8.07.2019, 21:38
Қараулар: 311
Ауыз сумен қамту 83%-ға жетпек

Ауыз сумен қамту 83%-ға жетпек

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Бөкей ордасы ауданында мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде мал басы артып, шаруалар су жаңа техникамен қамтылуда. Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиевтің қатысуымен аудан орталығында өткен актив жиынында айтылды.

Аталған ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы алдымен Тайғара ауылындағы су тарту жұмыстарын көріп, Мұратсай су қоймасындағы үлкен бөгеттің бүгінгі жағдайымен танысты.

Жобалық құны 92 миллион теңгені құрайтын Тайғара ауылына су тарту жұмыстарын Жандос Ақжігітов басқаратын «Real Storу Invest» ЖШС жүргізуде. Ұзындығы үш шақырымды құрайтын құрылыс жұмыстары келер жылдың басында толығымен аяқталуға тиіс.

Ал Мұратсай ауылының су қоймасындағы үлкен бөгеттің салынғанына 60 жылға жуық уақыт өткен. Жылма-жыл іргесін су шаятын көпір бүгінде апатты жағдайда. Бөгет салынған кезде ұзындығы 1300, ені 8 метр болса, бүгінгі таңдағы ені 3,5 метрге дейін жіңішкерген. Салынғалы жөндеу көрме-ген қоймаға су көп мөлшерде жиналса, бөгетті жырып кету қаупі бар. Ауа райының жауын-шашынды күні бөгеттен өтетін көліктер-дің апатқа ұшырауы да ықтимал. Сондай-ақ бүгінде суландыру арнасын тазарту да өзекті мәселе болып тұр. Аудан әкімінің айтуынша, бөгет жөндеу жұмыстарына қажетті құжаттар дайын. Бүгінде су қоймасына Ресей елінен екі миллион текше метрдей су жіберілуі тиіс. Бірақ жіберілетін судың түсімі аталған көрсеткішке жетпей отыр. Аталған каналдағы су деңгейі жоғары болғанда тұрғындарға бау-бақша егуге де қолайлы болған.

Аудан орталығында болған облыс әкімі бой көтеріп жатқан екі пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысын да көрді. Аудан тұрғындары-ның игілігі үшін салынып жатқан баспаналар құрылысына қажетті кірпіштің уақтылы келмеуі қолбайлау болуда. Мердігер компания өкілдері осы түйткіл шешілген жағдайда құрылысты уақтылы біті-ретіндіктерін айтады.

Құрылыс басында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов алдағы атқа-рылатын жұмыстар мен бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін нысандар туралы айтып өтті.

Аудан орталығындағы колледж бүгінде 130-дан астам жасқа білім беруде. 14 жыл болған колледжде осы кезге дейін спортзал бол-маған екен. Биыл аталған оқу ор-нының жанынан жаңа спорт алаңы салынып, пайдалануға берілген. Облыс басшысы колледждің және балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмысымен танысып, белсенді жастармен жүздесті. Аталған орталықта 360 бала түрлі үйірмемен қамтылған. Сондай-ақ жазғы лагерь тұрақты жұмыс істеуде.

Облыс әкімінің қатысуымен өткен актив жиынында аудан әкімі атқарылған істер мен алдағы мақ-саттар туралы баяндады.

Келтірілген деректерге сүйенсек, биылғы 6 айлық әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша аудан бюджетінің игерілуі 99,7%-ды құрап отыр.
Жергілікті бюджетке 169 млн. 396 мың теңге салық түсімдері түсіп, жоспар 106%-ға орындалған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көле-мі 1 млрд. 964 млн. теңгені құра-
ған, бұл өткен жылдың қаңтар-маусым деңгейінен 12%-ға артық. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1 млрд. 148 млн. теңгені құраған немесе 2018
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34%-ға өсіп отыр. Ауданның шағын бизнес субъектілері 1 млрд. 236 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, қызметтерін көрсеткен. Шағын кәсіпкерлік субъектілердің саны 936 болса, соның ішінде 513-і — шаруа қожалықтары. 2019 жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара мал саны 70 мың бас, қой мен ешкі – 98 мың бас, жылқы 25 мың бас болып, ірі қараның саны 3,6%-ға, жылқы 7,3%-ға артып отыр. Олардан 1895 тонна ет (105,4%), 7039 тонна сүт (100,1%), 162 мың дана жұмыртқа (100,1%) өндірілген.

