11.07.2019, 22:24
Қараулар: 355
Агромаман керек ауылға

Агромаман керек ауылға

Дәл қазір облыста агроном және ветеринар мамандар тапшы.  Мамандар шекаралардағы фитосанитарлық және ветеринарлық  бекеттерге табылмай отыр. Яғни алты жерде ашылатын фитосанитарлық бекеттерге 24  агроном керек. Онымен қоса  жаңадан ашылатын  ветеринарлық  бекеттерге де  24 ветеринар  маманды  қажет  етеді.

Ауылдық жерлерде осы сала мамандарына деген тапшылықты көпшілік бі-леді. Ал осы маман жетіспеушілік-тің себебі не? Біріншіден, ауылда жағдай жоқ. Бұрын институтқа ау-даннан берілген жолдама арқылы түсетін студент оқуын бітірген  соң,
сол ауданға жұмысқа баратын. Жалпы, конкурспен оқуға түскен-дерді еліміздің әр аймағына жұ-мысқа жіберетін еді. Олар барған жерлерінде үш жыл міндетті түрде жұмыс істейтін. Қазір ондай жоқ. ЖОО-ны бітірген жастарға қаладағы, не оның маңындағы ауыл шар-
уашылығы құрылымдарынан, кә-сіпорындардан  жұмыс табудың реті шыға бермейді. Қалада қалған-ның өзінде тұрғын үй мәселесін шешу оңайға соқпайды.  Сондықтан да аграрлық мамандардың, озық технологияны игерген жастардың ауылға тартылуына мемлекет тарапынан оңтайлы іс-шаралар алынуы қажет. Оқуын бітірген түлекті «сен осындай жерде өз мамандығың бойынша жұмыс істейсің» деп жолдап, сол жерден бо-лашақта өзі иелік етіп қалатындай баспанамен қамтыса, мамандар ауылдарға барған болар еді, – дейді ҚР АШМ АӨК кешеніндегі меминспекция комитеті БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов.

Шыны керек, қазір ауылдан шықса да, қалаға жұмысқа қашатын жастар баршылық. Аумақтық инспекция басшысы да ауылда тұратын кейбір ата-ананың ауыл шаруа-
шылығы маманы саналатын ұл-қызын қалада жұмысқа орналас-тырғысы келетінін түсінбейтінін айтады. «Сол саланың маманы болған соң, ауылға барып жұмыс іс-
теу керек емес пе? Алайда бүгінгі тәрбие ондай емес. Бұрын жастарға «елге келіп қызмет ет, көмектес» деп айтатын болса, қазіргі ата-ана «сен кімнен кемсің?» деп ба-
лаларын қаладағы жұмысқа орна-ластыруға тырысады. Елбасының мән-мазмұны терең «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласы жарияланды. Оның мақса-
ты – туған елімізді түлетіп, көпшілікті, соның ішінде жастарды елжандылыққа тәрбиелеу. Осы бағдарлама аясында жастарды ауылға тарту керек», – дейді Лавр Рашидұлы.

Қаладан ауылға барып, шаруа қожалығын ашып, жұмыс істеп жат-қан азаматтар бар. Соларға жағдай жасап, олардың тәжірибесін тарату қажет. Қазір ауылдарда су өт-
кізіліп, газ кіргізілген, жолдар салынуда. Бір шаруашылықтың бес-алты кісіні жұмыспен қамтуға қауқары бар. Жастардың ауылдан қол үзгені дұрыс емес. Ал оқу орын-
дарының түлектері білім ошақтарынан білікті маман болып қана қоймай, туған жерінің қасиетін бағалайтын, ауылын қадірлейтін және сол ауылдың зиялысына айналатын тұлға ретінде қалыптасып шығуы керек.

Қазір агроном және ветеринар мамандықтарына оқитындардың көпшілігі қыз балалар екені белгілі. Бұл да бір жағынан өзекті мәселе десек болады. Гендерлік саясат дегенімізбен, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері бар екені естен шықпағаны жөн екенін айтады мамандар. Өйткені, қазір карантиндік инспекцияда жұмыс іс-тейтіндердің жұмысы күннің әр  мезгілінде де жалғасып жатады. Мәселен, олар түнгі рейдтерге шы-
ғады. Ал бұл жағдай отбасылы нәзікжандылардың үйінде  түсінбес-тіктердің орын алуына себеп болуы мүмкін екенін де естен шығаруға болмайды.

