18.07.2019, 21:30
Қараулар: 363
Ақпараттарды нақтылап, шаруаны ширату шарт

Ақпараттарды нақтылап, шаруаны ширату шарт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің даму көрсеткіштерін одан әрі арттыру бойынша Үкіметке, өңір басшыларына нақты тапсырмалар берді. Соған орай облыс әкімі Ғали Есқалиев облыс активінде алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырып, өңірдің даму қарқынын жақсарту мәселелерін жан-жақты талқылады.  Басқосуға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Мұхамеджан Абауов қатысты.

– Халқымыздың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететін бағыттар бойынша Президентіміздің алға қойған тапсыр-маларын бірлесіп орындауымыз қажет, – деп сөзін бастаған облыс әкімі алдымен индустрияландыру мәселесіне назар аудартты. 2015 жылдан бастап  кәсіпкерлік-ті қолдау картасы бойынша об-лыста жалпы құны 91,3 млрд. теңгенің 32 жобасы іске қосылып, 1500-ге дейін тұрақты жұмыс  орны ашылған. Бірақ сол нысанның екеуі – «Каризма» жиһаз цехы мен «Кроун Батыс» мал борда-
қылау алаңы жұмыс істемейді.  «Кроун Батыс» нысаны бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген және ол жобаны инвестор қолға алмақшы.

Жалпы биылғы бірінші жар-тыжылдықтың қорытындысында өңдеу өнеркәсібі саласы 90 млрд. теңгенің өнімін өндірген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 11,2%-ға артық. Облыс басшысы екінші жартыжылдықта осы қарқынды сақтай отырып, өндіріс көлемін былтырғы 200 млрд. теңгеден 210 млрд. теңгеге дейін өсіру жоспарланғанын қаперледі. Биыл да индустрияландыру картасы шеңберінде құны 4,5 млрд. тең-генің үш нысанын іске қосу (200 жұмыс орнын құрумен) және қо-
сымша 130 жұмыс орнының ашылуымен жалпы құны 1 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын бес нысанды «жандандыру» жоспарланған.

– Алайда жаңа нысандардың іске қосылуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына қарамастан, кәсіпорындар сыртқы және ішкі бәсекеде әлсіз. Пре-
мьер-министр тарапынан аймақтық индустрияландыру картасы бойынша жобалардың аздығына қатысты сын айтылды.  Жобалардың көпшілігі индустрияландыру бағытына емес, шағын және орта кәсіпкерлікке, бастапқы кәсіпкерлікке жатады. Сондықтан кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, «Атамекен» палатасына, «Да-му» қорына, жергілікті атқарушы құрылымдарға жаңа жобаларды дайындауды тапсырамын, – деген облыс әкімі екінші жартыжылдықта бұл тапсырманың қадағала-натынын жеткізді.

Елбасы тапсырмасымен өнімін экспорттаушыларды қолдау мақсатында 500 млрд. теңге бөлін-ген. Бұл қаржы өнімдерін сыртқа шығаратын кәсіпорындарға жеңілдетілген несие мен мемлекет тарапынан кепілдік беру, шекараға дейінгі көлік шығынын өтеу
сықылды қолдау көрсетуге бағытталған. Өңірде «Кублей», «Стекло-Сервис», «КазАрмаПром» кәсіп-орындары ондай қолдауды пайдаланған. «Әйтсе де өнімді экс-
порттаушылардың барлығы қажетті ақпаратты білмейді. Білмегендіктен мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланбайды», – деді Ғали Нәжімеденұлы. Облыс басшысы
бизнес жүргізуде өңірдің әлеуетін және Ресейдің бес губерниясымен шектесетін жағырапиялық ерекшелігін пайдалану керектігін айтты.

«Қарапайым заттар экономика-сы» жобасы бойынша отандық өнімдер өндірісін дамытуға Елба-сы тапсырмасымен үш жылға 600 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта еліміз бойынша  41 млрд. теңгенің  92 жобасы мақұлданған. Ал БҚО бойынша 221 млн. теңгенің алты жобасы ғана оң шешімін тапқан, яғни бар болғаны 0,5% ғана, республикалық шаманың бір пайызына да жетпейді. Әрине, мұндай көрсеткіш облысымызға үлкен сын.

2018 жылдың қорытындысы-мен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бойынша БҚО республика өңірлері арасында Жамбыл облысынан кейін ең соңғы орында. Соған орай ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармалары және қала, аудан әкімдері статистика департаментімен бірігіп, аталған көрсеткішті жыл қоры-тындысымен өсіруді тапсырды.

