8.07.2019, 21:33
Қараулар: 313
«Нұрлы жердің» шапағаты

«Нұрлы жердің» шапағаты

Жаңақала  ауданында  жұмыс  сапарымен  болған  облыс әкімі  Ғали  Есқалиев  ауданаралық  сауықтыру  ауруханасы «Оңалту  орталығында»  болып, оның  тыныс-тіршілігімен  танысып,  ем  алушылармен  жүздесті.  Орал  қаласынан, басқа  да  аудандардан  келген  ем  алушылар  оңалту  орталығының жұмысына  оң  баға  берді.

Өз кезегінде облыс бас­­шысы Ғали Есқа­лиев бұл орталықтың қа­зіргі күрделі ах­уа­лы­нан хабардар екенін мәлім­­деп, қаржылық жағдайын көтеруге жұ­мыстанатынын жеткізді. Сонымен қатар орталық басшылығына ақы­лы қызметті жандандыру керектігін айтты.

Мереке қарсаңында Жаңақа­ла ауданында 23 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Жаңақала­лық­тарға тұрғын үйлердің кілтін табыстау салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Облыс әкімі аудан орталығы – Жаңақала ауылында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылы­сы бағдарламасы аясында аудан­дық бюджет есебінен салын­ған тұрғын үйлердің кілтін жетім жә­не ата-аналарының қамқорлы­ғын­­сыз қалған балаларға, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне та­быстап, жаңа қоныстың құтты шаңыраққа айналуын тіледі.

– Халықты тұрғын үймен қам­тамасыз ету – өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан елімізде осындай күрмеулі мәселелерді шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Нұр­лы жер» бағдарламасы. Басқа да жеңілдетілген несиемен үй бере­тін бағдарламалар бар. Алдағы уақытта аз қамтылған отбасылар­ға, жетім балаларға екі пайыздық несиемен үй берілетін болады. Бұдан бөлек жеке баспана тұрғызып аламын деп ниет білдірген тұрғындарға жер телімде­рі беріледі. Бір ғана Жаңақала ауылының өзінде 1047 жер теліміне инфрақұрылым тартып бердік. Енді сол жерге тұрғындар өз үйлерін тұрғыза алады. Бұның бә­рі – мемлекеттің көмегі. Мұндай салтанатты шараға қатысқаныма мен де қуаныштымын. Қоныста­рыңыз құтты да берекелі болсын, — деді облыс әкімі.

Жалпы, үш қабатты жалдамалы тұрғын үйдің іргетасы былтыр қаланған болатын. Белгілі себептерге байланысты құрылыс толық аяқталмаған еді. Ал биылғы жылы тұрғын үй құрылысын «Жалпақ­тал су» ЖШС мердігер мекемесі межелі уақытынан ерте аяқтап, ел игілігіне беріп отыр. Келісімшарт құны 181 млн. 198 мың теңгені құрайды. Аталған тұрғын үй кеше­ні 24 пәтерден тұрады. Алдағы уа­қытта Жаңақала ауданында тұр­ғын үй құрылысын қарқынды жүргізу мақсатында көптеген жобалар іске асырылатын болады.

Мұнан соң облыс әкімі аудан активімен кездесті. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аймақ­тың бүгінгі ахуалымен таныстырып, келелі мәселелерге тоқта­лып өтті.

Жиында айтылған мәлімет­тер­ге сүйенсек, күні бүгінге аудан бойынша 9 ауылдық округте 518 шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Жалпы аудан бойынша мал ба­сы
тұрақты өсіп келеді. Соңғы үш жылда ірі қара малы 110%-ға, қой мен ешкі 101,4%-ға, жыл­қы 112,8%-ға өсіп отыр. Мал шар­уа­шылығын дамытудағы алға қой­ған басты мақсаттардың бірі  мал тұқымын асылдандыру болып та­былады. Бұл бағытта аудан бо­йынша жұмыстар қарқынды жүр­гізілуде. 2016 жылы асыл тұқым­ды мал өсірумен айналысатын 25 шаруа қожалығы болса, қазір­гі таңда олардың саны 43-ке жет­ті (30 ШҚ – ірі қара, 8 ШҚ – қой, 5 ШҚ – жылқы). Аталған шар­уашылықтар 2016-2019 жылдары шетелдік және отандық селек­ция­лық асыл тұқымды 2309 бас, тауарлы 1252 ірі қара, асыл тұқым­ды 1713 бас, тауарлы 4857 бас қой сатып алған. Сонымен қатар 2016-2019 жылдары мемлекет­­тік қолдаулардың нәтижесінде шаруа қожалықтарына 1,6 млрд. теңге субсидия төленіп, 3,3 млрд. теңге жеңілдетілген несие берілген. Шаруалар 202 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен 74 панельді күн батареясын сатып алған.

