11.07.2019, 22:28
Қараулар: 74
«Жаңа үлгідегі жұмыстарды қолдаймын»

«Жаңа үлгідегі жұмыстарды қолдаймын»

Сырым ауданына жасаған сапары барысында облыс  әкімі Ғали Есқалиев Жымпитыдағы «Жібек жолы» аутокешенінің салтанатты ашылуына қатысты.

– Жол бойындағы бизнесті дамыту, кәсіпкерліктің осы саласындағы бәсекелестікті арттырудың маңызы өте жоғары. Елбасы жүктеген тапсырмалардың ішінде республикалық маңызы бар аутожолдардың бойында инфра-құрылымды дамыту көзделген. Батыс Қазақстан облысы арқылы жылына 500 мың көлік өтеді. Еліміз арқылы жүк тасымалы көбейген сайын өңірлерде экономикалық пайда табу мүмкіндігі артады, қосымша жұмыс орындары ашылады. Кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдалануы керек. Міне, біз бү-
гін Жымпитыда сондай істің нақты мысалын көріп отырмыз, – деді өңір басшысы жаңа нысанның ашылуында.

«Жібек жолы» аутокешені жобасының құны 200 млн. теңгені құрайды. Құрылысы 2015 жылы басталған кешен  кәсіпкер Ғанимат Нұрмұхановтың жеке қаражатына салынды.

– Жол бойындағы кешендердің қызмет көрсету деңгейінен жолаушылардың аудан, ел туралы пікірі қалыптасады. Сондықтан біздің өзімізге қойып отырған бірін-ші талабымыз – сапалы сервис. Кешен толық іске қосылған жағдайда 40-тан астам адамды жұ-
мыспен қамтитын боламыз. «Жібек жолы» аутокешені өз  шаруа-шылықтарымыздың ет, сүт секілді төл өнімдерін өткізуге мүмкіндік береді. Малдан сапалы өнім алуға да құлықтымыз, – дейді кешен басшысы.

 

Ғанимат Нұрмұханов кәсіпкер-ліктегі алғашқы қадамын аядай дүкеннен бастады. Кейін аудан орталығына жанармай бекетін салды. 2000 жылы күніне 6 тонна ұн дайындайтын диірменді іске қосты. Ол диірменді тек Сырым ауданы-ның ғана емес, Шыңғырлау, Қа-
ратөбе, тіпті Атырау облысының көршілес аудандарының халқы игілікке пайдаланды.

2010 жылы ол ауданда алғаш-қылардың бірі болып мейрамхана бизнесін қолға алды. «Тамаша» мейрамханасы бүгінгі күні жымпитылықтардың екінші шаңырағына айналып кетті десек, артық айтқан-дық емес. Сондай-ақ кәсіпкер Мұқайдың өрісін малға, қонысын жанға толтырып, бір ауылды «ор-нынан тұрғызып алғанын» осы күннің ерлігі деп бағалауға бола-тын болар. «Жібек жолы» шаруа қожалығы қазір асыл тұқымды мал шаруашылығына бет бұрды.

Жаңадан ашылған аутокешен – Ғанимат Нұрмұхановтың бизнес әлеміндегі жаңа биігі. Самара –  Шымкент халықаралық магистра-лінің бойында орналасқан кешен-де жолаушыға қажетті қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Кешеннің бас ғимаратының бірінші қаба-тында 84 адамға арналған кафе, сәкілі және VIP-бөлмелер, екінші қабатта 16 бөлмелі қонақүй орналасқан. Қонақүй бөлмелерінің бағасы 2500 теңгеден 10 000 теңгеге дейінгі аралықта. Әр бөлме коммуналдық желіге қосылған, заманауи жиһазбен, кондицио-нермен жабдықталған. Таяу күндері ғимараттың астыңғы қабатынан сауда орталығы жұмысын бастайды.

Аумағы екі гектарды құрайтын кешеннің ауласында 100 ауыр жүк аутокөлікке арналған қорғалатын тұрақ, аутокөлік жуу, көлік дөңгелектерін ауыстыру, тіпті киім жуу сервистері, заманауи сауна, мон-ша орналасқан. Жаңа нысан іске қосылған бірер аптаның ішінде қазақстандықтардан бөлек, қытай, кәріс, ағылшын азаматтары «Жібек жолына» қонақ болып үлгерген.

Нысанның ішін аралап көрген облыс әкімі Ғали Есқалиев ғимарат құрылысының сапасына жоғары баға берді.

*  *  *

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапары барысында Кең-ащы жер асты су кен орнынан ауыз су тарту жүйесінің құрылыс жобасымен танысты. Жоба іске асқан жағдайда Жымпиты және Өлеңті ауылдарындағы 6600 тұрғынды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар Кеңащы су жүйесі алдағы уақытта ауыз су жетіспеушілігін тартып отырған Шағырлыой, Бұлан, Жамбыл, Қособа және Жырақұдық ауылдарына таза ауыз су жеткізуге  мүмкіндік  береді.