Бүгінге облыстан 1680 тонна ірі қара мал еті мен ет өнімдері (жоспар 3000 тонна орындалуы 56%), 574 тонна қой еті экспортталып отыр (жоспар 800 тонна,
орындалуы 71,7%). Сонымен қатар өткен жылдың қорытындысымен статистикалық ақпаратқа сәйкес ауыл шаруашылығына 7,5 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. Алайда облысы-мыздың тауар өндірушілері статистика департаментіне тартылған инвестициялары бойынша ақпаратты толық бермейді. Инвестиция бойынша тек заңды тұлғалар ақпар береді, шаруа қожалықтары міндеттелмеген. Өңірдегі тіркелген құрылымдардың 95%-ы – шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер. Облыс әкімі қа-
ла және аудан әкімдерін осы мәселені ескеріп, тартылған инвестиция көлемін статистика құрылымдарына тапсырылуын қадағалау қажеттігін ескертті.

Актив жиынында өңір басшысы жерді тиімсіз пайдалану мәселесіне тоқталып, аудан әкімдері-не, басқарма басшыларына ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ ауылдық жерлерде мемлекеттен субсидия-ланатын ауыз суды тиімді пайдаланудың маңыздылығына көңіл аудартты.

– Президент отандық бизнесті қолдау мәселесіне назар аударып, кәсіпкерліктің өсіп-өркен-деуіне, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін, себепсіз тексерістер жүргізетін, бопсалаған, рейдерлік жасаған лауазымды тұлғаларды қатаң жауапқа тартуды тапсырды. Ондай адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту қарасты-рылады. Кәсіпкерлердің құқықта-рын қорғау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі.  Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі ретінде өз тарапымнан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға кепілдік беремін. Негізсіз тексерістер болып жатса, маған тіке-лей шығып, хабарласуларыңызға болады,  – деді Ғали Есқалиев.

Облыс басшысының баянда-уынша, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі қатынасы өңірді дамы-туға, соның ішінде бюджетке түсетін жүктемені азайтуға пайдалан-
ған тиімді. Бірақ облыста бұл бағыт бойынша жұмыс сылбыр, бар-жоғы жеті жобаға келісімшарт жасалған. Қазіргі уақытта жергі-лікті бюджеттен мемлекеттік мін-деттемелерді орындауға 3,5 млрд. теңге төленеді.

Өңір басшысының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 9 мыңнан астам отбасыға (51 300 адам) 2,3 млрд. теңге шамасында төленген. Биылғы жылдың 1 сәуірі-не АӘК алушылар саны 5 есеге артты, жыл соңына дейін 60 мың адам қамтылмақ. АӘК қаржылан-дыруға бюджеттен 4,8 млрд. теңге бөлініп, жылдың соңына дейінгі қосымша 3,2 млрд. теңге бөлінбек. Сонымен қатар облыста АӘК-тің дұрыс тағайындалуына тексеру жүргізілуде. АӘК-ке өтініш берушілер тарапынан табыстарын жасы-ру, жалған мәліметтер ұсыну, жалған ажырасулар, жұмыстан босап қалу, табыстарын азайтып көрсету, малдарын сойып алу  се-кілді заңсыз әрекеттер әшкере бо-луда.

Ауыл тұрғындарының жанына бататын газ тарту бағасының әр ауыл-ауданда әркелкілігі, тым қымбаттығы облыс әкімінің сынына ілікті. «Сырым ауданында үйге газ кіргізу 350 мың теңге болса, Теректі ауданында 600 мың теңге-ге жеткен. Бұл мәселе бойынша «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорнында болдық. Олар мән-жайды анықтап білмек. Газды бір емес,бірнеше ауыл кіргізетін болса, арзандайды екен. Облыс тұрғын-дарының 95 пайызы көгілдір отын игілігін көруде дейміз. Бұл құр сан ғана. Мысалы, Ақжайық ауданын-да 11 ауылға газ жеткізілгенмен, үйлерге әлі кірмеген. Сондықтан біз есепте 11 ауылдың газбен қамтылғанын айтып, өзімізді өзіміз алдап отырмыз», – деген Ғали
Есқалиев ақпараттың нақты болуын, мердігерлермен баға мәселесін шешуді атқарушы құрылым-дардан талап ететінін жеткізді.

Жиында облыс басшысы бюджет қаражатын тиімді жұмсау, мемқызметтерді цифрлық форматқа көшіру, аумақтарды дамыту және өзге де мәселелерді қамтыған 9 бағыт бойынша қала, аудан әкімдіктеріне, сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мін-
деттер жүктеді. «Атқаратын жұмыстарымыз өте ауқымды. Пре-зиденттің тапсырмаларын жүзеге асыруда өңір тұрғындарымен бірлескен жұмыс жоспарларын құруымыз қажет. «Жұмыла көтер-ген жүк жеңіл» дегендей, өршіл мақсаттарға жетелейтін жолда ынтымақтаса жұмыс істеуге ша-қырамын», – деп қорытты сөзін облыс әкімі.

 

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»