15.07.2019, 22:48
Қараулар: 197
«Аудан әкімдері халықпен еркін диалог жасауы тиіс»

«Аудан әкімдері халықпен еркін диалог жасауы тиіс»

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Теректі ауданына жасаған жұмыс сапарын Ақ-
суат ауылындағы жалпы орта бі-лім беретін мектептің жай-күйін көруден бастады. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынованың сөзінше, 1984 жы-лы салынған мектептің ғимараты-на күрделі жөндеу қажет. Мұнда 282 оқушы білім алады. Ақсуатқа көршілес ауылдардан балалар қа-тынап оқиды. Облыс әкімімен келген топқа мектеп директоры Ерлан Жұбаниязов ғимарат ішін көрсетті. Сынып бөлмелерін желдетіп, таза ауа кіргізуге мүмкіндік жоқ, терезе көздері мүлдем ашылмайды. Әсіресе, спорт залының іші күңгірт. Шатырды түгел жаңалау қажет екен. Мектеп ауласында бөлек тұрған жылу қазандығы орна-ласқан ғимараттың қабырғасының тең жартысы әбден мүжіліпті. 2017 жылы ғимаратты жөндеуге байланысты жобалық-сметалық құжаттама жасақталыпты. ЖСҚ құны – 261 176, 81 мың теңге. Биылғы маусым айында жылу қазандығын жөндеуге жергілікті бюджеттен 10 млн. теңге бөлінген. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынова Долинный ауылындағы Чапаев мектебі ғима-ратын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ мемсараптамадан өткенін айтты. Пойма ауылында 108 оқу-шыға арналған мектеп салу үшін конкурс жарияланған. Подстепный ауылындағы мектепте бала саны 900-ден асқан. Биылғы оқу жылы білім ұясы баланы үш ауысыммен оқуға көшуі мүмкін. Сондықтан Подстепныйда тағы бір мектеп салу өзекті болып тұр.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақ-суат мектебін көрген соң, аудан орталығында өткен актив жина-лысына қатысты. Аудан әкімі Әділ Жоламановтың мәліметінше, биылғы жылға арналған аудан бюджеті – 11 млрд. 255,3 млн. теңге. Алты ауылдық округте жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті іске қосылған. Алғашқы бес айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 850,1 млн. теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60,8%-ға аз. Оған Ақсуат ауылдық округіндегі «Орал-мұнай» ЖШС-ның жұмысы-ның тоқтауы, содан мұнай өндіру көлемінің азаюы себеп болып отыр. Қыркүйек айында «ПЕТРОЕФ» ЖШС мазут өндіре бастайды деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемі 4061,2 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі – 2675,5 млн. теңге. Тұрғын үй салуға 461,1 млн. теңге инвестиция қаражаты жұмсалып, 3 809 шаршы метр пайдалануға берілді. Биыл аудан бойынша іске асырылуы тиіс инвестициялық жобалардың көлемі – 11 780 млрд. теңге.

Әділ Жоламановтың баяндауынша, аудан тұрғындарының 88 пайызы, яғни 52 елді мекеннің 33%-ы газбен қамтылған. Былтыр 200 млн. теңгеге Донецк, Богданов, Придорожный, Приречный, Алғабас, Сәрсенов, Шөптікөл ауылдарына газ құбырын тарту жұмысы басталған. Ал бұл жобаларды аяқтау үшін 435 млн. теңгені 2020 жылы бөлу жоспарланған. Аудан әкімі ауылдарды газдандыруды биыл аяқтаған дұрыс деп есептейді. 18 елді мекен ғана орталық-тандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Биыл  6 мың тұрғыны бар 6 ауылдағы ауыз су нысанын қалыпқа келтіруге 1,271 млн. теңге бөлінген. Ауданның бес жылдық жоспары бойынша 3,4 млрд. теңге 200-ден астам тұрғыны бар 13 ауылға су құбыры құрылысын қолға алу қарастырылған.

Теректі ауданындағы жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы 288 шақырым. Автожолдың 5%-ы ғана жақсы, 52%-ы (150 км) нашар күйінде. Аудан орталығын-дағы көше жолдарының 25%-ы асфальтталған. Биыл 775,2 млн. теңгеге Федоров ауылішілік 12 км автожолы мен Ақсуат ауылы мен Ақжайық шипажайына жеткізетін 8,7 шақырым екі кірме жолды күрделі жөндеу басталды.

