8.07.2019, 21:48
Қараулар: 104
Әуежайды жаңғырту жұмысы басталды

Әуежайды жаңғырту жұмысы басталды

Өткен  аптаның соңында  облыс  тұрғындары  мен қонақтары  көптен  күткен  маңызды  жобаның тұсауы  кесілді.  Орал  халықаралық  әуежайын қайта  құру  және  жаңғырту  жұмысы  басталды.

– Астана күні мерекесі қарса­ңындағы бүгінгі күн – барлық ба­тысқазақстандықтар мен өңірде жұмыс істеп жүрген әріптестері­міз үшін өте маңызды күн. Әуе жолаушыларына қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін және облыстың инвестициялық-туристік тартымдылығын арттыру мақсатында Орал қаласының халықаралық әуежайын қайта құ­ру және жаңғырту жұмысы бас­талды.

Осыдан қырық жыл бұрын, яғ­ни 1979 жылы пайдалануға бе­рілгеннен бері әуе бекеті ғима­-
раты жаңғыртудан және күрделі жөндеуден өтпеген. 2015 жылы  жасанды ұшып-қону жолағына күр­­делі жөндеу жүргізіліп, барлық түрдегі қазіргі заманғы әуе кемелерін шектеусіз қабылдауға мүмкіндік туды. Алайда терминал ғимаратының тозуы және тех­ни­-
калық базаның ескіруі әуежай­дың жолаушылар өткізу қабілетін арттыруға және жаңа әуе бағыт­тарын ашуға мүмкіндік бермеді.

Өңірдің стратегиялық маңыз­ды орналасуын ескере отырып, қайта жаңғыртылған әуежай об­лыстың инвестициялық мүмкінді­гін молайтып, экономикалық-әлеу­меттік дамуына қосымша ықпал етері сөзсіз. Сонымен қатар осы жобаны жүзеге асыру жолында бірнеше жыл бойы қызмет еткен барлық қатысушыға алғысымды білдіре отырып, терминалды қай­та жаңғырту жұмыстарының табысты аяқталуын тілеймін, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Еліміздің батыс қақпасы саналатын Орал қаласына жаңа заманауи әуежайдың қажеттігі айқын сезілетін. Салынғалы бері жөні түзу жөндеу көрмеген ескі ғима­рат­тың тозу деңгейі 75 пайыздан астам. Батысқазақстандықтар мен облысқа келген қонақтардың барыс-келісін жеңілдетіп, өңірде кә­­сіпкерлік пен туризмнің дамуы­на тың серпін беретін жоба­ның жалпы құны — 1,5 млрд. теңге. Бас­тамашысы «Орал» ӘКК» АҚ, тап­­-
сырыс беруші – «ҚПО б.в.» компа­ниясы. Мердігер «KazConstructionGroup»
ЖШС әуежайды қайта құру және жаңғырту жұмысын 2020 жылдың төртінші тоқсанында аяқтауды көздеп отыр.

«ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Эдвард Бломның айтуынша, терминалды қайта құ­ру және жаңғырту жұмысы халық­аралық әуе стандарттарына сәй­-
кес жүзеге асады.  Жұмысқа жергілікті компаниялар ғана тартыла­ды. Жалпы, 1998 жылдан бері «ҚПО б.в.» облыста әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 360 млн. АҚШ долларын бағыттаған. Соң­ғы үш жылда компания 64 әлеу­меттік жобаны іске асырса, биыл 25 жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Қайта құру және жаңғырту жұ­мысының нәтижесінде терминал аумағы екі есеге дейін ұлғайып, сағатына 400, ал жылына 350 мың жолаушы қабылдау мүмкіндігіне ие болмақ. Жаңа әуе бағыттары ашылмақ. Тарихи қасбетін сақ­тай отырып, қайта құрылатын ғима­-
ратта жолаушылар мен күтіп алу­шыларға ыңғайлы әрі жайлы қыз­-
мет көрсету үшін барлық құрал-жабдықтар мен жиһаздар жаңар­тылмақ. Халықаралық және ішкі әуе рейстеріне қызмет те осы ғи­маратта көрсетілмек.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС бас директоры Хайретден Рыс­қалиев облыс тұрғындары мен қонақтарын ғимаратты жаңғырту жұмысы кезіндегі уақытша қолай­сыздықтарға түсіністікпен қарау­ға шақырады. Әуежайды қайта құ­ру және жаңғырту әуе рейсте­ріне кедергі келтірмейді. Барлық қыз­мет халықаралық терминал
ар­қылы  көрсетіледі.

 

Динара  ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал  өңірі»