11.07.2019, 22:33
Қараулар: 84
Дарабоз еді-ау Ғарекең!

Дарабоз еді-ау Ғарекең!

Оралда Қазақстанның халық әртісі, дүлдүл әнші, композитор Ғ. Құрманғалиевтің 110 жылдығына байланысты мәдени-көпшілік шаралар өтті. Сейсенбі күні облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүрлі әншіліктің дарабозы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Мир-жан Сатқанов, ақын Ақұштап Бақтыгереева, әншінің ұрпағы мен көзін көрген аға буын өкілдері және жас өнерпаздар қатысты. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларынан әншінің мұрасын насихаттап жүрген шәкірттері, елімізге танымал өнер адамдары, мәдениет қайраткерлері арнайы келді. Делегация құрамы алдымен ақын Қадыр Мырзалиев ескерткіші алдына жиналып, гүл шоқтарын қойды. Достық үйінде бас қосқан қауымғаоблыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұса-ғалиев даусы ғажап, дарыны ерен дарабоз даңқына арналған іс-шаралар барысымен таныстырды. Кейін облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов сөз алды.

– Ғарифолла Құрманғалиевтің дауыс диапазоны кең, азаматтық келбеті ерен еді. Атадан балаға мирас болған өнер керуеніне даң-ғыл жол ашты. Ғарекеңе арналған
іс-шаралар облыс көлемінде кеңі-нен аталып өтілуде. Ұлы әншінің есімі мәңгі жасай бермек,  – деді Миржан Сатқанов.

Басқосуда сөйлеген Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, ҚР халық әртісі
Қажыбек Бекбосын 1965 жылыАлматыда Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті атанғанын, өмір бойына өнер айдынында ұстаз-дық қылған танымал тұлғаға тәнті екенін айтты.

– «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған», «Өтірік мақтау сыртыңнан оқтау болады», «Маңдай теріңді төгіп еңбек ет», «Артыңнан өсек ергені – өнеріңнің өшкені», «Халық – дария, сен – аққу, аяғыңды көрсетпей жүз» деп айтқан інжу-маржан нақылдарды ешкімнен естімедім. Ғарекең шәкірттерін осылай адалдыққа тәрбиеледі, ту-
ралыққа жол көрсетті. Өнер халқымен мәңгі жасайды, ұлт тірі тұрғанда, аяулы перзентін ұмыт-пайды, – деді Қажыбек Бекбосын.

Атыраудан келген ҚР мәдениет қайраткері, әнші Гүлмайдан Сүн-детова бала күннен патефоннан Ғарифолла әндерін тыңдап өске-нін, бірақ кейін композитордың алдынан дәріс алатынын мүлдем ойына алмағанын тілге тиек етті. Ол ұстазының сахна мәдениетіне қалай баулығанын, көпшілік алдында жарқырай өнер көрсетуге тәрбиелегенін, ақыл-кеңесін жайдары қалыппен, әзіл-қалжыңмен астастыра  жеткізетінін  әңгімеледі.

Дөңгелек үстелде Ақтөбеден келген әнші-термеші, «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері Хайдар Өтеғалиев, Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық өнер универ-ситетінің доценті, ғылыми өнер кандидаты, музыка зерттеуші, Ғ. Құрманғалиевтің немересі Ме-
руерт Құрманғалиева, ҚР еңбек сіңірген әртістері Қапаш Құлышова, жерлесіміз, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филар-монияның әншісі Сәуле Таудаева сөйлеп, естеліктерімен  бөлісті.

Нұртай   ТЕКЕБАЕВ,
«Орал   өңірі»