18.07.2019, 21:32
Қараулар: 195
Жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп

Жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп

Жуырда ҚазИИТУ білім-ғылым кешенінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Жалпы, бір айға жуық уақытта еліміздегі барлық қаланы қамтитын ерекше сипаттағы дәрісті ҚР  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің қолдауымен «Transparency  Kazakhstan»  және  «Zertteu Research Institute»  ұйымдары ұйымдастырып  отыр.

Қоғамдық індетті ауыздықтауға арналған жазғы мектептің 40-қа жуық тыңдаушысының қатарында облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, журналистер, блогерлер және азаматтық ұстанымы белсенді азаматтар бар.

«Transparency Kazakhstan» қорының атқарушы директоры Ольга Шиян  мүмкіндікті қалт жібермей, ықылас танытқан тыңдау-шыларға ризашылығын білдіріп, жазғы мектепте оқыту бірыңғай талап бойынша өтетінін және төрт маңызды мәселені қамтитынын атап өтті. Оның  пайымдауын-ша, Қазақстан бірқатар әлемдік нормалар-дан артта болғанымен, электронды үкімет порталы жемқорлықтың алдын алуда тиім-
ді құрал. Өйткені тұрғындар 900-ден астам мемлекеттік қызмет түріне үйден шықпай-
ақ, электронды түрде қол жеткізеді. Сан салаға зиянын тигізетін сыбайлас жемқорлықты құрықтауға тек құзырлы құрылымдар емес, ел азаматтарының мүдделі
болуы аса маңызды.

Шараның ашылу салтанатына «Transparency Kazakhstan» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінің серіктестері де қатысты. ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы экономика-лық және экологиялық мәселелер жөніндегі қызметкері Рати Жапаридзе сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы мектептің маңы-зын атап өтіп, тыңдаушылардың өңірдегі жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша депар-
таменті басшысының міндетін атқарушы Рүстем Ақмырзаев азаматтардың мемле-
кеттік билік институттарына сенімін артты-ру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру жұмыста-рына  тоқталды.

Жемқорлықсыз болашаққа бағыттайтын бастамамен жыл соңына дейін республи-каның барлық қалалары қамтылмақ. Халықаралық дәрежедегі білікті мамандар  аудан-ауылдарды аралап, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырмақ. Батыс Қазақстан облысы – жазғы мектеп қамтыған  әзірге  бесінші  өңір.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»