18.07.2019, 21:21
Қараулар: 192
Үйді күтіп ұстағандар ұтады

Үйді күтіп ұстағандар ұтады

Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінің бойындағы №100 бес қабатты үйдің іргетасы 1974 жылы қаланған. Міне, осы көп пәтерлі баспананың тұрғындарын біраз жылдан бері шатыр мәселесі мазалап келген екен. Алайда биыл олар жауынды-шашынды қоңыр күзді еш алаңсыз қарсылауға дайын деуге болады. Өйткені бұл көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры түгелдей дерлік күрделі жөндеуден өтуде.

– Он жылдай бұрын тұрғындар қаражат жинап, бүкіл шатырды қайта жапқан едік. 7-8 жылдан кейін төбеден су кетіп, мазалай бастады. Екі-үш жыл бұрын бірін-ші подъезд тұрғындары тағы да жиналып, төбені қымтадық. Биыл мемлекеттік бағдарлама арқылы үйдің төбесін шатырмен қаптап, жөнделуде. Өзім бесінші қабатта тұрамын. Жөндеу жұмыстары жақ-сы жүріп жатыр, – дейді аталмыш үйдің тұрғыны Әлия Ишанова.

Елімізде көп пәтерлі үйлерді күрделі жөндеу «Өңірлерді да-мытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жүзеге асуда. Бағдарламаға қаты-су үшін жөндеуді қажет ететін үй тұрғындарының ауызбірлігі қажет-ақ. Өйткені көп пәтерлі үй тұрғындарының үштен екісі жөндеуге келіскен жағдайда ғана көпшілік дауыспен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқар-масының берген мәліметінше, 2011-2015 жылдар аралығында көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге облысқа республикалық бюджеттен бөлінген 1744 млн. теңге толығымен игерілген. Бүгінде облыстағы 1961 көп пәтерлі тұрғын үйдің 1434-і, яғни 73 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Жалпы, бүгінге дейін 262 үй жөндеуден өткен. Былтыр облыста жергілікті бюджеттен бөлінген 267,6 млн. теңгеге 19 көп пәтерлі тұрғын үй жаңартылды. Оның 10-ы – Бөрлі ауданының Ақ-сай қаласында. Қайтарым қаража-ты, яғни тұрғындардың жөндеуге жұмсалған қаражатты қайта-
руынан жиналған қаржы есебінен 76,6 млн. теңгеге Орал мен Ақсай қалаларынан, Бәйтерек пен Тасқала аудандарынан бес үй жөнделген. Сонымен қатар 35,7 млн. теңгеге Орал қаласында төрт, ал Ақсай қаласында алты жеделсаты 55,2 млн. теңгеге ауысты-рылған.

Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге келісетіндер де, қарсылар да бар. Кей жағдайда жертөлені жөндеп, құбырларды ауыстыруға жоғары қабатта тұратындар  келіспейді. Ал жоғарыдағылар  шатыр-
ды жөндетеміз десе, төменгі қабаттағылар ойланып қалады.  Бұның бәрі де қаражат мәселесіне келіп тіреледі. Өйткені жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражат
тұрғындар есебінен қазынаға қайтарылуы тиіс. Төлемеген жағдайда сот арқылы өндіріп алынады. 2015 жылдан осы жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша сотқа
берешекті өндіріп алу үшін 1070 шағым түскен  болса, бүгінде  937-сі өндіріп алынған. Респуб-лика бойынша біздің облыста  қайтарым қаражаттың деңгейі ортадан жоғары деп бағалануда. Аудандарда мамандандырылған уәкілетті ұйымдар қайтарым қаражаттарын  жинаумен жұмыс-тануда. Өйткені тұрғындар қай-тарым қаражатын үш айдан артық төлемесе, ісі сотқа жіберіледі. Айта кету керек, табыс-кірісі аз отбасыларға жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Үкіметтің қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, қаражат тұрғын үйді күтіп  ұстауға жұмсалатын шығындарды төлеуге арналған. Алайда басқарма мамандары бұл көмекті ауылдағы ағайындар   алмайтынын айтады. Ай сайынғы төлем әр пәтердің шаршы ме-
тріне, жүргізілген жұмыстардың түріне байланысты есептеледі.

2016 жылдан бастап бағдарлама шеңберінде жөндеу жұмыстары үшін республикалық қазынадан қаражат бөлінбеген. Көп пәтерлі үйлер тек жергілікті бюджеттен немесе қайтарым қаражаты  есебінен жөнделуде. Бөрлі мен Бәйтерек аудандарында қайтарым қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары белсенді жүруде. Бұл аудандарда ипотекалық үй де, жөнделетін үй де көп. Ал Жаңақала, Бөкей ордасы аудандары бұл жұмыстардан қалыс қалып келеді.

– Ауданда 2014 жылы 6 үй бағдарлама шеңберінде респуб-ликалық қаражат есебінен күрделі жөндеуден өткізілді. 2017 жылы бір көп пәтерлі үйге қайтарым қаражаты есебінен жөндеу жасалды. Қазір тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша ешқандай жұ-мыстар атқарылып жатқан жоқ. Себебі, қайтарым қаражаты жүйелі төленбегендіктен, тұрғындардың берешектері көбейді. Яғни бюд-жетке ақша түспегендіктен, жаң-
ғырту жұмыстары жүргізілмеуде.  Бүгінге  дейін  600 мың теңгедей берешек сот арқылы қай-тарылды, – дейді Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қайнар Жа-рылғапов.

Биыл жалпы облыс бойынша 58 көп пәтерлі үйді жөндеу мен 28 жеделсатыны ауыстыру жоспарланған. Қазір қайтарым қаражаты есебінен Бәйтерек ауданында  бір үйді және жергілікті бюджет есебінен облыс орталығында үш үйді күрделі жөндеу жұмыстары басталған.