Су желісінің ұзындығы 76, 954 шақырым болады деп жоспарла-нып отыр. Жобаның құны 2,398 млрд.  теңгені  құрайды.

*  *  *

Аудан орталығы Жымпиты ауылында үш қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Облыс әкімі бұл құрылыс жұмыстарымен  де  танысты.

Құрылыс Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен маусым айының 25-і күні басталды. Жобаның құны 455,349 млн. тең-геге бағаланған. Аталған жобаны жүзеге асырған жағдайда, тұрғын үй кезегінде тұрған 36 азаматты баспанамен қамту мүмкіндігі туа-ды. Олардың ішінде 18 көп балалы  отбасы  бар.

Айта кетерлік бір жайт, бұл құрылыс аудандағы тұңғыш үш қабатты тұрғын үй ретінде ерек-шеленбек. Мұны ауылдың қалалық ажарға ие бола бастауының бір белгісі деп түсінеміз.

*  *  *

Нысандармен танысып болған-нан кейін облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан активімен кездес-ті. Кездесуге облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар қатыс-ты.

Жиын басында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ауданның әлеуметтік-экономика-лық аяқ алысы туралы баяндама жасап, өңір басшысына алдағы 5 жылдықта іске асуы жоспарланған, қаржыландыруды қажет ететін жобаларды таныстырды. Олар-дың арасында Алғабас ауылынан 10 тұрғын үй салу және жаңадан салынатын 15 үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту, дәл осындай инфрақұрылымды Өлеңті ауылы бойынша 42 учаскеге дайындау, Тоғанас ауылының кірме жолын, Абай орта мектебін жөндеу және тағы басқа да жобалар бар.

Еңбек ардагері, аудандық билер кеңесінің төрағасы Сыдық Тәжмұқан облыс әкімі Ғали Есқалиевтен аудан үшін идеологиялық әрі тарихи маңызы бар екі мәселеге назар аударуын сұрады.

– Біріншісі – С. Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі үшін сатып алынған Алашорда көше-сіндегі екі қабатты ғимаратты жөндеу. Күн тәртібінде «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» тұрған уақытта білдей ауданның музейін, яғни тарихи келбетін аядай бөлмелерге тығып қоймай, жаңа ғимаратқа көшіріп, жарқыратып көрсету, тарихты қоғам тәрбиесіне пайдалану мәселесі өте орынды деп ойлаймын. Екіншісі – дала реформаторы, батыр Сырымның еңселі ескерткішін орнату. Ескерткіш болғанда
да, тек мүсін емес, ердің айбарына, елдің болмысына айналған Сырым батырдың алшайтып тұрып ат мінген ескерткішін орнату  керек, – деді Сыдық Тәжмұхан.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев Жымпитыдағы мәдени-спорт кешенін жөндеу мәселесін көтерді. Көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Анаргүл Боранқұлова жанұясының «Өрлеу» бағдарламасы мен  жаңа үлгідегі әлеуметтік көмек-
тің игілігін көріп отырғанын, қазақстандық отбасылар мемлекеттің қамқорлығына саналы ұрпақ тәрбиелеу ісімен және адал ең-бекпен жауап беру керек екендігін айтты.

– Сырым ауданының Сырым мен Тайлақтай батырлардың, Қадыр мен Абдолладай ақындардың туған жері екенін білемін. Алаш-орда идеясының да қазығы осы киелі топырақта қағылды.

Ел бүгін жаңарды, жанданды. Халық жаңа, заманауи игіліктерді қолдануда.  Биліктің әр саясатының астарында халықтың қамы, азаматтардың аманаты тұр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларының алдына бірқатар мәселелерді қойды. Олардың үшеуі тікелей аудан әкімдерінің жұмысына қатысты. Аудан басшыларының бірінші міндеті – жаңа жұмыс орындарын ашу. Ол үшін бизнес-
ке жағдай жасалуы керек. Билік бизнеске қолайлы жағдай жасаған сайын жеке инвестициялық табысты да арттырады.

Екінші мәселе – бюджетті үнемдеу. Бюджетті үнемдеудің негізгі жолы – дұрыс жоспарлау мен тиімді жарату. Біздер көбіне осы екі тұстан әлсіздік танытып жатамыз.

Президенттің билік өкілдеріне қойып отырған тағы бір талабы – халықпен жұмыс істеудің жаңа үлгілерін қолдану. Биліктің ашық-тығы, қолжетімділігі – бұл еліміз-
дің саяси жетекшісі «Nur Otan» партиясының да мақсатымен үндес.  Облыс әкімі әрі партияның өңірдегі төрағасы ретінде жаңа үлгідегі  жұмыстарды  қолдаймын.

Мен халықты ашық пікірге, қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырамын, – деді жиынды қорытын-дылаған  өңір  басшысы.

Сөзінің дәлеліндей, облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан активіне өзінің Сырым ауданындағы қоғамдық өкілі ретінде Есберген Әжібаевты таныстырды.

Жиыннан кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бо-йынша қабылдады.

Бауыржан   ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым   ауданы