«Жағдай   жасалса,   түлектер   ауылға   барады»

Еліміздегі іргелі ЖОО-ның бірі саналатын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ауыл шар-
уашылығы саласына қажетті 9 мамандық бойынша кадрлар дайындайды. Аталмыш университеттің студенттер контингентін қалыптастыру және мансап орталы-
ғының директоры Ізімғали Жұбан-таевтың айтуынша, бұл оқу орнын осы сала бойынша жылына 300-330 түлек бітіріп шығады екен. Сондай-ақ облыстық ауыл шаруа-
шылығы және ветеринария бас-қармаларынан осы салаларға қа-тысты мамандар даярлау жөнінде сұраныстар бар. Солардың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы мамандықтарына 2017-2018 оқу жылына БҚО әкімдігі 25 грант, Атырау облысының әкімдігі 7 грант, 2018-2019 оқу жылына облыс әкімдігі 10 грант, Атырау облысы әкімдігі 8 грант, Ақтөбе облысы әкімдігі 4 грант, Маңғыстау облысы әкімдігі 2 грант бөлген. Бұл гранттарға ие болған жастар оқу бітірген соң сол облыста жұмыс істейтін болады. Бүгін-де жастар арасында ветеринарлық медицина, ветеринарлық са-
нитария, орман ресурстары және орман шаруашылығы, мал шаруа-шылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандықтарына сұра-ныс жоғары болып отыр.

– Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында кәсіптік практикаға қабылдай отырып, ары қа-рай тұрақты жұмыспен қамтама-сыз ету бағытында жұмыстар жолға қойылған. Мәселен, Ақтөбе облысының «Актеп» ЖШС-мен «Мал шаруашылығы өнімдерін өн-
діру технологиясы» мамандығы бойынша оқып жатқан 4-курстың үш студентін тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде үш жақты келісімшартқа қол қойылды. Жастардың ауыл шаруашылығына қызығушылығын арттыру үшін оларға барынша жағдай жасау, жаңа кәсіппен айналысу үшін же-ңілдетілген несиелер беру, мемлекет тарапынан субсидиялар бөлу, ауыл шаруашылығындағы үздік бизнес-жобалары үшін гранттар
тағайындау секілді нақты іс-шараларды қолға алу қажет, – дейді Ізімғали Нұрымұлы. Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша түлектердің 55-58%-ы жұмысқа орналасады екен.

Ал Оралдағы жоғары аграрлық-техникалық колледжі директорының оқу ісі бойынша орынбасары Әсел Ғалиасқарованың айтуынша, мұндағы оқытылатын 16 мамандықтың арасында агроном, ветеринар, жерге орналастыру, есеп және аудит секілді  мамандықтар бар. Оларға жыл сайын бөлінетін бюджеттік орындардан бөлек, ата-аналардың, та-лапкерлердің сұранысы бойынша ақылы бөлімдер де оқушыларды қабылдайды екен. Колледждегі маркетинг бөлімінің мәліметінше, түлектердің 70-80 пайызы жұмыс-қа орналасады. Жаңақала, Сырым, Қазталов аудандарының ветери-нарлық стансаларында колледж түлектері жұмыс істеп жүр.  Былтыр агрономия бойынша 20 бала, ветеринар 21 бала грантпен оқу бітірген болса, 11 студент  ақылы түрде  білім алып шыққан.

