11.07.2019, 22:44
Қараулар: 382
«Қажет болса, сын да айтылуы керек»

«Қажет болса, сын да айтылуы керек»

Сейсенбі күні облыстық мәслихатта «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті. Оның жұмысына облысқа жұмыс сапарымен келген «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, облыс әкімі Ғали Есқалиев, саяси бюро мен саяси кеңес, бастауыш партия ұйымдарының және «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Галстуксыз, яғни еркін форматта өткен жиында Бауыржан Байбек партияның облыстық филиалына жетекшілік еткен, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне ауысқан Алтай Көлгіновке саяси ұйымның ұстанымдарына адалдық танытқаны үшін алғыс айтты. Өңір тізгінін қолға алған Ғали Есқалиев «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Бауыржан Байбек партияның алдында тұрған ауқымды міндеттерге тоқталды. Азаматтармен және әр адаммен диалог орнату қажеттігіне баса назар аударған Бауыржан Қыдырғалиұлы, әсіре-се, партия фракцияларының белсенділігін арттыруға, қоғамдық қабылдау қызметін түбегейлі жандандыруға, бастауыш партия ұйымдарын нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Партия алдында тұрған бас-
ты міндет – халықпен кері байланысты күшейтіп, әр адамның сенім үдесінен шығу екенін ерекше атап өткен ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық стратегиялық бағдарламасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысына партиялық бақылауды күшейту керектігін айтты.

– Біздің партия – барша қазақстандықты біріктіретін еліміздегі ең басты күш. Біз халықты ести де, тыңдай да білуіміз қажет. Бұл – Елбасы, партия Төрағасының тікелей тапсырмасы. Сондықтан адам құқықтары мен еркіндігін қорғау, лайықты өмір сүру дең-гейін қамтамасыз ету, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, оны оң шешу, қашанда елмен етене болу – партия  жұмысының басым бағыты. Партия үнемі ілгері жылжып, қо-
ғамның талаптарына сай дамып отыруы керек.

Доктринада және партияның сайлауалды тұғырнамасында айтылған құндылықтар мен міндет-мақсаттарды ашық талқылап, орындалуын қамтамасыз ету қажет. «Nur Otan» партиясының кандидаты, сайланған жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев берген сайлауалды уәделердің орындалуын қоғамдық бақылауға алып, халыққа жеткізуіміз керек. Сондықтан партия өз жұмысын түбегейлі қайта қарастырып, маз-мұнды қайта жүктеуді жүзеге асырады.

Біріншіден, партияның бағдар-ламалық құжаттарының жүзеге асырылуын сапалы бақылауды қамтамасыз ету. Соның ішінде ең алдымен біздің партия атынан
ұсынылып, сайланған президенті-міздің сайлауалды тұғырнамасын ерекше назарда ұстау қажет. Партия тамыз айына дейін президенттің сайлауалды тұғырнамасы мен
партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және бақылау жоспарын дайындайды. Одан бөлек, атқарылған жұмыстарды Парламентте, мәслихаттардың фрак-
цияларында белсенді түрде талқылауымыз қажет. Сонымен бірге күн тәртібіндегі өзекті мәселе-лерді талқылау үшін депутат-тармен өзара қарым-қатынас жұмыстарын қайта қарап, күшей-ту керек. Депутаттық сауалдар бүкіл қоғамды алаңдатқан аса өзекті мәселелермен үндесіп, байланысып жатуы тиіс. Партиялық бақылау арқылы атқарушы құрылымдардың жауапкершілігін арттыру керек. Мемлекеттік бағ-дарламалардың және Елбасы мен Қазақстан Президентінің бастама-ларын жүзеге асыру, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді әрі сапалы игеру жұмыстарына мониторинг жүргізуде партия бас-
ты рөл алуы тиіс, – деді Бауыржан Байбек.

Үкіметтің жұмысына да тиімді партиялық бақылау жүргізіліп, министрлер мен әкімдердің тек мемлекеттік құрылымдардың басшылары ретінде емес, партия мүшесі ретінде де жауапкершілігі арта түспек. Бұл сөздің Парла-мент пен барлық деңгейдегі мәс-
лихаттардағы депутаттық фрак-цияларға  да  қатысы  бар.

– Партияның Мәжілістегі және мәслихаттардағы ең маңызды құралы – фракция. Фракция мүшелері өңірлерге шығып, халықтың мұң-мұқтажын көріп, жағда-
йын білуі тиіс. Депутаттар халықтың сөзін айтуы керек. Ашық әңгіме, дискуссия болуы тиіс. Қажет болса, сын да айтылуы керек. Саяси ұйымның басты мақсаты – халық пен билік арасында дәнекер болу, халықтың сенімін күшейту. Өйткені біз халықтың пар-
тиясымыз.

Батыс Қазақстан облысында бір жарым жыл ішінде  өз құзыретін асыра пайдаланғаны үшін  17 азамат партия  қатарынан шығарылып, 1 адамға сөгіс жарияланған. Қала әкімінің орынбасарлары қо-ғамдық қабылдауға бас сұқпайды, мәслихат белсенді емес. Пар-тиялық тәртіп туралы мәселе көтеріп, бұл тұрғыда жұмысты күшейту керек. Азаматтардың партияға деген риясыз сенімін арттыру  үшін қалың бұқараға жа-
қын болған абзал. Біз саннан сапаға басымдық беріп, партия қатарында белсенді түрде «тазалау» жұмыстарын жүргіземіз, – деді партия төрағасының бірін-ші орынбасары.

Сонымен қатар ұйым алдағы уақытта талдау жұмыстарын жетілдіру, «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жаңғырту, халықпен кері байланысты күшейтіп, партияның қо-
ғамдық қабылдау жұмысын түбегейлі қайта жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын әрі қарай жалғастыру жұмысын жандандырмақ. Тиімді ақпараттық жұмыс жүйесін қалыптастырып, партияның медиалық әлеуетін күшейту, әлеумет-
тік желілердегі белсенділікті арттыруға баса көңіл бөлінбек.

«Nur Otan» партиясының кейбір күрмеуі қиын мәселелерде нақты ұстанымы болуы тиіс.
Біз қоғамдағы кикілжіңдерді оңтайлы шешуге белсенді қатысуымыз керек. Біздің қолымызда билікке әсер ете алатын тетіктер бар. Соны тиімді пайда-лануымыз қажет, – деген Бауыржан Байбек партияның көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты бар-лық әлеуметтік топпен жұмыс іс-теуі  керектігін  атап  өтті.

Жиында ҚР Президенті сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін бір топ республикалық және облыстық қоғамдық штаб мүше-лері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысхатымен марапатталды.

2023 жылға дейін еліміздегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында айқындалған. Осыған орай Бауыржан Байбек Орал қаласындағы апатты деп танылған №31 орта мектепте болып, жақында басталатын құрылыс жұмыстарының жай-жапсарына қанықты. Мектеп аумағындағы апатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, 45 пәтерлік 9 қабатты үйдің құрылы-сын қадағалады. Сәуір айында басталған құрылыс биылғы жыл-
дың қазанында аяқталмақ. Айталиев 12 және Молодежный 1 ме-кенжайында орналасқан апатты қос үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлер  осы  үйден  берілмек.

 

Динара   ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал   өңірі»