18.07.2019, 21:33
Қараулар: 409
Парламент депутаттары құрылыста болды

Парламент депутаттары құрылыста болды

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті депутаттары Қанат Мусин, Шавхат Өтемісов Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.

Елбасының тапсырмасымен елімізде іске қосылған «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты – азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарлама бойынша Оралда үй құрылысы қарқынды жүруде.

–  Саратов күре жолы бойындағы жаңа шағынауданда жеті көп пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Жыл аяғына дейін бес көп пәтерлік (774 пәтер) үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланды. Сонымен қатар инженерлік желілер жобасы жасақталып, конкурстық процедуралар жария етілді. Бүгінде Орал және Ақсай қалаларында 17 көп пәтерлік, ауылдарда 119 тұрғын үй құрылысы жүру-
де, – деп атап көрсетті облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев. Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына таман Зашаған кентінде қалалық әкім-
діктің үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға арналған құрылыс нысаны тапсырысқа берілмек.

Депутаттар жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып,
жақсы баға берді. ҚР Парламентінің депутаты Қанат Мусин еліміздегі тұрғын үй саяса-
тының нақты іске асырылып жатқанына Оралдағы үй құрылысының жанды мысал болатынын айтты.

– Мына тұрғын үйлерде тұратын азаматтар үшін қуанып тұрмын. Жайлы әрі
жылы пәтерлердің болашақ қожайындарына баспаналарыңызда бақыт, бақуаттылық ұяласын дегім келеді, – деді Қанат Мусин.

Шавхат Өтемісов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында елімізде мыңдаған пәтер салынып жатқанын, соның нәтижесінде көптеген азаматтың тұрғын үйге қолдары
жетіп отырғанын айтты. «Бәрімізге белгілі соңғы уақытта көп балалы отбасыларды
тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарына басты назар аударылуда. Елбасының
тапсырмасы бойынша жыл сайын 50 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады. Барлық қаржы-қаражат нақты, тікелей көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмсалады, – деп еліміздегі жаңалықтармен бөлісті жерлес де-путат.

 

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»