Өздеріңізге белгілі, ауданымыздың негізгі бағыты — мал шаруашылығы.
Шетелден асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алуға, яғни импорттауға бағытталған «Сыбаға» бағдарла-масы бойынша «Боранбаев» шаруа
қожалығы Ресейден 100 бас Герефорд тұқымының қашарларын, «Құспан» шаруа қожалығы Мордовиядан 20 бас ангус тұқымының қашарларын, «Файзхан» шаруа
қожалығы Татарстаннан 46 бас, «Нарын» және «Игнат» шаруа қожалықтары Белоруссиядан 200 бас асыл тұқымды қашар сатып алып келді. 2016-2018 жылдары шаруа қожалықтарына барлығы 1 млрд. 495 млн. теңге субсидия берілсе,
2019 жылдың 6 айында 175 млн. теңге төленді. Аудан бойынша 2016 жылдан бері лизинг арқылы 176 дана әр түрлі жаңа ауыл ша-руашылығы техникасы сатып алынды. Биыл 135 мың тонна мал азығын дайындауымыз қажет. Бұл жұмыс-тар барлық округтерде қарқынды жүріп жатыр. Күні бүгінге 42 мың тонна шөп шабылып, дайындалды. Былтыр шетелге 108 тонна ірі қара малының еті, 12,5 тонна қой еті экспортқа шығарылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Ауданымызда 515 қыстақ болса, соның 226-сы электр жүйесіне қосылған. Электр жарығы-мен қамтылмаған шаруа қожа-лықтары энергияның баламалы түрі ретінде соңғы жылдарда 125 қыстаққа күн батареясы орнатты, соның ішінде биылғы жыл басынан 44 күн батареясы орнатылды. Сонымен қатар  мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету жобасы аясында биыл 16 құдық қазылды. Күн батареяларын орнатқан және құдықтарын соққан шаруа қожалықта-
ры мемлекеттен тиісті субсидияларын алып отыр. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарла-малардың арқасында мал саны өсіп, техникаларымыз жаңарты-лып, тиісті нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз, — деді аудан әкімі өз баяндамасында.

Сонымен қатар соңғы жылдары «Өңірлерді дамыту — 2020» мем-
лекеттік бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты бойынша елді мекендерге су тарту жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Биылдың өзінде осы жұмыстар үш ауылда
атқарылуда. Бұл жұмыстар аяқталған жағдайда аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 83%-ға жетеді. Сонымен қатар Мұратсай ауылы су құбыры-ның құрылысына конкурс жарияланып, мердігер анықталған (235 млн.тг.).

2018 жылы ауданның 12 елді мекенінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп, күні бүгінге барлық ауылдар көгілдір отынмен қам-тылып отыр. Қазіргі уақытта сол елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Былтыр Қ. Сағырбаев және М. Бегалиева атындағы орта мектептері, Саралжын ауылы мен Бөр-лі ауылының мәдениет үйлері газге қосылса, биыл Ш. Жексенбаев, Т. Масин атындағы орта мектептерін, Ұялы ауылдық клубын және Бөрлі ауылындағы «Балдәурен»  балабақшасын көгілдір отынға қосу жобалары жасақталып, конкурстық негіздемелері жариялан-ған.

Коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыстары мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілсе, жеке тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп келеді. Алдыңғы жылы үй саламын деген тұрғын-дарға толықтай инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтылған 32 жер учаскесі берілсе, былтыр 35 учаскесі берілген.

Аудан активінің жиынында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін арттыру, инвестиция мен ет импортына қатысты ойларын айтып, нақты тапсырма беріп, міндеттер жүктеді.

Бұл аудандағы облыс әкімінің қоғамдық өкілі болып сол елдің азаматы, жеке кәсіпкер Нұрлыбек Бірманов тағайындалды.

Ауданның аға буын өкілдері Болат Лұқпанов, Қайролла Сабы-ров, Гүлжиян Бисекенова мен аудандық мәслихат депутаты Нағым Тәжімұратов жол мәселесі, шека-
радан өтуді жеңілдету, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты түйткілді мәселелерді облыс бас-шысының назарына ұсынды.

Актив жиынынан кейін облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Нұрбек   ОРАЗАЕВ,

«Орал   өңірі»