8.07.2019, 21:51
Қараулар: 104
Бейбіт өмірдің қадірін білейік

Бейбіт өмірдің қадірін білейік

Мемлекет  тарапынан  қолға  алынған  «Жусан»  гума­нитарлық  операциясы  аясында  адасып, жаңыл­ған  жандар  елге  қайтарылуда.  Санасы уланып,  жат  ағым­ның  жетегінде  кеткен  біраз  қандасымыз  жусан  исі  аңқыған сайын  далаға  оралды. Солардың  бірі – жерлесіміз  Дариға  Шелеуова.

 

Облысымыздың орта­лық мешітінде өткен жұма намазы кезінде ол жа­мағаттың алды­на шығып, өзінің және отбасы мүшелерінің қате­лескендерін ай­-
тып, нәтижесінде өзге елде ері­нен, күйеу баласынан айырылып, қызы және жиені үше­уі көп қиын­дықты бастан кешкенін баянда­ды.

– Сөздің шыны керек, мұнда келу, қалың жамағаттың алдында сөз сөйлеу туралы шешім қабылдау маған оңай болған жоқ. Дегенмен де бауырларымыз, жас­тарымыз біз секілді адасып, от баспасын, туған елдің, тыныштықтың қадірін білсін деген оймен келдім.

Енді басымыздан өткен жағ-дайды қысқаша айтып өтейін. 2013 жылы жанұямызбен, яғни жолдасым, қызым, күйеу балам және бес айлық жиенім бар – бесеуміз шетелге аттандық. Бірден айтайын, бұл сапарға бастамашы болған – күйеу балам. Ол «Мысыр еліне барамыз, онда білім аламыз» деп алдап, үйімізді, саяжайымызды, көлігімізді сатқызып, Сирияға алып келді. Біз барған­да Сирияда тыныш еді. Артынан алданғанымызды түсіндік. Джихад туралы әңгіме көбейді. Бірақ бәрі кеш-тұғын. Елге қайтуға мүм­кіндік болмады. Артынан атыс-шабыс басталды. Бомбалау кезін­де жолдасым, көп кешікпей кү­йеу балам ажал құшты. Біз қиын жағдайда, қорқынышта өмір сүрдік. Қазақстандағы ашық аспанның, алаңсыз өмірдің қадірін сон-
да жете түсіндік. «Бәрі шари­ғат­­пен өмір сүреді, халифат болады» дегеннің шындыққа жа­нас­пай­тынын көз көрді. Онда Ислам діні талаптарына сай өмір сүріп жатқан елді көрген жоқпыз. Бәрі жалған екен. Аллаға шүкір, ті­рі қалдық. Ен­ді, міне, Отанымызбен аман-есен қауышу бұ­йыр­ды. Қазақстанға кел­ген­де бізге «Қош кел­діңіздер!» деп құшақ
жая қарсы алды. Туған жеріңнің, халқың­ның ыстық ықыласынан артық еш­те­ңе жоқ
екен. Мемлекетіміздің осын­дай қамқорлығына риза­мыз, – деді ол.

Облысымыздағы өкіл имам Ер­кебұлан Қарақұловтың сөзіне қа­ра­ғанда, әлі де дәстүрлі дінімізді түсінбей, тіпті түсінгісі келмей жүр­ген жастар бар. Сондай жандар шын мәнінде кімнің кім еке­нін білсін, кейбір ислам мемлекеттеріндегі жағдайды ол жақтан оралғандардың өз ауыздарынан естісін деген бағытта мұндай ша-
ра ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін білуге, жамандықтан сақтандыруға, ғиб-рат алуға шақыру.

Мәди  ЫҚЫЛАС