8.07.2019, 21:44
Қараулар: 93
Майтүбекке де ауыз су құбыры тартылмақ

Майтүбекке де ауыз су құбыры тартылмақ

Жұмыс  сапарымен  Жәнібек  ауданында  болған облыс  әкімі  Ғали  Есқалиев Борсы  ауылдық  округіне  қарасты Тегісшіл  елді  мекеніне  таза  ауыз  су  жүргізу, Қамысты  ауылындағы  суландыру  жүйесін  қайта  жабдықтау  жұмыстарының  барысымен  танысты.

Биыл Тегісшіл ауылын орталықтандырылған та­за ауыз сумен қамту
мақсатында респуб­ли­калық және облыстық бюджет есебінен 368 миллион теңге қа­-
ражат бөлінген. Аталған ауылда­ғы 60-қа жуық үй мен төрт әлеу­меттік нысанды таза ауыз су­мен қамтамасыз ету жұмыста­рын  «ЖайықГазСу» ЖШС жүргізуде. Жал­пы ұзындығы 10 шақырым­ды құ­райтын құбыр тарту жұмыс­тары  биылғы  күзде  аяқталмақ.

Мердігер компанияның басшысы Абылай Бақтығалиевтің айтуынша, маусым айында бастал­ған жұмыстар кестеге сай атқа­рылуда. Құрылысқа қажетті бар­лық материалдар мен құрал- жабдықтар дайын.

Сондай-ақ өңір басшысы Қа­мысты ауылдық округіндегі су ай­дайтын стансада болды. «Қаз­су­шар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының орын­ба­са­­ры Төлеген Ғұмаров суару-сулан­дыру жүйесі жұмыстарының екі жылдық жоспарымен таныстыр­-
ды. Оның айтуынша, магистраль­ды арнаның ұзындығы 34 шақы­рым­ды  құрайды.

Әкімдікте өткен актив жиы­нында аудан әкімі Азамат Сафималиев есепті кезеңде атқарыл­ған істерге, алдағы тұрған жос­парға тоқталып өтті. Жиынға сондай-ақ облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар, об­лыс­тық басқармалар мен кәсіп­орын­дардың басшылары, аудандық мәс­лихаттың депутаттары, ауыл­дық округтердің әкімдері, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, құ­қық қорғау құрылымдары мен қо­ғамдық ұйымдардың өкілдері, қо­ғамдық кеңестердің төрағала­ры мен бір топ ардагер қатысты.

Аудан әкімі өз баяндамасында 2019 жылғы 1 шілдеге нақтылан­ған аудан бюджеті – 4 251,7 млн. теңге, соның ішінде трансферттер түсімі – 3 939,4 млн. теңге, ау­-
дандық бюджеттің өз кірістері 312,3 млн. теңгеге жеткендігін айт­ты. Аудан бюджетінің 2019 жыл­ғы 1 шілдеге кіріс бөлігінің жоспары 164,2 млн. теңге, орындалуы 185,8 млн. теңгені (113,2%) құрады (21,6 млн. теңге артық орындал­ды). 2019 жылғы түзетілген бюд­жеттің шығыстар бөлігінің жоспары 4 251,7 млн. теңге құраса, 1 шілдеге бюджеттің шығыстары 2 млрд. 103 млн. 134 мың теңге құраған.

Ауданның негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады. Соң­ғы жылдары мал басының өсі­мі байқалған. Жалпы, аудан бо­йынша шаруа қожалықтарының саны 357 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға өскен. Қазіргі уақытта мүйізді ірі қара мал басының саны 48 489, қой – 65 943, ешкі – 7 206, жылқы – 15 386, түйе – 84, құс – 23 517 басты құрап отыр. 2019 жылдың 1 мау­сымына аудан көлемінде 923 ша­ғын кәсіпкерлік субъектісі тірке­ліп, онда 1 493 адам қызмет ат­қаруда. Есептік кезеңде кәсіпкер­лік саласында жасалған жұмыс­тар көлемі – 1 116,1 млн. теңге, алдыңғы жылмен салыстырғанда (995,1 млн.теңге) 12,2 % — ға өскен. Бес айдың ішінде 110 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда (87 жаңа жұмыс орны) 26,4%-ға өс­кен. «Бастау бизнес» жобасы бо­йынша биылғы жылда 90 адам оқытылып, 11 адам 70,7 млн. теңге несие алған.

Алдағы уақытта іске асырылатын ірі жобалардың қатарында аудан орталығынан әмбебап дү­кен, екі газ құю бекетін, 30 орын­дық қоғамдық монша және 300 орындық мейрамхана салу бар. Аудан халқын жұмыспен қамту­дың кешенді жоспары бойынша биыл нысаналы топтарға жата­тын 1064 адам жыл ішінде жұмыс­пен қамту шараларына тартыл­мақ. Алты айдың қорытындысына сәйкес 407 адам, яғни 38% адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Елбасының бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолже­тімділігін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында бүгінгі таң­да барлық ауылдық округ орта­лықтарында, биыл Күйгенкөл жә­не Ұзынкөл ауылдарында жаңа спорт алаңдары салынған. Сондай-ақ жоспар бойынша Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекенінде биыл жазғы спорт алаңы салынады. Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 218 адам тіркеуде тұр. Жәнібек ауылындағы А. Оразбаева атындағы негізгі мектебінде спорт­зал жоқ екені баршаға мәлім. Осы тұрғыда аталған мектептің ауласына жаңа спортзал салу
үшін жобалық-сметалық құжатта­ма дайындалып, қазіргі уақытта кешенді  сараптамадан  өтуде.

