15.07.2019, 22:35
Қараулар: 352
Ата-ананың жауапсыздығы – зор қауіп

Ата-ананың жауапсыздығы – зор қауіп

Қазір кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көлік жүргізу оқиғалары жиілеп кетті. Әрине,  жүргізуге құқығы жоқ адамның автокөлік басқаруы – өз алдына бөлек мәселе. Негізгі мәселе  мектеп оқушыларының машинаға үйір болуында болып тұр. Мамыр айында Жаңақала ауданында қызғалдақ теруге барған оқушылардың көлігі апатқа ұшырап, бір қызғалдақ ғұмыр үзілген еді.

Көлік жүргізуге «жаны құштар» оқушылар біздің ауданда да бар екен. Сырым аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Светлана Халилованың айтуынша, аудандық полиция бөлімі жыл басталғалы Сырым ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына екі  іс  ұсыныпты.

Комиссияның мүшесі әрі ақ-парат өкілі ретінде біздер ол ұсынбалармен таныстық.

Бірінші факт наурыз айының 8-і күні қоғамдық тәртіпті бақылау кезінде анықталады. Тәртіп сақшылары күндізгі сағат 12:00 шамасында әкесінің көлігімен келе жатқан 8-сынып оқушысын тоқтатады. Жасөспірім өзінің түсінікте-месінде үйдегілерінің дүкенге жұмсағанын  айтыпты.

Келесі оқиға да мейрам күні орын алған. 1 мамыр күнгі демалысты пайдаланып, жоғары сынып оқушылары Шідерті өзенінің жағасына демалуға бармақ болады. Сыныптастарын апарып-әкелуге әкесінің көлігін алып шыққан 9-сынып оқушысы ауыл ішінде жүрген жерінен тәртіп сақшы-ларының көзіне түсіп, ұсталады.

Аутокөлік басқаруға құқығы жоқ оқушылар тізгіндеген көлік-тер аудандық полиция бөлімінің ауласына қойылды. Көліктерін көлік жүргізу құқығы жоқ адамға басқаруға бергендері үшін әрбір ата-ана ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-ба-бы 5-бөліміне сәйкес, 63 мың тең-ге айыппұл төлеп, айдың-күннің аманында қарайған шығынға бат-ты. 63 мың теңге – бір адамның бір айлық еңбегі үшін алатын жалақысының мөлшерімен бірдей қаражат қой.

Ақшаның орны толады. Ал бұл екі жағдайдың соңы, ата-аналар-дың балаларының болашағына жауапсыз қарауы – орны толмас шығынға, яғни балалардың өмірі-
мен қоштасуына да әкеліп соғуы әбден мүмкін еді.

Ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы Светлана Халилова, балалары-на көлік жүргізуге рұқсат берген ата-аналарды құқықбұзушылыққа жол бергендері және қоғамға жат іс-әрекет жасауға ықпал болатын себептер мен жағдайларды тудырғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тарту жөнінде ұсынысты аудандық сотқа жолдауға дайындалуда.

Айыппұл төлету ата-аналардың айыбын сезінуіне, жауапкершілікке тарту ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапты қарауына сеп бола  ма? Сеп бола алмайтын се-
кілді. Өйткені кәмелетке толма-ғандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияға келген ата-аналардың тарапынан «Менің қате-лігім екен», иә болмаса «Баламның жасағаны дұрыс болмапты» деген әңгімені ести алмай жүрміз.

Арамызда заң түгілі, жазаға да жауапсыз қарайтындар бар екеніне аудандық полиция бөлімі жүргізген «Борышкер!» жедел алдын алу шарасының қорытынды-сын көрген кезде көзіміз жетті. Салынған айыппұлдарды өз еріктерімен төлемей отырған құқық бұзушыларға шығарылған 19 қаулы бойынша наурыз айында 259 225, 5 теңге аяқтай барудың, былай айтқанда, мәжбүрлеудің ар-қасында өндіріліпті.

Біздің бір байқағанымыз – көп әке ұлына көлік жүргізуді үйреткенді өздерінің әкелік мін-деті деп санайды екен. Дұрыс-ақ! Әкелердің балаларын шаруаға, техникаға баулығанында тұрған ештеңе жоқ. Әке тәрбиесі, әке махаббаты екі буынды жақын-дастырмаса, алыстатпайды. Бірақ  балаға темірдің тізгінін беріп,  оны қозғалыс қайнаған жолға салып қою әкелік махаббат емес сияқты, біздіңше.

– Бір оқушы көлік жүргізіп шықса, қауіп бірнеше адамға төнеді. Көп жағдайда оқушылар көліктеріне сыныптастарын отырғызып алып жүргенді дәреже көреді. Олар өздерінің ғана емес, өзі сияқты қанша адамның тағдырын қолына ұстап келе жатқанын түсінбейді. Осы ақылды оқушыларға мұғалімдер, полиция қызметкерлері емес, әуелі үйіндегі ата-анасы айтуы керек.  Біздер біреуді жазалауды, біреуге айыппұл төлетуді мақсат етпейміз. Оқушылар мен олардың ата-анасының арасын бұзатын, оларды жаманатты қылып көрсететін де ниетіміз жоқ. Біздің басты мақсат – қауіптің алдын  алу, – дейді полиция инспекторы Светлана Халилова.

Алдын алу шаралары аудандық полиция бөлімінде нәтижелі жүріп жатқанын айта кетейік. Мәсе-лен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс жолдарындағы апатты оқиғалардың көбеюіне байланысты жол-көлік оқиғаларын төмендету, жол жүру ере-
жесін бұзудың алдын алу мақсатында жылдың басында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактика-лық іс-шарасы өткізіліп, аудан көлеміндегі есептілік нысанындағы 16 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталыпты. Заң бұзған жүргізушілерге тиісті әкім-
шілік жаза қолданылған. Соңғы уақытта конструкциялары зауыттық емес жолмен өзгер-
тілген, қолдан жарықтандырылған көліктерді пайдалану да жиілеп кетіпті. Іс-шара кезінде сондай көліктер де назарға іліккен.

Бірді айтып, бірге кетпейік. Әңгімемізді балалардың қауіпсіз-дігі мен сол қауіпсіздікке ата-аналарының жауапкершілігі жөнінде бастаған едік. Жуырда Жым-питыда баланың өміріне қауіп төндірген оқиға орын алды.

Сырым аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капита-ны Бақытжан Қазақстановтың ай-туынша, 8  мамыр күні кешкі сағат 21:50-де Жымпиты ауылындағы «Нефтек» жанар-жағармай құю бе-кетінің тұсында 4 жасар бүлдіршін «ГАЗель» аутокөлігіне қағылыпты. Велосипедке мінген кішкентай қыз Самара – Шымкент тасжолы арқылы Ақтөбе қаласына бара жатқан көліктің алдынан өзі шығып қалған.

Сағат 22:10-да аудандық аурухананың «Жедел жәрдем» бри-гадасы сәбиді қабылдау бөліміне алып келген.

– «Жедел жәрдемнің» қабыл-дау бөліміне түскеннен кейін сәбидің денсаулығын хирург Асхат Дүйсенғалиевтің өзі тексерді. Дене жырылған, бірақ сыну жоқ екен. Тек миы шайқалыпты. Бүлдіршін 8 мамыр күні облыстық аурухананың нейрохирургия бө-ліміне жеткізілді, – дейді сол күнгі кезекші дәрігер, педиатр Мергүл Сарғозиева.

Сәбидің бір ажалдан аман қалғанына қуаныштымыз! Дегенмен сұрақ туындайды. Кішкентай қыз түн болғанда ауыл шетінде не істеп жүр? Бұл жерде оқырман-ның көңілін баланың қадағалаусыз қалғанына емес, қауіп пен қатердің аяқ астында екеніне де аударғымыз келеді.

Баланың өміріне қауіп тек кө-ліктен келмейді. Сіз сеніп жүрген адам да сіздің балаңызға қауіп төндіруі мүмкін. Еркектердің көршісінің қаршадай қызын зорлаға-
нын, біреудің үкілеген баласын замандастарының соққыға жыққанын айтып, «сүйінші сұраудан» ғаламтор да жалықпайды. Бірақ  балаға ең бірінші қауіп олардың өміріне деген ата-ананың жауапсыздығынан келеді. Соны ұмытпайық!

Бауыржан  ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым  ауданы