11.07.2019, 22:29
Қараулар: 79
Аустриямен арадағы өңірлік ынтымақтастық

Аустриямен арадағы өңірлік ынтымақтастық

Қазақстан мен Аустрия елдері арасындағы өңір-лік деңгейде әріптестік қатынас екі жақты ынтымақтастық дамуына негіз болары анық. Осыған байланысты таяуда Ба-
тыс Қазақстан облысының делегациясы Жоғарғы Аустрия федералдық аумағына жұмыс сапарымен  барды.

Сапар барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Велс қаласының бургомистрі Андреас Рабль-мен екі қала арасында серіктестік қарым-қатынас орнату мәселесін талқылау үшін кездесті. Тараптар екі жақты байланыстардың дамуы туралы пікір алмасып, нақты жобалар шеңберіндегі ықтимал бағыттарды талқылады.

Кездесу барысында Орал мен Велс қалалары арасында экономика, білім, туризм және т.б. салаларда әріптестік орнату жөнінде пікірлесіп, мәдени байланыстардың дамытылуына да ерекше көңіл  аударылды.

Жоғарғы Аустрия – экономи-калық жағынан дамыған үш федералдық аумақтың бірі. Оның
үлесіне елдің ЖІӨ-нің 17%-ы тиесілі. Өңірдің жалпы өнімінің негізін өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, эко-энергетика құрайды. Велс қаласында жыл сайын өтетін халықаралық жәрмеңке әлем кәсіпкерлерін тартатын Еуропаның маңызды коммерциялық шаралардың қатарына кіреді.

Қазақстандық делегация фе-дералдық аумақтың инвестициялық әлеуетімен және Аустрия-ның «жасыл» экономикасына негіз болып отырған бірқатар жетекші өндірістерімен танысты. Атап айтқанда, Велс қаласында орналасқан «Fronius» кә-
сіпорнының штаб пәтеріне бар-ды. Компания дайындайтын және қолданатын инновациялық технологиялар аустриялық өнеркәсіптің даму деңгейін жоғары-латты.

Сонымен қатар қазақстандық делегация «Fachhochschule» жоғары арнайы оқу орнына барып, робототехника және автоматтандыру саласындағы оқу бағдарламаларымен, олардың ауыл шаруашылығы саласында қолданылуымен танысты. Екі та-
рап жоғары оқу орындардың арасында ынтымақтастықты орнату  мүмкіндіктерін  талқылады.

Іссапардың қорытындысында «Орал сазы» фольклорлық ансамблі мен Ғарифолла Құрман-ғалиев атындағы облыстық филармонияның «Салтанат» би тобы өнерлерін көрсетті. Концерттік бағдарлама «Қазақстанның інжулері – Ұлы Дала сарыны» жобасы аясында өтті.

Кеш қонақтарының қатарында Жоғарғы Аустрия федералдық аумағының саяси, іскерлік және мәдени топтарының өкіл-дері болды. Аустриялықтар батысқазақстандық шығармашылық ұжымдарына айрықша құрмет көрсетіп, көне қазақ аспаптарынан ерекше әсер  алды.

 

www.mfa.kz

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар