8.07.2019, 21:24
Қараулар: 304
Сабантой тойланды

Сабантой тойланды

Татар халқының Сабантой мерекесі жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойланады екен. Ал ол татар тілінен аударғанда «Жер өңдеу мерекесі» деген ұғымды білдіреді. Биыл да бұл берекелі де мерекелі тірлікті насихаттаған мейрам аталып өтілді.

Аталмыш мерекеге орай қалалық орталық саябаққа жиналған халықты құттықтаған облыс әкімінің орынбасары  Ғабидолла  Оспанқұлов бұл мейрам бар халықты ұйытып, бірлігін нығайтады деп атап өтті. Сонымен қатар ҰОС ардагері, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хамза Сафин, облыстағы «Татар мәдениет орталығы» ҚБ төрайымы Флюра Миликеева да көрерменге мерекелік лебіздерін білдірді. Дәстүрлі мейрамның көрігін қыздырып, көрермен ықыласына бөленген  қонақтардың қатарында Башқұртстан және Татарстан Республикаларының да әртістері болды. Олар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды. Шара барысында көрермендер татар халқының ұлттық тағамы  —  чак-чактан дәм татты. Бұл тағам сол халықтың қонақжайлығын, ұлт пен ұлыстар  арасындағы бірлік пен татулықты білдіреді. Сонымен қатар шара барысында сайыстар мен байқаулар, балаларға арналған «Әкият» алаңында ойындар ұйымдастырылды.

 

Ясипа  Рабаева,

«Орал  өңірі»