11.07.2019, 22:18
Қараулар: 85
Арыстық балалар Оралда демалуда

Арыстық балалар Оралда демалуда

Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында «Үш тұғырлы тіл» жазғы мәдени-танымдық ауысымы өз жұмысын бастады. Онда Арыс қаласының 50  оқушысы, Ресей-дің  Самара облысындағы «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы қоғамдық ұйымынан 15 шақты оқушы мен өз өңіріміздің оқушыларын қосқанда жалпы саны 105 оқушы демалуда.

Шараны ашқан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Ғабдушев мұндағы демалыстың бағдарламасына тоқталып өтті. Оның сөзінше, 10 күндік демалыстың бағдарламасы, негізінен, мәдени-танымдық іс-шараларға бағытталған. Ба-

лалардың тіл үйренуге деген ынта-ниетін арттыру бойынша  танымдық сабақтар, спорттық ойын-дармен қатар жалпы рухани құндылықтарға баулып, тәрбиелеу басты  назарға  алынбақ.

Шарада сөз алған Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы  ахуалға ерекше көңіл бөлуде. Со-ның ішінде балалардың жазғы демалысының ойдағыдай өтуі басты назарда тұр. Облыс басшысы Ғали Есқалиевтің тапсырмасына сай бүгінгідей іс-шара ұйымдастырылып
отыр. Өзге оқушылармен қатар, арыстық балалар Ақ Жайықтың таңғажайып табиғаты аясында өте жақсы демалады деген сенімдеміз. Біздің міндетіміз – сіздерге
барынша қолайлы жағдай жасау. Демалыс сәтті өтіп, Оралдағы бұл  күндер сәуле шашқан  бақытты сәттер болып есте қалсын деген тілектемін», – деп ақжарма тілегін
арнады. Сондай-ақ БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы  төрағасының  орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғайса Қапақов ізгі лебізін білдіріп, ассамблеяның да балалардың демалысының тиімді өтуіне атсалы-сатынын  айтты.

– Арыстан келген балалардың көңіл күйі жоғары. Түркістан облысынан келген 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды үш мұғалім бастап келді. Орталықта алғашқы
күні-ақ кездесу кеші ұйымдасты-рылды. Кештің балалардың  жаңа ортада өздерін еркін сезініп, өзара тіл табысуына ықпалы зор болды. Оқушылардың әр күні қы-
зықты өтуі үшін барлық жағдай жасалады, – дейді аталмыш орталықтың директоры  Гүлсім Дүйсенғалиева.

Облыстық білім басқар-масының берген мәліметінше, осы ауысымдағы жұмыстарға 2 миллионнан астам теңге қаражат жұмсалмақ. Сонымен қатар «Жайықмұнай» ЖШС, «Ақжайық» футбол клубы, «РИАМИР» ЖШС, «Kinoplexx West» ЖШС, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ  және Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы да
оқушылардың әр күнінің мазмұнды да мәнді өтуіне өз үлестерін қосатын болады. Ал лагерьдегі мәдени-танымдық іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар мақтау
қағаздарымен және сыйлықтар-мен марапатталмақ.

Ясипа   РАБАЕВА,
«Орал  өңірі»