8.07.2019, 21:27
Қараулар: 411
Қазақстанның темір ханшайымы

Қазақстанның темір ханшайымы

Қазақстандық  белгілі  триатлоншы,  елімізден  шыққан тұңғыш  Айронмен  (Ironman)  және тұңғыш  Ультрамен (Ultraman)  Әнел  Сытдықованың есімі  әлемнің  түкпір-түкпіріндегі  спортсүйер  қауымға  жақсы  таныс.  Даңқты додаларда қазақтың  көк  байрағын  жер  жаһанға паш етіп жүрген спортшы  қыздың  туған жері  Батыс  Қазақстан облысының  орталығы Орал  қаласы  екенін  көбі біле бермейді.  Әнелдің  ата-анасы  Әлібек  Бақтыгерейұлы мен Қанипа Маxамбетқызы  сіңлісі  Әсел  екеуін  кішкентайынан спортқа  баулыған.  Үздік білім  көрсеткішімен  қатар, спортты  жандарына  серік  етуін  талап  етіп, жан-жақты  тұлға  болып  қалыптасуына  баса  көңіл  бөлген. Әнел  жастайынан  суда  жүзу  мен   велосипед  тебуге құмар  болған  екен.  Өсе  келе,  осы  спорт  түрлерімен  арнайы  шұғылданғанды  жөн  көрген,  кейін жүгіру спорты қосылған.

 

Спортшы   жерлесіміздің  спорт­тағы  жеңістері   туралы қызықты  фильм  түсіруге немесе  кі­тап  жазуға  болады. Әнел  Сытды­қова – «Қазақстанның  темір ханшайымы»  аталымының бірнеше  дүркін  иегері, Қазақстаннан  шыққан тұңғыш  Айронмен  жә­не тұңғыш  Ультрамен  ТМД аума­ғында  бұрын-соңды мұндай  же­тістікке  еш­кім  қол  жеткізбеген.

Туған қаласы Оралда орта мектепті, Алма­ты қаласында универси­тетті үздік тәмам­да­ған Әнел Англиядағы әйгілі Кем­бридж университетінде бі­лімін шыңдаған. Жайықта туып-
өскен қарапайым қазақ қызы бү­гінде әлемнің ең мықты триат­лоншыларының қатарында. Жұ­байы Нұрлан екеуі үш ұл тәр­биелеп отыр. Ұлдары да спортқа жақын, Оксфорд мектебінде тәлім алады.

Спортшы жерлесіміздің спорт­тағы жеңістері туралы қызық­ты фильм түсіруге немесе кі­тап жазуға болады. Әнел Сытды­қова – «Қазақстанның темір ханшайымы» аталымының бірнеше дүркін иегері, Қазақстаннан шыққан тұңғыш Айронмен жә­не тұңғыш Ультрамен ТМД аума­ғында бұрын-соңды мұндай же­тістікке  ешкім  қол  жеткізбеген.

Кез келген жеңіске жету үшін тынымсыз ізденіс, мықты ерік-жігер, ең бастысы, қажырлы ең­бек қажет. Әнел Сытдықоваға бар­лық қиындыққа мойымай, жеңіске деген құлшыныспен ал­­ға ұмтылуға ата-анасы, отбасы мен достарының пейілі мен жүйелі шынайы қолдауы себепкер  болған.

Швейцария, Малайзия, Нидерланды және Канада елдерінде триатлонның барлық қыр-
сырын меңгеріп, қатысқан ха­лықаралық жарыстарының бә­рінде жүлделі орындарға ие бо­­лып отырған. Канадада 2 мәр­­те Айронмен (Ironman) атан­ған. Ол дегеніңіз тоқтамастан 5 км жүзу, 180 шақырым велосипед тебу, оған қоса 42 шақы­рым жаяу жүгі­ру. Алғашқыда
Әнелдің марафонды өтіп шығу уақыты 16 са­ғат болса, тәжі­ри­бесі мен ше­бер­лігінің арқа­-
сын­да 14 сағат­қа қыс­қартқан. Ультрамен (Ul­tra­man) атағын ба­­ғындыру үшін жарыстың бірінші күні тоқ­та­мастан 10 км суда жүзіп, су­дан шығысымен велосипедпен 145 шақырым жүріп өтеді. Ал екінші күні 12 са­ғаттың ішінде велосипедпен 275 ша­-
­қырым қашықтықты бағынды­рады. Осылайша Әнел Сыт­ды­қова екі күнде велосипедпен барлығы 420.2 шақырым жү­ріп өтеді. Үшінші күні 84.3 ша­-
қырым жаяу жүгіреді. Дүние­жүзінде он екі Ультрамен (Ultraman) болса, соның үшеуі әйел адам, сол үшеудің  бірі – біздің  Әнел!

2016 жылы 38 жасар қазақ­тың қайсар қызы Ұлыбри­та­ния­ның оңтүстік жағалауынан Францияның солтүстік жағала­уына дейін созылып, Атлант мұ­xиты мен Солтүстік теңізін қо­-
сып жатқан әлемге әйгілі Ла-Манш бұғазын тоқтамастан жү­­зіп өтуге бел байлайды. Ла-
Манш бұғазының жалпы ұзын­дығы – 560 шақырым. Баты­сында ені 240 шақырым болса, шығысын­дағы ені – 33.1 шақы­рым. Ең терең жері – 147 метр, ал  орташа  тереңдігі – 63 метр.

Бұл үлкен сынаққа Әнел Сыт­дықова «Қазақстандық география қо­ғамы» қоғамдық бірлестігі­нің мұрындық болуымен өте тыңғылықты дайындалды. Ере­же бойынша Әнелге небәрі 15-17 градус жылы суда тоқта­мастан 33.5 шақырым, арнайы жүзу киімінсіз (гидрокостюмсіз) жү­зіп шығу керек еді. Спортшыда тек көзілдірік, бас киім, жүзу киі­мі болады. Тіпті қасында уа­қыт санап жүзіп келе жатқан төрешілердің қайығына сауса­ғының ұшын да тигізуге болмайды. «Ең қорқынышты қа­шық­тық» деген атпен танымал қарт  Ла-Манш өзінің орасан үлкен толқындарымен, күшті желімен, жойқын ағыстарымен буыр­қанып тулап жатты.

Сонымен көптен күткен та­ри­xи сәт те келіп жетті. Ауа райы­ның қолайсыздығынан су­-
дың толқыны күшейіп, бет қа­ратпай тұрды. Уақыттың өтіп жатқанына байланысты ереже
бойынша Әнелге жарысты бас­­тау керек немесе жарыстан бас тартуы керек еді. Бірақ «Ше­­шінген судан тайынбас» деп атам қазақ айтқандай, қазақ­тың қайсар қызы ұлтының намысы, еліміздің абыройы үшін Ұлыбританияның жағалауынан суға секіре жөнелді. Бұл 6 мау­сым, түнгі сағат үштің кезі бо­латын. Тас қараңғы түнде қа­йық­тағы төрешілердің түсір­ген шамының жарығымен батыр да ержүрек қазақ қызы Ла-Манш­тың толқындарының арасына еніп жағадан ұзай бастайды. Таң қылаң бере бастаған сәтте арада 3 сағаттан аса уақыт өткен­де қарт Ла-Манш толқыны мен ағысын бұрынғыдан да күшей­тіп, қазақ қызының қарқынын бәсеңдетіп тастады. Өкінішке орай, сол жерден Әнелге жарысты тоқтатуға тура келді. Бірақ намысты қолдан берме­ген қазақтың қайсар қызы ал­дағы уақытта дайындалып, та­ғы бір мәрте бағын сынап кө­ретіндігін айтты.

Тариxқа үңілсек, осы Ла-Маншты мыңнан аса адам ғана жүзіп өткен екен. Әйелдер ара­-
сынан «Ең қорқынышты қа­шық­тықты» 1926 жылы аме­ри­кандық суда жүзуші, олимпиада чемпионы Гертруда Эдерле алғашқы  болып  бағындырған.

2-4 шілде күндері Әнел бас­таған қазақстандық спортшылар, атап айтсақ, «Темір ана­-
лар» командасының сапында­-ғы Әнел Сытдықова, Эльфира Дудник, Мәдина Құрманбаева, Елена Кун xалық арасында «Ең қорқынышты қашықтық» атанып кеткен экстремалды ультра-триатлонға қатысып, айды аспанға шығарды.

Лондондағы Мәрмәр арка­дан Париждегі Триумфалды ар­каға дейін созылып жатқан ара­қашықтықты «Ең қорқы­ныш­ты қашықтық» деп бекерге айтпа­са керек. Неге десеңіз, адам сенгісіз 470 шақырым қашықтықты (эстафета жүйесімен) өтіп шы­ғу кез келген спортшының қо­лынан  келе  бермесі  анық.

Марафон маршруты бойынша триатлоншы қыздарымыз Лондоннан Дуврға дейін 140 ша­қырым жүгіруі, 36 шақырым шамасында Ла-Манш бұғазын жүзіп өтуі, со­сын 290 км Парижге дейін велосипедпен жүріп өтуі тиіс болатын.

Міне, осылайша біздің батыр қыздарымыз 4 шілде күні са­ғат 11.30-дар шамасында (Париж уақытымен) әйгілі марафонды сәтті аяқтады. Команданың сы­-
нақты бағындырудағы жалпы уақыты – 56 сағат 11 минут.

Әнел Қазақстаннан келген үш құрбысының осы үлкен до­даға қатысуына тікелей атсалысып, Лондон қаласындағы барлық ұйымдастыру жұмыс­та­рын (қайықтарды жалға алу, қайықтың капитанынан бастап, төрешілер, дәрігерлер, нұсқау­шы-оқытушылар, көмекші­лер және т. б.) өз қолына алды. Әр­бір жарысқа қатысушы ұйым­-
дастыру комитетіне 8000 фунт стерлинг төлеуі тиіс. Оған қо­са жолақысы, жататын орын,
та­мақтануы тағы бар, қомақты қаражат керек. Бұрын-соңды Қазақстаннан ешкім қатыса ал­маған үлкен додаға өз қаражат­тарымен барып қатысып, еліміз­дің көк байрағын Еуропа ас­панында желбіретіп, мемлеке­ті­міз­дің мерейін тасытқан триатлоншы қыздарымызды мақтан тұтамыз.

 

Динара  ӘЛПЕЙІСОВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар