8.07.2019, 21:41
Қараулар: 348
Қадыр орталығында электронды домбыра бар

Қадыр орталығында электронды домбыра бар

Ұлттық домбыра күні Орал қаласындағы Қадыр ақын ескерткішінің алдында мерекелік шара өтті. Оған өнер саласының ардагерлері мен жергілікті әнші-күйшілер, термешілер қатысты.

 

– Жайық өңірі – дәулескер күйшілер туған жер. Ұлттық домбыра күнін кең көлемде атап өту, бабаларымыздың ұлы мұрасын ұрпаққа насихаттау – басты мақ-
сат. Күй атасы атанған Құрманға-зы Сағырбайұлының ізімен былтыр Ресейдің көршілес өңіріне танымдық экспедиция ұйымдас-тырып, жаңа деректер жинадық. Құрманғазы баба мерейтойына байланысты Орал қаласында бір мезетте 1700-ге жуық үлкен-кіші өнерпаз күй тартқаны көптің есінде. Қазақтың қара домбырасы – ұлттық брендіміз. Домбыраны насихаттауға арналған ауқымды шаралар биыл да жалғасын табады. Биылғы шілдайының өзінде жергілікті өнерпаздар Австрияға барып, қазақтың ән-күйін әуелетіп, ұлттық сазаспаптарының ерекшелігін көрсетті, – деді көпшілікті ұлттық ме-
рекемен құттықтаған облыстық мәдениет, архив және құжатта-малар басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев. Кейін «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Асқар Кен-жеғалиев белгілі домбырашылар Өтеген Жұмашев, Ермек Қазиев, Ұлмекен Батыроваға одақ атынан құрмет грамотасы мен мүшелік билет табыстады.

Ақын ескерткіші алдында өткен шарадан соң Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Күйшілер» бөлмесі ашылды. Бөлмеде жергілікті қол-
өнер шеберлері жасаған домбы-ралар қойылған әйнек сөре бар. Қабырғадан домбыра құрылысы туралы көрнекі суретті көруге болады. Кейбір тақтайға Ақ Жайық өңірінен шыққан күйшілер туралы мәліметтер мен аспап тарихына байланысты ерекше оқиғалар жөнінде жазылған. «Күйшілер» бөлмесіндегі ең ерекшесі – облыстық
балалар техникалық-шығармашы-лығы орталығының маманы Марс Мақсот жасаған электронды домбыра. Асқар Кенжеғалиевтің идеясымен жаңа аспап бір аптаның ішінде дайын болыпты. Қабырғаға тігінен бекітілген домбыра mp3 форматында жазылған күйлер әуенін орындайды. Оның ішегін шерткенде, күй сарыны өзгеріп отырады. Домбыраны іске қосқанда Bluetooth мүмкіндігін пайдалануға болады. Шебер алдағы уақыт-та ұлттық аспаптың техникалық ерекшелігін, безендірілуін жетіл-дірмек. Келген қауым «Күйшілер» бөлмесімен танысқан соң, өнер орталығының концерт залына барды. Залдағы шарада одақ атынан марапаттау жалғасын тауып, жергілікті домбырашылар күй орындады. Күйшілер одағының өкілі Асқар Кенжеғалиев қаңтар айын-
да құрылған республикалық қоғамдық бірлестіктің жоба-жоспарымен  таныстырды.

 

Нұртай  АЛТАЙҰЛЫ