– Жәнібек ауданы облыс ор­та­лығынан шалғай орналасса да, мемлекеттік бағдарламалар сәтті орындалуда. Аудан келбеті, тұр­ғындардың әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтің жағдайы оңды шеші­ліп, елді мекендер газ-сумен қам­тылды. Республикалық маңызы бар жол салу жұмыстары уақты­лы аяқталатынына сеніміміз мол. Өткен жылы аудан орталығын­да­ғы тоғыз көше жөнделсе, биыл Х. Чурин көшесіне асфальт төсел­ді. Сонымен қатар Жақсыбай ауы­лындағы М. Ықсанов атындағы ор­та мектеп бұдан 40 жыл бұрын пайдалануға беріліп, содан бе­рі жөндеу көрмеген. Жобалық-сме­талық құжаттамасы жасақталып, келер жылы қаржы бөлініп, жөн­деледі деген сенімдеміз, – деді жа­рыссөзге қатысқан аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді  Уәлиев

Ж

иында сөз сөйле­ген облыс әкімі Ғали Ес­қалиев облыс бо­­­йынша шешімін та­-
уып жатқан игілікті істер Елбасы қабылдаған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағ­дарламалары, «Бес әлеу­меттік бастамасы», мемлекет бас­шысы Қ. Тоқаевтың 10 ба­сымды­­ғы тұрғындардың өмір сү­ру сапа­сын арттыруға тікелей бағыт­тал­ған­дығын  атап  өтті.

– Аудан әкімінің жұмысы ша­ғын және орта бизнестің дамуы, тартылған инвестициялар көлемі мен ашқан жаңа жұмыс орында­рымен бағаланатын болады. Жол
мәселесі ҚР Президенті Қ. Тоқаев­тың тікелей бақылауында. Соңғы үш жылда өңірімізде жол құры­лы­сы қарқын алды, 1 мың ша­қырымнан астам жол жөнделіп, салынды. Мәселен, Қазталов ау­да­ны орталығынан өтетін жол Жә­нібек арқылы Сайқын, Хан ордасы ауылына жететін болады. Бү­гінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Республикалық, облыстық және жергілікті жолдарды салу жұмыстары жалғасады. Өткен жы­лы «ҚПО б. в.» компаниясының әлеуметтік міндеттемесінің негі­зінде аудан орталығы – Жәнібек ауылындағы жалпы ұзындығы 10 шақырым болатын 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргі­зіл­ді. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен жалпы құны 146 млн. теңге қаражат бөлініп, «Жәнібек-Талов-Кіші өзен» аутомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті. Алдағы уақытта Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдарының кіреберіс жолдарын асфальттау және ау­дан орталығының аутокөлік жол­дарын жөндеу, Жәнібек ауылын­дағы жаңадан салынған тоғыз көшеге жол салу жоспарда, – деді облыс әкімі.

Бұдан кейін өңір басшысы өт­кен жылы облыс және аудан кө­лемінде атқарылған құрылыс жұ­мыстарына  тоқталды.

– Жәнібек ауылының шығыс бе­тінде екі қабатты 12 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысын жүргі­зу­ді жоспарлап отырмыз. Күні бү­гін жобалық-сметалық құжатта­ма­сы жасақталынған бұл жоба іске асқан жағдайда, барлығы 24 пәтер салынып, өз иелеріне табыстал­мақ. Тегісшіл ауылында 50 орын­дық балабақшаның құрылысына жобалық-сметалық құжаттама да­йындалды. Құрылыстың құны – 212 млн. теңге. Аталған жобаның құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүргізу жоспарлануда. Жәнібек ауылы­ның шығыс бағытынан 160 көрер­мен­ге арналған дене шынықты­-
ру-сауықтыру кешенінің құры­лы­сына жобалық-сметалық құжатта­масы дайындалды. Құрылыстың сметалық құны – 368 млн. теңге. Биыл «ҚПО б. в. » компаниясының қаражаты бойынша құрылыс жұ­мыстарын жүргізу жоспарлану­да, – деді облыс әкімі.

С

онымен қатар өңір бас­шысы халықтың өмір сү­ру сапасын арттыру бағытында тұрғындар­ды сапалы таза ауыз сумен қамту­дың жайына тоқталып, соңғы екі жыл­дың көлемінде Қамысты, Жә­нібек, Ақоба және Талов ауылда­рына ауыз су жеткізілгенін, нә­ти­жесінде аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 93,3 па­йыз­ды құрағанын айтты. Қазіргі кезде Тегісшіл елді мекеніне ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүр­-
гізіліп жатқаны, алдағы жылда­ры Майтүбек, Еңбекші елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары жоспарланғаны, ауданның газбен 100 пайыз қам­тылғаны айтылды. Сонымен қа­тар өңір басшысы халықпен жұ­мыс жасаудың жаңа тетіктері ен­-
гізілетінін айтып, Жәнібек ауда­нындағы өзінің қоғамдық өкілі Самиғолла Оразовты таныстырды.

Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшым­ды  жауаптар  алынды.

Актив жиналысынан кейін өңір басшысы тұрғындарды жеке қа­былдап, олардың көтерген мәсе­лелеріне орай тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар бер­-
ді.

 

Нұрбек    ОРАЗАЕВ,

«Орал   өңірі»