдағы ет өңдеу комбинатына жөнелтілсе, қалғаны жергілікті тұрғындарға жеңілдетілген бағамен ұсынылмақ. «Тұл-пар» деген атауды иемденетін кәсіпорын өндірген ет және ет өнімдері облыс орталығы мен жақын аудандарда арнайы салынатын шағын дүкендер желілеріне саттыққа шығарылатын болады. Сүйегінен ажыратылып, мұздатылған сиыр етін, сондай-ақ Ресейге және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Қостанай қалала-рының нарығына шығару жоспарланған.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев кәсіпорын өкілдерімен мал қабылдау, жем-шөп дайындау, ет және ет өнімдерін өткізу жайын талқылап, өңірдің инвестициялық ахуалына оң әсерін тигізетін компанияның жұмысына сәттілік тіледі.

 

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»