11.07.2019, 22:35
Қараулар: 94
«Ән – ұрпаққа аманат»

«Ән – ұрпаққа аманат»

Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында Қазақстанның халық артисі Ғарифолла Құрманғалиевтің төл шәкірттері мен өнер қайраткерлерінің «Ән – ұрпаққа аманат» атты фестивалі өтті.

Фестиваль әнші-композитор Ғ. Құрманғалиевтің өнері мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнефильмді көрумен басталды. Тума таланттың 110 жылдығына арналған ән кешіне Ғ. Құрманғалиевтің ұрпақтары, экономика ғылымдарының докторы, акаде-
мик, ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы, ұлы Санат Құрманғалиев, келіні Ләйлә Қабылқариқызы, өнертанушы-ғалым,  немересі Меруерт Санатқызы және бүгінде ұстаздан үйренген тәлім-тәрбиені кейінгі буынға үйретіп, өнер шамшырағын жар-
қырата түскен бір топ төл шәкірті қатысты.

Көрермен дәстүрлі әншілер Қапаш Құлышованың, Гүлмайдан Сүндетованың, Д. Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Қайрат Кәкімовтің,  С. Торайғыров атын-дағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Ербол Айтбаевтың, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосынның, ақтөбелік әнші-термеші Хайдар Өтеғалиевтің,  М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Бауыржан Сатыбал-диннің орындауындағы әндер мен термелерді ыстық ықыласпен қабылдады. Сондай-ақ Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері Сәуле Таудаева шырқаған Ғ. Құрманғалиевтің «Оралымы», Сағадат Рахмет-жанов әуелеткен Мұхиттың «Үлкен Айдайы», Күләш Қуанышқалиева орындаған Нұртуғанның «Қанекей, тілім, сөйлеші» терме-сі және Серік Абдрахмановтың орындауындағы халық әні «Бал-жаны»  және өзгелерінің өнері жүректерге жылы әсер етті. Көрермен аспандағы аққуға үн қосқан дүлдүлдің «әннің қасиет-құдіретіне кіріп, оны өзіңнің жүрегіңмен халыққа түсіндіріп, шындығыңмен берсең, сонда халыққа ұнайды ғой деп ойлаймын» деп өнерді аманаттаған дауысы тыңдалды.

Фестивальде облыстық мәде-ниет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің ерен құбылысы Ғ. Құрманғалиевтің әндерін орындайтын ізбасарлары, сол туындыларды сүйсініп тыңдайтын көрермені барда ұлы өнер
иесінің аты өшпейтінін айтты. Сондай-ақ алыстан ат арытып келген  төл шәкірттеріне алғыс айтып, оларға облыс әкімінің ал-ғысхатын табыс етті.

 

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»