 

Ақжайық ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Тілекқабыл Жауымбаев аудан аумағындағы Шалқар көлінің экологиялық ахуалын жақсарту үшін Жайық өзенінен канал арқылы көлдегі су деңгейін көтеруді сұрады. Теректі аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұрсәуле Аткеева ауданда кәсіпкерлікті бастауға бағдар бере-тін «Zhas project» жобасы сәтті басталып жатқанын баяндады. Теректі ауданының құрметті азаматы Василий Савченко мал басын асылдандырып, егін салып, жеміс-жидек, көкөніс өндіріп жатқандар-дың шаруашылығын үкімет тарапынан субсидиялауды тоқтатпау маңызды екенін жеткізді.

– Аудан әкімдері мемлекет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалап, халықпен еркін диалог жасауы тиіс. Актив құрамын қайта-қайта жинап, зал ішінде жиналыс өткізе беруге болмайды.
Олардың басым көпшілігі мемлекеттік және бюджет саласы қызметкерлері болғандықтан, Үкімет саясатын, мемлекет бағдарламаларының бағытын нақты түсінеді. Тұрғындармен егістік басында, ауыл ішінде, шаруашылық нысандарында кездесуіміз қажет. Мемлекет саясатына наразылық танытып жүрген тұрғындармен де
жұмыстанып, пайдалы болса, ұсыныс-пікірін елеу керек. Аудан әкімдері қажетсіз шараларды ұйым-дастырып, оған адамдарды қайтақайта жинап, уақытты босқа өт-
кізуді қоюы тиіс. Олай жасау көпшіліктің наразылығын туғызады. Халыққа қажет шараны ғана ұйымдастырған  жөн.

Теректі жері кәсіпкерлікті дамытуға өте қолайлы. Біздің облыстың ауыл шаруашылығы сала-сындағы еңбек өнімділігі республика бойынша төменгі орында. Сондықтан нақты статистика деректерін сараптап, өңір экономикасына байланысты мемлекет қаржысының жұмсалуын жүйелеу қажет. Сәуір айында Орал қаласы және аудан әкімдіктеріне бес жылдық жұмыс жоспарын жасауды тапсырдым. Жергілікті билік жөндеуді қажет ететін әлеуметтік және басқа да нысандардың, түрлі ғимараттардың жобалық-сметалық құнын жоспарға енгізеді. Сол ар-қылы бюджет қаражатын нақты есептей аламыз. Ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкерлерді кеңінен тартамыз.

Сондай-ақ халықаралық және республикалық маңыздағы жолдар бойындағы автокөлік ағынын ескерудің маңызы зор. Жақында Сырым ауданындағы жаңа кем-пингтің ашылуына қатыстым. Осы аудандағы автожол бойымен тәулігіне 5 мың автокөлік өтеді. Ал Теректі аумағы арқылы 6,5 мың көлік жүреді. Егер жаңа кемпинг салынса, оған аялдаған әр көліктен кемінде 5 мың теңге табыс түседі. Батыс Қазақстан облысы арқылы өтетін жүк машиналары жыл са-йын көбеюде. Жоспарымыз дұрыс болса, алдағы уақытта олардың саны жарты миллионға жетеді.

Сондықтан Президент тапсырмасына сәйкес әрбір аудан әкімінің жұмысын мемлекет қаражатын үнемдеу саясатына, дұрыстап жұмсай білу қабілетіне қарай бағалаймын. Мәселен, облыс тұрғындарының 95, Теректі ауданының жұрт-шылығы 88 пайызы газбен қам-тылған деп көрсетіліп келеді. Біз оны қалай есептейміз? Көгілдір отын құбырының желісі ауыл ішіне дейін тартылады да, әр үйдің жекелей қамтылуы есепке алынбай келеді. Мердігерлер газ жеткізу құнын әр түрлі есептейді. Сырым ауданында смета құны 200 мың теңге болса, Теректідегі бағасы 600 мың теңгеге дейін барады. Неге әркелкі есептелініп жатыр?  Халық үшін өте қымбат. Бұл бағыттағы 88 пайыз көрсеткішін былай қойып, әр ауылда қанша үй көгілдір отын тұтынып жатқанын аудан әкімі нақты көрсетуі тиіс.

Тұрғындар өтінішіне байланысты айтарым, Шалқардан басқа да экологиялық ахуалына назар ау-даруы тиіс өзен-көлдер баршы-лық. Дегенмен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шәуеновке тапсырма
бердім. Қазіргі уақытта аталған көл табиғатына қатысты ғылыми зерттеу жүргізіліп жатыр. Зерттеу қорытындысы қазан айында мәлім болады. Содан кейін Шалқар жа-
ғасында «шаруашылығымды дамытам, балық өсірем, су құрамын жақсартумен шұғылданам» деген кәсіпкерге сенімгерлік басқару құқығын береміз, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Жиында облыс әкімінің Теректі ауданы  бойынша халықпен байланыс жасайтын өкілі болып кәсіпкер Валерий Голоухов бекітілді.

Нұртай   ТЕКЕБАЕВ,
«Орал  өңірі»