– Жалпы сұраныс болса, түлек-тер ауылдарға баруға дайын. Ол үшін әлеуметтік серіктестер тарапынан сұраныс болу керек деп ойлаймын. Жалпы, біздің колледж-
де ауыл шаруашылығы маман-дықтарына оқытатын топтарға студенттер жиналмай қалған кездер болған емес. Қабылдау комиссиясы жастардың қандай мамандыққа қызығушылығы көп екеніне жыл сайын талдау жасап отырады. Қазір колледж студенттеріне модульдік оқыту бойынша білім берілуде. Бұл жұмысшы мамандарын дайындауға үлес қосады деп ойлаймын. Мысалы, біз бұған дейін ве-теринарлық фельдшер маманын даярлап келдік. Енді оған қоса студенттерге жануарлар мен құстар-ды жасанды ұрықтандыру операторы және жануарларды вете-ринарлық өңдеу операторы деген біліктілік бойынша куәлік алып шығуға мүмкіндік бар, – дейді Әсел Нариманқызы.

 

2686   бос   жұмыс   орны   тіркелген

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Анар Амантаеваның айтуынша, басқар-маға көбінесе мамандығы жоқ адамдар жұмыс сұрап келеді. Немесе арнаулы орта білімділер тарапынан әр түрлі жұмыстарға  сұ-раныс бар екен.

– Аудандардағы шаруашылық-тарды аралағанда көбіне шаруа қо-жалықтарында мал бағатын адам тапшы екеніне жиі куә болып жүрміз. Әрине, бұл жерде төленетін жалақы мөлшері де үлкен рөл атқарады. Мәселен, 50-60 мың  теңге айлық үшін далада тұрып,  мал бағуға екінің бірі келіспейді, – дейді Анар Амантайқызы. Атал-ған басқарманың сайтында 2019 жылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілген. Онда ауыл шаруашылы-ғы өндірісіндегі тракторшы-машинисі, ал ветеринария саласы бо-йынша ұрықтандырушы, мал дәрігері, малды дәрігерлік өңдеу операторы, агроном қажет екені жазылған. Ал электрондық еңбек биржасында облыста 2686 бос жұмыс орны берілген. Мәселен, Ақжайық ауданы бойынша 49 бос жұмыс орнына 28 хабарландыру жарияланған. Қарап отырсақ, олардың басым көпшілігі Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеге қажетті мамандар екен.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, 2009 жылдан 2019 жылдың  1 мамыры аралығында 5744 маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдарда қызметке орналасқан. Олардың 171-і ауыл шаруашылығы сала-сының маманы екен. Алайда  басқармада олардың нешеуі агроном әлде ветеринар маманы екені жөнінде ақпарат жоқ. Жалпы  7780,6 теңге бюджет несиесін
әлеуметтік сала мен ауыл шаруа-шылығы кешенінің 2797 маманы алғаны белгілі болып отыр.

Жыл өткен сайын дала төсі малға толып, алқаптарда дәнді дақылдар көлемі ұлғаюда. Сол себепті төрт түліктің амандығына, бидайдың бі-тік болуына жауапты мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру бағытындағы іс-шараларға да жете мән беретін уақыт жеткен сияқты.

 

 

Нәсіпқали  ҚАЙЫРҚОМОВ,

Ақжайық ауданының құрметті азаматы, «Нұр-Тілек» ШҚ жетекшісі:

 

– Он екінші жылға кетті, бағып отырған малым асылданбайды. Себебі, бұл мәселенің жай-жапсарын анықтап, шешімін табатын маман жоқ. Өйткені мен жетекшілік ететін фермаға зоотехник, веттехник  керек. Бұл шаруа үшін мемлекет бөлетін қыруар қаражат желге ұшуда. Білікті мамансыз мал өспейді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау керек. Әрі олардың ауылдарға жұмысқа баруына жағдай жасау  қажет.

 

Жайнагүл  САЙЫНОВА, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенті:

– Биыл агроном мамандығы бойынша оқу бітіргелі отырмын. 2030 жылдарға қарай агроном-айтишник деген мамандықтар ашылып, бұл сұранысқа ие мамандық болады деп ойлаймын. Өндірістік тәжірибеден өту барысында  тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс істедік. Курстастарымның 80 пайызға жуығы өз мамандықтарын сүйіп таңдаған түлектер деп айта аламын. Көбісі өз мамандықтары бойынша жұмыс істегісі келеді. Мен Алла жазса, Желаев нан комбинатына жұмысқа орналасқалы отырмын.

 

Ясипа   РАБАЕВА,
«Орал   өңірі»