– Көп пәтерлі үйді жөндеу үшін  ол үй тұрғындарының үштен екісі-
нің келісімі керек. Үй кондоминиум нысанына кіруі шарт. Ал қандай жөндеу жұмысын жүргізетінін  тұрғындардың өздері шешеді. Яғни шатырды жөндей ме, әлде подъездің есік-терезесін ауыстыра ма, бәрі тұрғындарға байланысты. Бірақ жұмыс көбейген са-
йын оның құны артады. Сәйкесінше, тұрғындардың ай сайынғы төлемдері де артады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді таңдау да тұрғындардың еркінде. Актімен үй қабылданғаннан кейін үй иелері жөндеуге кеткен қаражатты 15 жыл
бойы төлеп отырады. Әрине, ақшасы барлар тез төлеп тастауларына болады. Қазір халықтың бағдарламаға деген көзқарасы өзгерді, – дейді БҚО  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы бөлімінің басшысы  Тілек  Кереев.

Тұрғын үйді күтіп ұстау дегенде тұрғындар тарапынан пәтер иелері кооперативіне (ПИК) қатысты да сан сауал туындайтыны жасырын емес. Әсіресе, «ПИК-
терге не үшін ақша төлейміз, олар не істейді?» деген секілді сұрақтар қойылады. Қазір Орал қаласында 104 пәтер иелері кооперативі бар екен. Соның 23-і, яғни
олардың ірілері қалалық ПИК қауымдастығының құрамында. Мәселен, 60 шақты ПИК-тің қарауында  бір-екі үйден болса,  14 ПИК-тің әрқайсысы жиырмадан астам
үйге қызмет көрсетеді екен. Ал ПИК қызметі дегеніміз не? Аталмыш қауымдастық басшылығының сөзіне қарағанда, пәтер иелері кооперативі үйлердің айналасын тазалау, қысқы маусымға әзірлеу, үйдің жертөлесіне дезинфекция, дезодорация жұмыстарын жүргізу, жылу, су, кәріз жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету се-
кілді жұмыстарды атқарады. Үйге жылына екі рет техникалық тексеру  жүргізеді.

– Жаңа үйлерді  ПИК-тің  қызметінсіз  пайдалану қиын. Себебі түрлі коммуналдық қызметтерді қосу қажет, айналасын таза ұстау керек. Ал кейбір тұрғындар  жаңа
үйге ПИК қажет емес деп ойлайды. Олай болу мүмкін емес. Машинаның жүргізушісіз жүрмейтіні сияқты, үйдің де ортақ тыныс-тіршілігін басқаратын мекеме керек. ПИК ағымдағы қызметтерді атқарады. Елімізде бюджеттен қаражат бөлінбейтін саланың бі-
рі осы ПИК. Тұрғындар айлық төлемді төлемейді де, ПИК жұмыс істемейді деп шағымданады. Ал жұмыс істеу үшін алдымен ақша керек қой. Қазір пәтер иелері кооперативінде жұмыс істейтіндердің 40 пайызы ең төменгі жалақы 28 мың теңге алады. Жалақыны 42 мыңға көтеруге ПИК-тердің жағдайы жоқ. Оны көтеру үшін тариф жалпы жиналыста бекітілу шарт, – дейді  Орал қалалық пәтер иелері кооперативтері ас-социациясының төрағасы Нұрлан  Шабдаров.

Әр заттың тозу уақыты бар. Мәселен, шатыр 30, профлист 25 жылға жарамды екен. Жұмсақ жабындар (мягкая кровля) 10 жыл сайын ауыстыруды қажет етеді. Алайда шатырды ауыстыру өте қымбат болса, жеделсатыны ауыстырудың өзі 10 млн.
теңге тұрады екен. Нұрлан Уапұлының сөзінше, «Өңірлерді дамы-
ту» бағдарламасы негізінде көп жұмыс істеуге болады. Мәселен, Ружейников–200\1 мекенжайындағы үйге автоматтандырылған жылу энергиясын реттеу құрылғысы ор-
натылған. Оның бір артықшылығы, жылу беруді сырттағы ауа райы-
на байланысты реттеп отырады. Мұндай жүйе ай сайынғы төлемді  үнемдеуге  мүмкіндік  береді.

– «Өңірлерді дамыту» бағдар-ламасы арқылы  үйлерге күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал ПИК-тер ағымдағы жұмыстарды атқарады. Біраз жыл қолданыстағы үйге, әри-
не, күрделі жөндеу қажет. Қаладағы үйлердің 80 пайызы осын-дай жөндеуді қажет етеді. Жалпы
үй салынғаннан кейін он жылдан соң жөнделу керек. Қыста төбенің қарын тазалау ПИК-тің міндетіне кірмейді. Өйткені төбе қарды көтеру керек. Шіріп кеткен, 50 жыл болған төбелердің құлағанына ПИК кінәлі емес қой. Уақыты келгесін бәрін де
ауыстыру қажет. Мысалы, 60 пәтердің тұрғыны су жүйесін ауыс-тыратын болса, қаражатын есептеп, ақша жинайды. Бұл жұмыстарды ПИК немесе басқа мекеме жүргізеді. Кейде жұмысшыларды тұрғындардың өздері  жалдайды. Ауыстыру үшін жиналған қаражат ПИК-тің ай сайынғы төлем шы-ғынына кірмейді. Жалпы үйдің жағдайы тұрғындарға байланысты, күтіп ұстау керек, – дейді Нұр-лан Уапұлы.

Ясипа   РАБАЕВА,

«Орал  өңірі»