2017 жылы жеке инвестиция­лар есебінен 1000 және 400 бас­қа арналған екі мал бордақы­лау алаңы салынған. 2019 жылдың 5 айында ауыл шаруашылығын­дағы инвестиция көлемі 253,4 млн. теңгені құрап отыр. Ауданда 48 мың гектар көлтабандар бар. Алайда өткен ғасырдың 70-80 жыл­дары салынған суландыру жү­йелерінің (каналдар мен су рет­­тегіш қақпаларының) тозуына жә­не әр жылдары су көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты шар­уа қожалықтары 28 мың гектар көлтабандарды ғана пайдалануда.

Бұл ретте аудан бойынша мал қыстағына жемшөптің  қажеттілігі 130-135 мың тонна болса, атал­ған көлтабандардан алынатын мал азығы осы қажеттіліктің 25-30% құрайтынын атап өту қажет.

Өткен жылы облыстық бюд­жет есебінен бөлінген 63,2 млн. тең­ге қаржыға «Төртқұ­лақ», «Қара­су» лимандарын күр­делі жөн­деу жұмыс­­­тары басталып, биыл­ғы тамыз-қыркүйек ай­ларында аяқ­тау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар осы жұмыс­тар­дың жалғасы ретінде аудан­дық бюджет есебінен №42 лиманды күрделі жөндеуге жобалау-сме­талық құжаттама жасақталып, об­лыстық табиғат қорғау басқар­масына ұсынылды. Жоба құны – 17,4 млн. теңге.

2016 жылы Жаңақала ауда­нында мемлекеттік бағдарлама ая­сында 106,8 млн. теңгеге аума­ғы 1628 шаршы метр 19 комму­налдық тұрғын үй құрылысы са­лынып, пайдалануға берілген. Сон­дай-ақ жеке тұрғын үй құрылы­сын салушылар есебінен 5526 шаршы метр тұрғын үй алаңы іске қосылған. Биыл аудан орталығын­да 182,0 млн. теңгеге үш қабатты 24 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан ор­талығында 160 орындық дене шы­нықтыру-сауықтыру кешенінің құ­рылысы (441 млн. тг.) ҚПО б.в. қаражаты есебінен салынбақ. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін 2020 жылы ау­дан орталығынан үш қабатты 21 пәтерлік (224 млн. тг.), 2021 жылы екі пәтерлік 40 тұрғын үй­дің (1072 млн. тг.) құрылыстарын салу жоспарлануда (01.07.2019 жылға аудан бойынша 358 адам тұрғын үй кезегінде тұр). Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрғандар­дың сұраныстарын қанағаттанды­ру мақ­сатында аудан орталығына 204 учаскеге инженерлік-комму­никациялық инфрақұрылым өткі­зу жоспарда тұр (01.07.2019 жыл­ға аудан бойынша 561 адам жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұр).

2018 жылы 147,0 млн. теңгеге ауданның төрт елді мекеніне (Жуалыой, Мұқыр, Сарыкөл, Жангел­ді) газ құбыры тартылып, 11 әлеу­меттік нысан мен 316 аула табиғи газ желісіне қосылды. Биыл Салтанат, Саралжын, Борық, Плантация елді мекендерін газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы күтілуде. Қазіргі таңда аудан бойынша көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 95%-ды құрап отыр.

Күні бүгінге аудан бойынша то­ғыз ауылдық округке кірме жол­дардың барлығы да күрделі немесе орташа жөндеуді қажет етеді. Соның ішінде аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу­ден өткізу бойынша Көпжасар және Пятимар ауылдарының кір­-
ме жолдары басымды жол учас­келерінің қатарына жатады. Көк­темгі және күзгі мезгілдерде атал­ған ауылдарға жол қатынасы үл­кен қиындықтар туғызып келеді. Бұл жол учаскелерін жөндеу жұмыстары облыстық бюджеттен қаражат мәселесінің шешілуі­-
не қарай жүзеге асатын болады. Биыл республикалық бюджет қаржысы есебінен Чапаев-Жа­ңа­қала-Сайқын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 113-130 км учаскесінде (17 км) орта­ша жөндеу жұмыстары жоспар­ланып отыр. Жоба құны – 941,8 млн. теңге.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қо­рытынды сөзінде барлық мәсе­лелерге жеке-жеке тоқталып, бір­қатар ұсыныстарды ескеретінін жеткізді. Ауданның сенімді өкіліасқосуда тұрғылықты халық­тың атынан сөз алғандар аудан­дағы кезек күттірмей шешілуі тиіс: ауыз судың берілуі, кірме жолдар, ауылдар арасындағы жол­дардың салынуы, инфрақұ­ры­лым­дардың жеткізілуі сықылды бір­қатар түйткілді мәселелерге тоқ­талып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қорытынды сөзінде барлық мәселелерге жеке-жеке тоқталып, бір-
қатар ұсыныстарды ескеретінін жеткізді. Ауданның сенімді өкілі ретінде Ербол Салықов тағайындалды. Басқосудан соң өңір басшысы тұрғындарды мәселелері бойынша
жеке қабылдады.

Нұрбек    ОРАЗАЕВ,
«Орал   өңірі»